Кілт сөз бойынша іздеу

МВА бағдарламасы

Жетекшілерге арналған МВА бағдарламасы (EMBA) әртүрлі салалардағы кәсіпқойларды біріктіре отырып, бірегей оқу ортасын ұсынады. Оқыту орыс тіліне синхрондық аудару арқылы ағылшын тілінде жүргізіледі.

Жиі қойылатын сұрақтар


Сіздің қызметкер сабақтарға демалыс күндері ғана келетін болады, сондай­ақ ол АҚШ­та толық курстан өтуі тиіс, осыған қарамастан ол оқу мерзімі аяқталған соң алған білімін өз қызметінде дереу қолдана алады. Сондықтан білім беруге түскен инвестициялардан барынша пайда алу мақсатында жұмыс берушілерден бағдарламаны дұрыс қабылдауды сұраймыз.


ЕМВА бағдарламасының тыңдаушылары бағдарламаны тәмамдаған соң алған білімдері мен дағдыларын іс жүзінде қолдана алады. Бұған дипломдық жоба бойынша жұмыс та ынталандыратын болады, оның тақырыбы тыңдаушының қызмет саласына сәйкес болуы тиіс.
Демек, нақты тыңдаушыны оқыту бағдарламасы жұмыс берушінің қажеттіліктерін ескере отырып әзірленеді.


Бағдарлама бойынша оқыту біршама уақытты, сондай­ақ күш қуатты талап етеді. Тыңдаушылар өздерінің жеке және кәсіби міндеттері мен күрделі оқу бағдарламаның арасындағы теңгерімді табулары қажет.
Тыңдаушылар өз уақытының көп бөлігін сабақтарға бөлуге тиіс. Бұл ретте әрбір тыңдаушы өз уақытын өз бетінше өткізеді: кейбіреулері күн сайын бірнеше сағаттан оқыса, қайсы біреулері тек демалыс күндері ғана сабақ оқумен айналысады. Өзіңізге лайық режимді тауып алу өте маңызды. Отбасынан және
әріптестерінен қолдау табу табыс кілті болып табылады.
Кейбір компаниялар қызметкерлерге қосымша қолдау көрсете отырып, оның жұмыс жүктемесін азайтады. Алайда іс жүзінде бағдарламаның тыңдаушылары өздерінің кәсіби міндеттерінен бас тартпайды.


Бағдарлама 12 негізгі, 3 таңдау курстарынан және 1 дипломдық жоба жұмысынан тұрады. Міндетті курстар шеңберінде қаржы, маркетинг, стратегия, бухгалтерлік есеп және көшбасшылық сияқты ету бизнес саласындағы негізгі пәндер оқытылады. Таңдау бойынша курстар ЕМВА бағдарламасының тыңдаушыларына кәсіпкерлік, инвестициялар, келіссөздер жүргізу, есепке алу сияқты салаларда алған білімдерін арттыруға мүмкіндік береді. Дипломдық жоба бойынша жұмыс тыңдаушыдан оқу барысында алған білімі мен дағдыларын кәсіби тұрғыда пайдалануды талап етеді.


Осы бағдарламада жетістікке жету үшін математикалық қабілеттіліктің жоғары деңгейі талап етіледі, алайда бір ғана математикалық деңгейдің жоғары болуы жеткіліксіз. Бағдарлама талабы студенттердің әлемдік бизнес ортада бүгінгі таңда қажет болатын көшбасшылық, басқарушылық және басқа да математикалық дағдыларын пайдалана білуі болып табылады.


Иә, барлық курстарға қатысу міндетті болып табылады. Осы бағдарлама Сіздің өз курстастарыңызбен оқу жоспарын бірлесіп орындауды талап етеді. Қандай да бір салада жұмыс тәжірибесі бар бағдарламаның әрбір тыңдаушысы оқу процесіне өзінің мәнді үлесін қоса алады.


НУ Жоғары бизнес мектебінің ЕМВА бағдарламасы өте ауқымды және оқу процесіне ерекше зейінмен қарауды талап етеді. Студент Астана қаласының тұрғыны болса да, ол Университет кампусының аумағында тұруы тиіс.


ЕМВА бағдарламасының бастапқы сатысында бейімделу аптасы өткізіледі,оның шеңберінде компьютерлік сауаттылықтың қысқаша курсы оқытылады. ЕМВА тыңдаушыларының көпшілігі мәтінді электронды редакциялау, электрондық пошта мен интернет жүйесімен таныс, алайда электрондық кестелерді, электронды хабарлама тақталарын және басқа да электронды құралдарды еркін пайдалана алмайды. Microsoft ­ Excel, Word, PowerPoint бағдарламалары сияқты компьютерлік негізгі дағдыларының болуы табысқа жетудің жолы болып табылады.


Бағдарламаның әрбір тыңдаушысында Интернет жүйесіне қосылған сенімді ноутбук болуы тиіс. Осы талап бағдарламаны табысты меңгеру үшін міндетті болып табылады. Сіз бағдарламаға қабылданған жағдайда компьютер мен қажетті бағдарламалық қамтамасыз ету туралы толық ақпаратты алатын боласыз.


Жоғары бизнес мектебінің EMBA бағдарламасы ағылшынша болатын бағдарлама. Дегенмен, ағылшын деңгейі төмен үміткерлерге көмек ретінде сабақты синхронды аударуы жүргізіліп және оқу материалдары орыс тіліне аударылады.Ағылшын деңгейі төмен үміткерлер қатысуға рұхсат берілгенмен, сабақтың басты қолданыстағы тілі ағылшын тілі болып қала береді.