Кілт сөз бойынша іздеу

Семинар

Адамдарды және команданы басқару

Бұл семинар ұжымдық және жеке деңгейде басқарудың негізгі мәселелерін қамтиды. Бағдарлама менеджерлерге тиімді бизнес шешім қабылдау үшін қажет дағдыларды дамытуға бағытталған.

teams

Адамдарды және команданы басқару

Егер сіз «Мен бастық немесе топ жетекшісі ретінде қалай тиімді бола аламын?», «Команданы қалай ынталандыру керек?» немесе «Командадағы адамдар қалай дұрыс және тиімді шешім қабылдай алады?» деген сұрақтарды өзіңізге қойған болсаңыз, бұл курс сізге арналған. Заманауи зерттеулер мен тәжірибеге негізделген курс тиімді командалық жұмыс және адамдарды басқару туралы түсінікті жеңілдетуге арналған. Біз мотивация, өкілеттік, шешім қабылдау және команданы дамыту сияқты басқарудың негізгі тұжырымдамаларын қарастырамыз.

Курс интерактивті форматта өтеді және қатысушылардың белсенді қатысуын талап етеді. Сабақ барысында қысқа дәрістер, сыныптағы бірлескен жаттығулар, презентациялар және шағын кейстерді талқылау қолданылады. Курс соңында қатысушылар өздерінің жеке және командалық тиімділігін арттыру үшін пайдалы тұжырымдамалар, тәсілдер мен стратегиялар жиынтығымен таныс болады. Бұл құралдар қатысушыларға ұйым ішінде тиімді «жоғары (бастық)», «төмен (бағынышты)», «көлденең бойынша (әріптестер)» басқаруға мүмкіндік береді.

Қашан: 2021 жылдың 11-21 қазаны

Құны: 195 000 теңге

Форматы: Онлайн (Live Virtual форматы, Zоом арқылы)


Кімге арналған?

Басшылар, жоғары буын басшылары, HR-қызметкерлері және түрлі деңгейдегі мамандар.

Оқу натижелері

Жеке қызметкерлерді де, ұйым ішіндегі командаларды да тиімді басқаруға байланысты негізгі ұғымдарды түсінеді

Жеке және топтық шешім қабылдаудың күшті және әлсіз жақтарын түсінеді

Өз командасының даму кезеңін анықтайды

Команданың тиімділігін арттыру үшін ұжымда ойнай алатын рөлдердің түрлерін түсінеді

Оқытушы

Онаджомо Акему

Ассистент Профессор Назарбаев Университеті Жоғары бизнес мектебі

PhD, Менеджмент және кәсіпкерлік, Роттердам менеджмент мектебі
МВА, Лондон бизнес мектебі
M.Sc, Мұнай-газ инжинирингі, Лондон Империялық колледжі


Доктор Акемудың ғылыми және педагогикалық қызметі дамып келе жатқан кәсіпорындарда шешім қабылдау және стратегияны жүзеге асыру, ұйымдарда сапа әдістемесі мен басқару тиімділігін арттыру мәселелеріне бағытталған.

Аспирантураға дейін доктор Онаджомо Акему мұнай-газ секторында жұмыс атқарган және Нидерланды елінде істерін енді бастаған кәсіпкерлерге кеңес берген.

Ona

Бағдарлама кестесі

Сессия 1

Сессия 2

Сессия 3

Сессия 4

Сессия 5

Сессия 6

Онаджомо Акему

Курс интерактивті форматта өтеді және қатысушылардың белсенді қатысуын талап етеді. Сабақ барысында қысқа дәрістер, сыныптағы бірлескен жаттығулар, презентациялар және шағын кейстерді талқылау қолданылады. Курс соңында қатысушылар өздерінің жеке және командалық тиімділігін арттыру үшін пайдалы тұжырымдамалар, тәсілдер мен стратегиялар жиынтығымен таныс болады.

YOUTUBE АРНАСЫНА КІРІҢІЗ



Бізбен байланысу үшін:

БАРЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАРДЫ ҚАРАУ

Анара Аяганова

Директор по программе обучения руководящих работников

+7 (7172) 70 91 76

gsb.exed@nu.edu.kz

Гульнар Ермагамбетова

Менеджер

+7 (7172) 70 64 60

gulnar.yermagambetova@nu.edu.kz