Кілт сөз бойынша іздеу

Корпоративтік бағдарламалар

Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебінің (НУ ЖБМ) менеджерлер мен орта буын менеджерлерінің білімдерін жетілдіру және біліктіліктерін арттыру бойынша мамандандырылған қысқа мерзімді бағдарламалары.

Корпоративтік бағдарламалар

Назарбаев Университеті Бизнес Жоғары мектебінің (НУ БЖМ) мамандандырылған қысқа мерзімді бағдарламалары – бұл компаниялр үшін жаңа білім алудың және жетекшілер мен орта буындағы менеджерлердің дағдыларын жетілдірудің бірегей мүмкіндігі. Бағдарламалардың мазмұны заманауи бизнес-ортаның ерекшеліктері мен табысты халықаралық компаниялардың тәжірибесін ескере отырып, қатысушылардың қажеттіліктеріне байланысты әзірленеді. Бағдарламаларды білікті оқытушылар мен бизнес-көшбасшылар өткізеді.

Артықшылықтары

Курстың бағдарламасын нақты компанияның қажеттіліктеріне негізделе отырып әзірлеу;

Нақты компаниялар үшін қызықты мысалдар мен бизнес-кейстерді табу;

Мамандандырылған қысқа мерзімді бағдарламалардың оқытушыларының жоғары дәрежесі;

Бір компанияның қызметкерлерінен тұратын топта оқытудың ыңғайлығы.

Кезеңдері

01.Тұтынушыларды бағалау.

Оқу бағыттарын және компанияның басым қажеттіліктерін (алдағы оқудың саласы, нақты тақырыптары, ерекше қажеттіліктері, оқытушылардың тәжірибесіне қойылатын талаптар және т.б.) анықтау үшін компаниялардың өкілдері НУ БЖМ-мен байланысады.

02.Команданы қалыптастыру.

Қысқа мерзімді бағдарламаларды ұйымдастыру жөніндегі НУ БЖМ командасы Назарбаев Университетінің профессорлық-оқытушылық құрамының арасынан немесе қажет болса, одан тыс оқытушылар арасынан осы курсты өткізу үшін сай келетін білікті оқытушыны және/немесе бизнес-көшбасшыны іздейді. Сондай-ақ осы кезеңге бағдарламаның бюджетін құрастыру кіреді. Мамандандырылған бағдарламалар клиент үшін арнайы жасалатындықтан, бұл бағдарламалардың құны ашық тіркелетін бағдарламалардың құнынан жоғары.

03.Бағларламаны әзірлеу және бюджетті құрастыру.

Тапсырыс берушіге келісу үшін алдын-ала бағдарлама жіберіледі, оны бекіткеннен кейін оқу жоспары әзірленеді және материалдар дайындалады.

04.Бағдарламаны өткізу.

Осы кезеңде клиентті оқыту үдерісі жүргізіледі. Үйлесімді және кәсіби оқыту үдерісін қамтамасыз ету үшін осы кезең барысында НУ БЖМ командасы қатысушыларға бағдарлама бойы толық қолдау көрсетеді.

Айгүл Жалымбетова

Пікірлер

Қаржыгер емес ұйымдардың қаржылық есебін талдау

Семинар өте ауқымды және пайдалы болды. Ақпараттың көлемі өте үлкен. Мен барлық алынған ақпаратты пайдаланамын деп үміттенемін.

Айгүл Жалымбетова

Тоғжан Әділжанова

Пікірлер

Қаржыгер емес ұйымдардың қаржылық есебін талдау

Осындай пайдалы семинар үшін рақмет. Өте ризамын. Оқу өте ерекше болды. Мен мүлде өкінбедім. Үлкен рақмет! Сізге риза болатын және тұрақты қатысушылар тілеймін.

Тоғжан Әділжанова

Мария Полковникова

Пікірлер

Стратегиялық маркетинг

Семинардың бағдарламасы тамаша. Маған көптеген стратегиялық кейстер мен жаттығулардың бір бөлігі ұнады. Мен B2B сегментіне назар аударып, іс-шаралар индустриясы туралы көбірек ақпарат алғым келеді. Спикерлерге материалды қызықты әрі түсінікті баяндағаны және егжей-тегжейлі пікірлері үшін үлкен рақмет. Сәттілік!

