Кілт сөз бойынша іздеу

Оқытушы орындары

Назарбаев Университеті Бизнес жоғары мектебі (НУ БЖМ) бухгалтерлік есеп, қаржы, кадрлық ресурстарды басқару, кәсіпкерлік және технологияларды басқару салаларындағы оқытушылардың балық санаттағы) лауазымына шақырады. Біз ғылыми жетістіктері немесе әлеуеті жоғары, айрықша педагогикалық дағдылары бар үміткерлерді іздейміз. Үміткерлердің акредиттелген мекемеден тиісті саладағы ғылым докторы дәрежесі болуы тиіс. Біз бастапқы деңгейдегі біліктілігі жоғары үміткерлерді де, тәжірибелі оқытушыларды да қарастырамыз.

Сұраныс жіберу


НУ БЖМ-де шағын, бірақ зерттеулерге бағдарланып, ұлғайып келе жатқан профессорлық-оқытушылық құрам бар. Біз докторлық дәрежені Корнельдік университетте, Стэнфорд университетінде, INSEAD, Мичиган университетінде, Пердью университетінде, Иллинойсск университетінде, Мэриленд университетінде, Вирджиния Политехникалық университетінде, Сент-Луистегі Вашингтон университетінде, ESSEC, Милан университетінде, Эразма Роттердам университетінде, Solvay Business School, БСУ-де алған оқытушыларды жұмысқа тарттық. Оқытушылар Rand Journal of Economics, Academy of Management Journal, Management Science, Organization Science, Organizational Research Methods, Journal of the Academy of Marketing Science, Journal of Applied Psychology, Journal of Marketing, Journal of Retailing, Journal of Accounting Research, Journal of Accounting Review, Strategic Management Journal, Journal of Financial Markets, Journal of Finance, American Economic Review, Journal of Financial and Quantitative Analysis, Operations Research, Production and Operations Management, Decision Sciences сияқты және басқа жетекші журналдарда өз мақалаларын жариялады.

Бизнес жоғары мектебі халықаралық деңгейдегі үздік бизнес-мектептердің бірі болып есептелетін Дьюк Университеті жанындағы Фукуа мектебімен ынтымақтасады. Фукуа юизнес мектебі сондай-ақ НУ БЖМ профессорлық-оқытушылық құрамын қабылдауға, оқытушылық және зерттеу қызметінде тәдімгерлік етуге/қолдау көрсетуге белсенді қатысады. НУ БЖМ туралы толығырақ ақпарат алу үшін біздің http://gsb.nu.edu.kz веб-сайтымызға кіріңіз.

Біз не ұсынамыз:

✓ Зерттеудер үшін көп уақыт

✓ Зерттеуерді жүргізу үшін гранттар және конкурстық негізде қаржыландырудың өзге мүмкіндіктері

✓ Жекелеген конференциялар мен іссапарларды қаржыландыру

✓ Бәсекеге қабілетті еңбекақы және модульдік пішімде оқытылатын 4-курстық оқу жүктемесі

✓ Тәлімгерлік және Дьюк Уеиверситетінің оқытушыларымен ынтымақтасту мүмкіндігі

✓ Фукуа бизнес мектебінен шақыртылған ғалымдардың ықтимал жайғасымдары

✓ Өзгерістің бастамашысы болу мүмкіндігі

✓ Ең жоғары саяси және іскерлік жеңгейлерді байланыстар орнату

✓ Шетелдік мамандар үшін артықшылықтар (тұру, үйіне баруы және т.б.)

✓ Жетекші қызметкерлерді оқыту саласындағы әлеуетті мүмкіндіктер

Өтінішке қатысты талап етілетін материалдар:

  • Нақты білім саласы (операциялық басқару, операциялық зерттеу, маркетинг және т.б.), ынталандыру және лауазымға қатысты мүдделілік көрсетілген ілеспе хат
  • Түйіндеме
  • Зерттеу жұмысының көшірмесі
  • Үміткер мінездеме хаттарын ұсынуы тиіс

Үміткерлер өзінің түйіндемесі мен барлық материалдарды мына электрондық пошта ақылы жіберуі тиіс: faculty_hiring_gsb@nu.edu.kz

