Кілт сөз бойынша іздеу

Семинар

Басқарушыларға арналған қаржы есептілігі

Бұл курс қаржылық есептілік, қаржылық есептерді талдау және компаниялардың капитал құрылымына қатысты негізгі тақырыптарды қамтиды. Нәтижесінде қатысушылар қаржылық есеп процесінің негізгі нәтижелерін жақсы түсінеді, компаниялардың қаржылық жағдайы мен қызметін бағалай алады және корпоративті құндылықты арттыру үшін тиімді бизнес шешімдер қабылдай алады.

financ

Басқарушыларға арналған қаржы есептілігі

Компания басқарушылары өз жұмысында жалпы пайда, операциялық цикл, таза операциялық активтер, қаржылық левередж, өтімділік, төлем қабілеттілігі сияқты қаржылық есептің тұжырымдамаларымен және терминологиясымен кездеседі. Бұл курс қаржылық есептілік, қаржылық есептерді талдау және компаниялардың капитал құрылымына қатысты негізгі тақырыптарды қамтиды. Нәтижесінде қатысушылар қаржылық есеп процесінің негізгі нәтижелерін жақсы түсінеді, компаниялардың қаржылық жағдайы мен қызметін бағалай алады және корпоративті құндылықты арттыру үшін тиімді бизнес шешімдер қабылдай алады.

Күні: 2021 жылдың 21-24 сәуірі

Құны: 210 000 теңге

31 наурызға дейін төлеп, 40% дейін жеңілдік алуға мүмкіндікті жіберіп алма! Толық ақпаратты менеджерден сұраңыз.

Бағдарлама қаржылық есептілік терминологиясын және төрт негізгі қаржылық есептілікті талдаудан бастайды: қаржылық жағдай туралы есеп (баланс), табыстар мен шығындар туралы есеп (кіріс туралы есеп), меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп және ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп. Бұдан әрі бағдарлама қаржылық есептілікті тәжірибелі қолданушылар фирманың кірістілігін, тиімділігі мен тәуекелін талдау үшін қолданатын негізгі құралдарды ұсынады.
Халықаралық және жергілікті компаниялардың мысалының негізінде (Air Astana, Халық банкі, Қазақтелеком, RG Brands) әр түрлі құралдар қолданылады және капитал құрылымын таңдау кезінде компаниялар жиі жіберетін қателер талқыланады.


Семинардың форматы
Интерактивті онлайн-сессия, топтық тапсырмалар, жергілікті және халықаралық компанияларға негізделген қаржылық есептілікті талдаудан тұратын 4-күндік бағдарлама

Кімге арналған?

Қаржы саласына жатпайтын басқарушылық лауазымдардағы мамандар (жалпы менеджерлер, инженерлік-техникалық қызметкерлер, маркетологтар және т.б.)

Жақында қаржылық лауазымдарға тағайындалған, бірақ қаржылық салада жеткілікті тәжибесі жоқ мамандар

Қаржы / бухгалтерлік есеп саласында бұрынғы білімін жаңартқысы келетін басшылар

Күрделі қаржылық талдаулар негізінде инвестициялық шешімдер қабылдағысы келетін инвесторлар

Оқу натижелері

Төрт негізгі қаржылық есептілікті және олардың арасындағы қатынастарды сипаттау және түсіну

Компанияның пайдалылығын, тиімділігін және тәуекелдерін талдау

Жақсартылған құндылықты құру үшін жетілдірудің негізгі бағыттарын анықтау

Қаржы мамандарымен өзара әрекеттесу және сындарлы пікірталастар жүргізу

Негізгі қаржылық және бухгалтерлік қателіктерді түсіну

Оқытушы

Дорон Израэли

PhD, Қауымдастырылған профессор

PhD (Бизнес әкімшілік) және Магистр (Статистика), Стэнфорд университеті
Бакалавр, Экономика, есеп және менеджмент, Тель-Авив университеті (үздік)


Өзінің ғылыми зерттеулерінде профессор Израэли капитал нарықтарында қаржылық есептіліктің рөлін зерттейді, сондай-ақ капитал нарықтарында “үйкеліс” және акциялардың баға белгілеу тиімділігі мен корпоративтік инвестициялық саясатқа адами когнитивті шектеулердің әсерін қарастырады.
Профессор Израэлидің корпоративтік әлемде үлкен тәжірибесі бар. Ол сертификатталған аудитор (CPA, Израиль) болып табылады. Стэнфорд университетінде оқуға дейін ол Израильдің бағалы қағаздар жөніндегі басқармасының Корпоративтік қаржы бөлімінде (ISA) және Ernst & Young (Израиль) кәсіптік тәжірибе департаментінде жұмыс істеді.

Профессор Израэли бухгалтерлік есеп, эконометрика және қаржы пәндерінен сабақ береді.

Doron

Бағдарлама кестесі

Сессия 1

Танысу

15:00-15:15

Қаржылық есепке кіріспе

15:15-16:20

Үзіліс

16:20-16:40

Қаржылық есептіліктің негізгі төрт құжаты

16:40-18:00

Үзіліс

18:00-18:20

Қаржылық есептіліктің негізгі төрт құжаты (жалғасы)

18:20-19:00

Сессия 2

Қаржылық есептіліктің негізгі құжаттарының өзара байланысы

15:00-16:20

Үзіліс

16:20-16:40

Қаржылық есепті талдауға кіріспе

16:40-18:00

Үзіліс

18:00-18:20

DuPont моделі: меншікті капиталдың қайтарымы

18:20-19:00

Сессия 3

DuPont моделі: меншікті капиталдың қайтарымы (жалғасы)

15:00-16:20

Үзіліс

16:20-16:40

Қаржылық есептілікті операциялық тұрғыдан талдау (1-бөлім)

16:40-18:00

Үзіліс

18:00-18:20

Қаржылық есептілікті операциялық тұрғыдан талдау (1-бөлім) (жалғасы)

18:20-19:00

Сессия 4

Қаржылық есептілікті операциялық тұрғыдан талдау (2-бөлім)

10:00-11:20

Үзіліс

11:20-11:40

Компанияның тәуекелдерін талдау

11:40-13:00

Үзіліс

13:00-13:20

Қорытынды топтық тапсырма

13:20-14:00

Айгуль Жалымбетова

Басқарушыларға арналған қаржы есептілігі

Пікірлер

Семинар өте пайдалы болды. Ақпарат көп. Барлық ақпаратты қолданамын деп үміттенемін.

Айгуль Жалымбетова

Басқарушыларға арналған қаржы есептілігі

Тогжан Адилжанова

Басқарушыларға арналған қаржы есептілігі

Пікірлер

Осындай пайдалы семинар үшін рахмет. Мен өте ризамын. Тренинг соншалықты ерекше болды. Қатысқаныма өкінбедім. Көп рахмет! Сізге алғыс білдіретін және тұрақты қатысушыларды тілеймін.

Тогжан Адилжанова

Басқарушыларға арналған қаржы есептілігі





Бізбен байланысу үшін:

БАРЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАРДЫ ҚАРАУ

Ермагамбетова Гульнар

Менеджер

+7 (7172) 70 64 60

gsb.exed@nu.edu.kz

Оспанова Бакыт

Аға менеджер

+7 (7172) 69 45 74

bakyt.ospanova@nu.edu.kz