Кілт сөз бойынша іздеу

МВА бағдарламасы

Жетекшілерге арналған МВА бағдарламасы (EMBA) әртүрлі салалардағы кәсіпқойларды біріктіре отырып, бірегей оқу ортасын ұсынады. Оқыту орыс тіліне синхрондық аудару арқылы ағылшын тілінде жүргізіледі.

9c59dddc01e8f65123a631a5d26095b4

Оқуға қабылдау талаптары

Оқуға қалай түсуге болады?

  1. Admissions.nu.edu.kz сайтында тіркеліп, өз аккаунтыңызды құрыңыз және онлайн режимінде өтініш толтырыңыз;
  2. ALEKS тестін және жеке сұхбаттан өтіңіз;
  3. Құжаттар мен өтінішті сайтында жіберіңіз;
  4. Қабылдау комиссиясының шешімін алыңыз!
Онлайн-кеңес

Өтінімдерді қабылдау мерзімі


Тіркеу шарттары

Ерте мерзімі

Қалыпты мерзім

Кеш мерзімі

Тіркеу күндері

1 Сәуір 2021

11 Мамыр 2021

26 Қараша 2021

Қабылдау талаптары

ЕМВА бағдарламасының үміткерлеріне қойылатын талаптар: 1. Ұлттық компанияларда, коммерциялық құрылымдарда, мемлекеттік мекемелерде, қоғамдық немесе халықаралық ұйымдарда басшы лауазымдарда жұмыс тәжірибесі болуы тиіс. 2. Бакалавр және/немесе магистр дәрежесінің берілгендігі туралы дипломдар (немесе оларға барабар құжаттар). Үміткерлер келесі құжаттарды ұсынулары тиіс:


Үміткердің жеке парағында http://admissions.nu.edu.kz орналасқан нысанға сәйкес ағылшын тіліндегі (немесе ағылшын тіліндегі аудармасы қоса берілген) екі құпия ұсыныс хат. Ұсыныс хаттың бірі қазіргі кездегі немесе бұрынғы жұмыс берушісінен болуы тиіс. Ал екінші рецензентті үміткер өз қалауы бойынша таңдап алады;


Ағылшын тілінде 2 эссе (эссе сұрақтары өтініш нысанында келтірілген);


EMBA бағдарламасы бойынша қызметкердің оқу төлемін қамтамасыз ету, сондай­ақ оны оқытуға келісімі туралы қазіргі кездегі жұмыс берушіден ағылшын тілінде (немесе ағылшын тіліндегі аудармасы қоса берілген) міндеттеме хат.


Түйіндеме ағылшын тілінде (бір беттен аспайтын);


Академиялық үлгерімі, оның ішінде ағылшын тіліне нотариалды куәландырылған аудармасы бар бакалавр және/магистр дипломының нотариалды куәландырылған көшірмесі. Шетелдік оқу орнынан диплом алған үміткерлер академиялық үлгерімі туралы көшірме үзіндіні өздері емес, оқу орны арқылы тікелей Жоғары бизнес мектебіне жібереді;


Дегенмен, кейбір үміткерлердің IELTS немесе TOEFL ұпайлары төмен болғанымен, ЕМВА бағдарламасына зор үлес қосу мүмкін. Сондықтан, Қабылдау комиссиясы ағылшын деңгейі төмен үміткерлерді жеке қарастыруы мүмкін. Осындай үміткерлерге көмек ретінде сабақты синхронды аударуы жүргізіліп және оқу материалдары орыс тіліне аударылады.

Әр емтихан бойынша ең төменгі өту балдары: TOEFL РВТ – 575,СBT-232 TOEFL ІВТ – 90, IELTS – 6.5 (әр секция бойынша 6.0 кем емес);


Үміткердің жеке куәлігінің немесе паспортының нотариалды куәландырылған көшірмесі (ағылшын тіліне нотариалды куәландырылған аудармасымен);


Үміткердің нотариалды куәландырылған еңбек кітапшасының (немесе оған балама құжаттың) ағылшын тіліне нотариалды куәландырылған аудармасы бар көшірмесі.


  • Үміткерлер Қабылдау комиссиясы мүшелерімен әңгімелесуге шақырылатын болады. Қабылдау комиссиясы үміткерлердің математикалық қабілетін бағалау мақсатында қосымша әңгімелесуге шақыруға құқылы;
  • Құжаттардың толық топтамасын ұсыну үміткердің ЕМВА бағдарламасына түсуіне кепілдік бермейді.
  • Әрбір үміткер Университеттің http://admissions.nu.edu.kz ресми сайтында ағылшын тіліндегі онлайн­нысанды толтыруы тиіс.
  • Құжаттардың барлық түпнұсқалары мына мекенжайға жіберілуі тиіс: Жоғары бизнес мектебінің Қабылдау комиссиясы, Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғ., 53.

Жиі қойылатын сұрақтар


Сіздің қызметкер сабақтарға демалыс күндері ғана келетін болады, сондай­ақ ол АҚШ­та толық курстан өтуі тиіс, осыған қарамастан ол оқу мерзімі аяқталған соң алған білімін өз қызметінде дереу қолдана алады. Сондықтан білім беруге түскен инвестициялардан барынша пайда алу мақсатында жұмыс берушілерден бағдарламаны дұрыс қабылдауды сұраймыз.


ЕМВА бағдарламасының тыңдаушылары бағдарламаны тәмамдаған соң алған білімдері мен дағдыларын іс жүзінде қолдана алады. Бұған дипломдық жоба бойынша жұмыс та ынталандыратын болады, оның тақырыбы тыңдаушының қызмет саласына сәйкес болуы тиіс.
Демек, нақты тыңдаушыны оқыту бағдарламасы жұмыс берушінің қажеттіліктерін ескере отырып әзірленеді.


Бағдарлама бойынша оқыту біршама уақытты, сондай­ақ күш қуатты талап етеді. Тыңдаушылар өздерінің жеке және кәсіби міндеттері мен күрделі оқу бағдарламаның арасындағы теңгерімді табулары қажет.
Тыңдаушылар өз уақытының көп бөлігін сабақтарға бөлуге тиіс. Бұл ретте әрбір тыңдаушы өз уақытын өз бетінше өткізеді: кейбіреулері күн сайын бірнеше сағаттан оқыса, қайсы біреулері тек демалыс күндері ғана сабақ оқумен айналысады. Өзіңізге лайық режимді тауып алу өте маңызды. Отбасынан және
әріптестерінен қолдау табу табыс кілті болып табылады.
Кейбір компаниялар қызметкерлерге қосымша қолдау көрсете отырып, оның жұмыс жүктемесін азайтады. Алайда іс жүзінде бағдарламаның тыңдаушылары өздерінің кәсіби міндеттерінен бас тартпайды.

БАРЛЫҒЫ
emba_acad (1)

Үміткерлерге кеңес

Үміткерлерге арналған кеңестеріміз бен нұсқауларымызды оқып шығыңыз.

Қосымша ақпарат