Кілт сөз бойынша іздеу

Кәсіпкерліктің жаһандық мониторингі

Қазақстандағы экономикалық саясаттың негізгі басымдықтарының бірі кәсіпкерлікті дамыту болып табылады. Өзінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыт» халыққа жолдауында Президент елдің одан әрі экономикалық өсу үшін отандық кәсіпкерліктің маңыздылығын әділ атап өтті. Мемлекет, өз кезегінде кәсiпкерлiк ортаның бастамаларын iске асыру үшiн қолайлы жағдай жасауы және өз көмегін шағын және орта кәсiпкерлiктiң бәсекеге қабiлеттiлiгi тұрғысынан едәуір әлеуеті бар кәсіпорындарға және елдiң ғылыми-технологиялық әлеуетiн арттыруға бағыттауы тиiс.

Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебі Қазақстанның ұлттық командасы ретінде Жаһандық мониторинг жобасына қосылды. Кәсіпкерліктің жаһандық мониторинг жобасы (Global Entrepreneurship Monitor, GEM) кәсіпкерліктің ұлттық деңгейді мен ауқымдының жыл сайынғы бағалуын білдіреді. GEM – бұл кәсіпкерлік және кәсіпкерлік белсенділік туралы ақпарат жинау және ақпарат алмасу үшін әлемнің қырыққа жуық елдеріндегі университеттердің, бизнес мектептері мен зерттеу орталықтарының бірлестігі. Ол1999 жылы Babson College-бен (болашақ кәсіпкерлерді оқытуға маманданған АҚШ-тағы жеке меншік бизнес-мектеп) бірлесіп АҚШ-тың London Business School-да басталды. Қазіргі уақытта жобаға жүзден астам елдер қосылды.

Деректерді жинауды екі тексеруді қамтиды:

  • Арнайы әзірленген сауалнама көмегімен ересек халықтың еңбекке жарамдыға сұрау жүргізу (Adult Population Surveys, APS). GEM кәсіпкерлік қызмет ұйымдарына деген респонденттің қатынасын ,әр түрлі жағынан сипаттайтын сұрақтарды қамтитын сауалнаманы тексеру үшін қолданылады.
  • Кәсіпкерліктің құрылымдық жағдайларын бағалау үшін сараптамалық бағалау пайдаланылады – ұлттық сараптамалық сұхбат (National Nature Surveys, NES) – арнайы әзірленген анкета  бойынша сауалнама жүргізу және кәсіпкерлік саласындағы кәсіпкерлермен және сарапшылармен тереңдетілген сұхбат алу. Жауаптар кәсіпкерлік белсенділік пен экономикалық өсуге әсер ететін сыртқы ортаның негізгі көрсеткіштері айқындалған GEM әдістемесі ұсынған жіктелімге сәйкес 9 топқа біріктірілген.

Осындай мониторингтің ерекшелігі әр түрлі елдердегі кәсіпкерлікті түсінудегі кросс-мәдени көзқарасқа және жаһандық контекстегі кәсіпкерлік белсенділікті ақпаратпен қамтамасыз ету және өлшеуден тұрады. GEM жобасы кәсіпкерлік мәселесінде биліктің хабардар болуын арттыруға және әлемнің көптеген елдерінде кәсіпкерлікті дамытуға қатысты олардың саясатын түзетуге көмектеседі. Атап айтқанда, өңірлік дамуы, білім, инновациялық саясат, шағын және орта бизнесті қаржыландыру, кәсіпкерлікке қатысты әкімшілік кедергілерді азайтуға, және кейбір басқа да мәселелер бойынша шешім қабылдауға әсер етті.

Кәсіпкерліктің жаһандық мониторингі қатысушы-елдерде кәсіпкерлік белсенділікті жыл сайын бағалайды. Қазақстан зерттеулерге қатысып, Орталық азия өңірінің жалғыз өкілі болып табылады. Қосымша ақпарат http://www.gemconsortium.org сайтында.

GEM жобасы аясында зерттеу жүргізетін ұлттық команда құрамына 2018 жылға дейін Назарбаев Университеті Жоғары Бизнес Мектебінің ғалымдары және Ұлттық экономика министрлігінің «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ өкілдері кіретін. 2019 жылдан бастап жоба толықтай Жоғары бизнес мектебінің өкілдерімен жүргізіледі. 


Rectangle 1328 (1)

Қазақстан тұрғындары кәсіпкерлікті оң бағалайтынын атап өту керек. Бүгінде Қазақстан тұрғындары кәсіпкерлерді сәтті тұлға ретінде қабылдайды.  Жастар кәсіпкерлікті жақсы мансап ретінде қарастырады. Қазақстанда сауалнамаға қатысқандардың 68,9% кәсіпкерлікті жаңа мүмкіндіктер ретінде қарастырады. Зерттеу барысында 52,1% қазақстандықтар өз ісін ашу үшін қажетті қабілеттері бар деп көрсетті. Әлеуетті кәсіпкерлер арасында жастар басым болып келеді және 25-34 жас аралығындағы азаматтар ең белсенді кәспкерлерге жатады. Зерттеу барысында кәсіпкерліктің гендерлік аспектілері де қарастырылды. Мысалы, ер адамдар кәсіпкерлікпен бизнес мүмкіндіктерді жүзеге асыру үшін айналысатын болса, әйел адамдар кәсіпкерлікке қажеттіліктен кіріседі.

Мәліметтерді сараптау барысында Қазақстанның бастапқы кезеңіндегі кәсіпкерлердің көпшілігі сауда саласында(46,6%), ауыл шаруашылығында (11,4%) және денсаулық сақтау, білім беру, мемлекеттік басқару мен әлеуметтік қызметтер саласында (17,6%) шоғырланғаны анықталды. Өңірлік тұрғыдан алғанда Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарындағы респонденттер жеке істі ашу бойынша сенімділік көрсетті. Сонымен қатар қала тұрғындарымен салыстырғанда ауыл тұрғындары өз ісін ашу бойынша және кәсіпкерліктпен айналасуда жоғары сенімділік танытады.

GEM мүшелері

Жоғары бизнес мектебі, Назарбаев Университеті:

Д-р Патрик Дюпарк
Д-р Венката Суббан Субраманян
Д-р Еркен Тұрғанбаев
Д-р Шумайла Юсуфзай
Д-р Бақыт Оспанова
Мадина Нургужина

Сыртқы сарапшылар:

Нұрлан Құлбатыров
Шыңғыс Турез

GEM Қазақстан туралы қосымша ақпарат алу үшін бізбен хабарласыңыз, электрондық пошта: gsb_executiveeducation@nu.edu.kz 

GEM есептері