Кілт сөз бойынша іздеу

Күндізгі МВА бағдарламасы

Назарбаев Университеті Жоғары бизнес мектебінің күндізгі MBA бағдарламасы Мектептің Қазақстанда және Орталық Азияда бизнес-көшбасшылардың жаңа буынын қалыптастыру бойынша миссиясын іске асыруда басты рөл атқарады.

fees (1)

Оқу төлемі және Қаржылық көмек

НУ Жоғары бизнес мектебі біліктілігі жоғары үміткерлерге олардың ғылыми жетістіктеріне, кәсіби тәжірибесі мен қаржылық қолдау қажеттілігіне қарай оқу құнының жалпы төлемнің 60%­ы мөлшеріне дейін жеңілдік стипендияларын ұсынады. Сондай­-ақ студенттің оқуына қандай да бір компания демеушілік көрсете алады. Әлеуетті грант берушілерді айқындау мақсатында мүдделі студенттер интернет желісінде іздеулер жүргізе алады. Магистрант cтуденттерге бағдарламаның соңына дейін оқу төлемін енгізуге мүмкіндік беретін икемді төлем кестесі ұсынылатын болады.

Төменде келтірілген 2020 жылы оқудың ақысын төлеу жөніндегі кестені қараңыз.

Қосымша ақпарат