Мария Полковникова

Сәуле Мурзина

Пікірлер

Бизнестегі стратегиялық болжам

Осы семинарға қатысуға мүмкіндік бергеніңіз үшін рахмет! Алынған барлық ақпарат кәсіби және жеке өмірде қолданылады. Көптеген идеялар дүниеге келді, тың нәрселер ашылды.

Сәуле Мурзина

Виталий Гнедков

Пікірлер

Бизнестегі стратегиялық болжам

Семинар өз бизнесін сырттан қарауға, күшті және әлсіз жақтарын көруге мүмкіндік берді. Екінші маңызды мәселе – бұдан былай бизнес-модельдерді әзірлеу кезінде біз сыртқы факторларды ескереміз.

Виталий Гнедков

Стратегиялық серіктестер

Соңғы видео

«Бизнестегі стратегиялық көзқарас»

2018 жылдың 24-25 мамырында ГСБНУ-да өткізілген «Бизнестегі стратегиялық көзқарас» семинарының қатысушысы Абелдинова Корлан өз әсерімен бөлісті.

YOUTUBE АРНАСЫНА КІРІҢІЗ

Соңғы видео

«Бизнестегі стратегиялық көзқарас»

«Бизнес саласындағы стратегиялық көзқарас» семинарының қатысушысы Дмитрий Филипов өз пікірімен бөлісті.

YOUTUBE АРНАСЫНА КІРІҢІЗ

Соңғы видео

«Менеджерлерге арналған қаржылық есеп беру»

Константин Нигай, «Менеджерлерге арналған қаржылық есеп беру» тренингінің қатысушысы тренингтен алған әсерімен бөлісті.

YOUTUBE АРНАСЫНА КІРІҢІЗ

Соңғы видео

«Менеджерлерге арналған қаржылық есеп беру»

Константин Нигай, «Менеджерлерге арналған қаржылық есеп беру» тренингінің қатысушысы тренингтен алған әсерімен бөлісті.

YOUTUBE АРНАСЫНА КІРІҢІЗ

Robert Rosenfeld, Duke CE

Профессор Роберт Розенфельд Назарбаев Университеті Жоғары бизнес мектебінің шақырылған профессоры болып табылады. 2011 жылдан бастап ол басқа әріптестерімен бірге НУ Жоғары бизнес мектебінің «Шағын және орта бизнестің топ-менеджментін оқыту» атты ұзақ мерзімді бағдарламасы бойынша кәсіпкерлерді оқытады. Сонымен қатар ол Duke Corporate Education және басқа да танымал халықаралық ұйымдармен бірге әлемдегі көптеген корпоративті оқыту бағдарламаларын әзірлейді және жүзеге асырады. Бұл бейнежазбада Роберт өзінің бизнес-тренер ретіндегі 25 жылдан астам тәжірибесіне сүйене отырып, корпоративті оқытудың өзектілігі мен ықпалы туралы ойымен бөліседі.

YOUTUBE АРНАСЫНА КІРІҢІЗ

Chet Borucki, Professor of Strategy and Management at NU GSB explains benefits of Executive Education

Chet Borucki, Professor of Strategy and Management at NU GSB explains benefits of Executive Education, and addresses the following questions: "Executive Education at NUGSB" by Chet Borucki (ENG) - Purpose of the Executive Education? - Why is it important to invest in personnel? - What impact does Exec Ed have on career development or performance of the staff? - What areas of development in ExecEd are always in demand?

YOUTUBE АРНАСЫНА КІРІҢІЗ

Бізбен байланысу үшін:

БАРЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАРДЫ ҚАРАУ

Ермагамбетова Гульнар

Менеджер

+7 (7172) 70 64 60

gsb.exed@nu.edu.kz

Оспанова Бакыт

Старший менеджер

+7 (7172) 69 45 74

bakyt.ospanova@nu.edu.kz