Постдок лауазымдар


Назарбаев Университеті Бизнес жоғары мектебі (БЖМ) үміткерлерді постдокторлық жайғасымдарға шақырады. Жас әрі көрнекті ғалымдардың дамуына ықпал ету үшін біз іскерлік әкімшілендіру, халықаралық экономика, қаржы, бухгалтерлік есеп, операциялық басқару, стратегиялар, кәсіпкерлік, маркетинг және шектес салаларда маманданған перспективалы ғалымдарға қолдау көрсетуге ұмыталымыз. Өтінім берушілерже жақында алған докторлық дәрежесі болуы тиіс. Олар БЖМ-де тағайындалған мерзім ішінде басқа мекемеге жұмысқа қабылдана алмайды. Бағдарлама барлық елдердің азаматтары үшін ашық.

Іріктеп алынған үміткерлер іскерлік әкімшілендіру саласында немесе БЖМ зерттеулер жүргізетін шектес салаларда зерттеу жобаларын жүзеге асыратын болады. Үміткерлер Мектеп пен Университеттің магистратура / бакалавриат бағдарламалары бойынша жыл сайын екі курсқа дейін тиісті үлес енгізуі тиіс.


Сұраныс жіберу

Жұмыс шарттары:

Лауазымда еңбек ету мерзімі бір жылға созылады, бұл ретте жұмыстың жақсы нәтижелері көрсетілген кезде тағы бір жылға ұзартылуы ықтимал. Сыйақының тартымды пакеті енгізілді. Қысқа тізімге енгізілген үміткерлер сұрату бойынша ұсынылатын болады

Өтінім беру рәсімі:

  • Ілеспе хат
  • Толық түйіндеме
  • Үш рецензенттің есімдері мен байланыс деректері
  • Өткен және ағымдағы зерттеулерін қысқаша баяндау

Үміткерлер мынадай құжаттарды электрондық түрде (MS Word немесе PDF файлы) aikorkem.nurzhanova@nu.edu.kz мекен-жайына жолдауы тиіс:

Ілеспе хат
Толық түйіндеме
Үш рецензенттің есімдері мен байланыс деректері
Өткен және ағымдағы зерттеулерін қысқаша баяндау

Қазақстанның астана қаласында орналасқан Назарбаев Университеті (НУ) – бүкіл әлем бойынша өзге жетекші серіктес-университеттердің қолдауымен құрылған, жаңа батысеуропалық, ағылшын тіліндегі мекеме. НУ халықаралық серіктестерінің қатарына әлемдегі 30 үздік университеттердің арасынан алтауы кіреді, олар: Дьюк университеті, Мэдисондағы Висконсин университеті, Кембридж университеті, Лондондағы Университеттік колледж және Сингапурдың Ұлттық университеті. Университет өзінің халықаралық серіктестері белгілеген оқуға қабылдаудың қатаң стандарттарын ұстанады және өңірлердегі үздік студенттерді ғана қабылдайды

НУ Бизнес жоғары мектебі алғашқы студенттерін 2013 жылы қабылдады. Біздің мектебіміз студентер мен оқытушылар идеялармен өзара алмасатын және дауласа алатын жігерлендіргіш экожүйе болатындай етіп құрылды. АҚШ-ғы Дьюк Университеті жанындағы Фукуа бизнес мектебімен арадағы біздің стартегиялық ынтымақтастығымыз бізге клиенттерген қызмет көрсетудің жоғары деңгейін ұсынуға және біздің студенттеріміз бен корпоративтік клиенттеріміз үшін жеке тұлғалық және ұйымдық даму тұрғысынан құнылықтарды беруге көмектеседі. Біз әртүрлі пішімдерді және әртүрлі мақсатты топтар үшін (жетекшілер, сырттай оқу бөлімінің студенттері және күндізгі оқу бөлімінің студенттері үшін) МВА бағдарламасы арқылы ортақ басқаруға екпін жасалатын толыққанды портфельді, сондай-ақ бірқатар мамандандырылған портфельді, сондай-ақ жетекшілер, кәсіпкерлер және әртүрлі деңгейдегі мамандар үшін ғылыми дәреже берілмейтін анағұрлым қысқа бағдарламаларды ұсынамыз. Сондай-ақ біз корпоративтік клиенттердің нақты талаптарын қанағаттандыру үшін әзірленген дербес бағдарламаларды ұсынамыз.