Кілт сөз бойынша іздеу

КЕРІ ҚАЙТУ

Чет Боруки

PhD, University of Michigan Business School, Стратегия және Менеджмент Профессор

ҒЫЛЫМИ МҮДДЕЛЕР

Стратегия / Менеджмент

ОҚЫТУ АЙМАҒЫ

Өзгерістерді басқару, Стратегия, Бизнес моделін дамыту, Халықаралық менеджмент, Табысты ұйымдар

Байланыс құралдары

Назарбаев Университеті Жоғары Бизнес Мектебі 6004 кабинет Email: chet.borucki@nu.edu.kz


Чет Боруки Назарбаев Университетінің Жоғары Бизнес Мектебіне стратегия және менеджмент профессоры. Ол философия докторы (PhD) дәрежесін Мичиган Университетінің бизнес мектебінде ұйымдық қылық және адам ресурстарын басқару саласында 1989 жылы алған. Оның ұйымдық психология саласындағы магистр дәрежесі (Мичиган Университеті, 1984), бизнесті басқару саласындағы магистр дәрежесі (Массачусетс Университеті, 1978) және психология саласындағы бакалавр дәрежесі (Массачусетс Университеті, 1975) бар. Бұрын ол Tias Nimbas бизнес мектебінде деканның орынбасары және МВА бағдарламаларының академиялық директоры лауазымдарын атқарды. Сондай-ақ ол Жапонияның Темпл Университетінде бірнеше жыл EMBA бағдарламаларының директоры ретінде академиялық лауазымдарды атқарды; Жапонияның Халықаралық университеті Жоғары халықаралық менеджмент мектебінде декан болып жұмыс істеді; Сеулдің ұлттық университетінде; Nyenrode Университетінде (Нидерландтағы бизнес мектебінде) және Нью-Йорк университетінде қызмет атқарды. Ол стратегиялық басқру, өзгерістерді басқару және ұйымдарды сараптау сияқты пәндерді оқытты. Назарбаев Университетіндегі әкімшілік және академиялық лауазымдарына қосымша ретінде ол консультант, лектор, жазушы, басқаруды дамыту маманы, ұйымдық талдау, стратегияны дамыту мен жүзеге асыру,өзгерістерді және өнімділігі жоғары компанияларды басқару жөніндегі маман болып табылады.