Кілт сөз бойынша іздеу

Қызметкер табыңыз

Nizamidin

Низамиддин Амангельдиев

Оқытушы ассистент

nizamiddin.amangeldiyev@nu.edu.kz

Низамиддин Амангельдиев қазіргі уақытта Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебінде ассистент болып жұмыс істейді. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің қаржы және несие (қаржы нарықтары мен институттары) магистрі дәрежесіне (үздік диплом) және экономика бакалавры (үздік диплом) дәрежесіне ие. Магистратурада оқып жүрген кезінде Низамиддин EY, Risk Transformation Group-та тағылымдамадан өткен. Сонымен қатар, Мәскеудегі Сбербанк Академиясында қосымша риск менеджмент курстарынан өтті. Оның қызығушылықтары мен әуестігі спорт (жекпе-жек өнері), аналитика, презентацияларды жасап, конференцияларға қатысу

Copy-of-Zharaskhan

Жарасхан Темірханов

Оқытушы ассистент

zharaskhan.temirkhanov@nu.edu.kz

Жарасхан Темірханов қазіргі кезде Назарбаев Университеті Жоғары бизнес мектебінің академиялық әріптесі болып табылады. НУ ЖБМ ұжымына қосылғанға дейін, ол Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінде аға оқытушы қызметін атқарған. Экономика және бизнес бакалавры дәрежесін Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінен және Бухгалтерлік есеп және қаржылық менеджмент мамандығы бойынша ғылым магистрі дәрежесін Лондон Корольдік колледжінен алған.

profile

Әсем Қаблан

Оқытушының ассистенті

assem.kablan@nu.edu.kz

Қаблан Әсем қазіргі кезде Назарбаев Университетінің Жоғарғы Бизнес Мектебінде академиялық әріптес ретінде жұмыс істейді. НУ ЖБМ ұйымына қосылғанға дейін, ол «Eco-Village Kazakhstan» жобасының менеджері болған. Бұл проект Шеврон компаниясының демеушілігі мен НУРИС-тің ынтымақтастығы арқасында жүзеге асқан болатын. Әсем МВА дипломы бар Назарбаев Университетінің Жоғарғы Бизнес Мектебінің түлегі. Сонымен қоса, ол Қарағанды мемлекеттік университетінің Экономика факультетінің бакалавр түлегі. Студенттік өмірі кезінде, Әсем ағылшын дебат лигасының координатор ролін атқарған, сонымен қатар академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Миссури штатындағы Фонтбонн Университетінде Іскерлік Әкімшілігі курсын өткен болатын. Әсемді қызықтыратын істер ішіне стартап компаниялар, маркетинг және инвестиция саласында жұмыс істеу жатады. Бос уақытында ол спортпен және саяхаттаумен айналысады.

1X7A9151

Жанат Жалилова

Ассистент преподавателя

zhanat.jalilova@nu.edu.kz
DSC_0056

Асхат Омар

Оқытушы ассистент

askhat.omar@nu.edu.kz

Асхат Омар қазіргі уақытта Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебінде оқытушы ассистент ретінде жұмыс атқарады. Ол М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік Университетінің Экономика саласындағы магистр дәрежесіне ие. Асхаттың академиялық қызығушылықтары: эконометрика, тікелей инвестиция қорлары (жеке меншік капитал қорлары) және инвестициялық шешімдер. Асхат бокс пен жүзумен әуестенеді.