Кілт сөз бойынша іздеу

Күндізгі МВА бағдарламасы

Назарбаев Университеті Жоғары бизнес мектебінің күндізгі MBA бағдарламасы Мектептің Қазақстанда және Орталық Азияда бизнес-көшбасшылардың жаңа буынын қалыптастыру бойынша миссиясын іске асыруда басты рөл атқарады.

Rectangle 1431 (1)

Күндізгі МВА бағдарламасы

Назарбаев Университеті Жоғары бизнес мектебінің күндізгі MBA бағдарламасы Мектептің Қазақстанда және Орталық Азияда бизнес-көшбасшылардың жаңа буынын қалыптастыру бойынша миссиясын іске асыруда басты рөл атқарады.

Жас мамандарға арналған бағдарлама тыңдаушылардың халықаралық бизнес ортада тиімді басқаруға қажетті білім мен дағдыларды қалыптастыруды, сондай-ақ ойлау қабілетін арттыруды қамтамасыз етеді.

Мектептің барлық бағдарламалары болашақ көшбасшыларға қажетті дағдылар мен құзыретті ескере отырып әзірленді, соның ішінде: бизнес-тәуекелдерді тану, әлеуметтік, саяси, мәдени және экологияда қалыптасқан ахуалды зерделей білу, шектеулі табиғи ресурстар жағдайында өндірісті басқару, өзара байланысқан күрделі мәселелер мен белгісіздік туындаған кезде бизнесті басқару, бизнес шешімдердің этикалық негізін білу және сақтау, ұйымның қызметіне ықпал тигізетін барлық мүдделі тараптарды анықтау және олармен серіктестік қатынастарды орнату мақсатында келіссөздер жүргізу құзыреттері бар.


НЕЛІКТЕН НУ ЖБМ МВА?

Стратегиялық ынтымақтастық

МВА оқу бағдарламасы МВА бағдарламасы бойынша әлемдік көшбасшыға айналған Дьюк Университетінің (АҚШ) Фукуа бизнес мектебімен бірге әзірленді. МВА бағдарламасы Қазақстанда және Орталық Азияда бизнесті жүргізудің қарқынды өзгеретін темпіне сәйкес келеді

Берік негіз

Мульти пәндік оқу жоспары арқылы мансаптық өрлеуге берік негіз құрыңыз

Білім-күште

Ғылыми және академиялық қоғамдастықтың ұстазынан: дүние жүзі бойынша білім алған, жұмыс жасаған және зерттеушілік қызметін жүзеге асырған түрлі біліктіліктері бар профессорлардан білім алу мүмкіндігі бар

Көшбасшы болыңыз

Қазақстандық кәсіпкерлер мен бизнес көшбасшылардың келесі буынын анықтау және тәрбиелеу үшін дайындалған бағдарламаны игеріңіз

Халықаралық резиденция

Біздің студенттер АҚШ, Дьюк университетіне халықаралық тәжірибе алу үшін екі аптаға жіберіледі

Орны өте маңызды

Қарқынды, инновациялық және гүлденіп келе жатқан Астана қаласында білім алыңыз

Жұмыспен қамту

Біз мансап апталықтарын ұйымдастыру арқылы жұмыс іздеуде көмек көрсетеміз

Сынып профилі 2021

Кампус:

Нұр-Сұлтан, Қазақстан

Тіл:

Ағылшын

Жеткізу режимі:

Толық уақытты, кампуста

Бағдарламаның басталуы:

Тамыздың соңы

Ұзақтығы:

16 ай

Әлемдік тәжірибе:

Халықаралық резидентура

Еркек69%

Әйел31%

Орташа 80%
жұмыс өтілі

2,4-7,9
жас

Орташа
80-ші пайыз

4,9
жас

Орташа

Орташа жұмыс
тәжірибесі

Дәрістерге қатысу

Тіркелу
DSC_0490-—-копия-2-1-150x150 (1)

Пікірлер

2005 жылы Экономика және Статистика саласындағы BSc бағдарламасын (үздік) аяқтап, әр түрлі ұлттық даму институттарында атап айтқанда Мемлекеттік-Жекеменшік Әріптестік Орталығы мен Қазақстанның Даму Банкінде жұмыс істедім. MBA-ның барлық бағдарламаларын (жергілікті, халықаралық) игергеннен кейін мен білім берудің халықаралық курсына негізделген, ең бастысы әлемдік деңгейдегі профессорлар білім беретін ағылшын тілінде практикалық бағытты бар бағдарламаны табуға тырыстым. NUGSB – бұл мен білім алғым келген орта.

MBA күндізгі бағдарламасына қабылдау процесі қарапайым және айқын болды. Қабылдау менеджерлері қабылдау процесі кезінде тек қана бағыт-бағдар беріп қана қоймай, кәсіби білікті, мейірімді және маған қолдау көрсетіп отырды. Мен бұл бағдарлама халықаралық деңгейде өтетіндігін бірден түсіндім. NUGSB-тың MBA күндізгі бағдарламасы үлкен және ұмытылмас тәжірибе берді. Мен сабақ алған әрбір класстан рахат алдым. Класстар өте жақсы ұйымдастырылған, жабдықталған және нақты жағдайлары мен тапсырмалары берілген шағын топтық іс-шаралар айналасында шоғырланған. NUGSB профессорларының, сондай-ақ Дьюк Университетінен шақырылған профессорлардың біліктілігі өте жоғары және халықаралық тәжірибесі бар. Олардың дәрістері менің санамда ашып, маған қажет болған дағдыларды дамытып, мені жаңа білім нәрімен қанықтырды. Персонал әрқашан ашық, қолжетімді және әрбір студенттің алдыға ілгерілеуіне мүдделі. Командаларды қалыптастыру мен апта сабақтар, Құрметті Қонақ дәрісінің циклі сияқты мен ешқашан босатпайтын бонус – бұл оқиғалар адамдарды біріктіріп, ұзақ мерзімді достық қарым-қатынас пен кәсіби желіні құрады.

Менің тәжірибемді қалыптастырған екінші фактор бизнес пен үкіметтегі әлемдік көшбасшылармен менің қарым-қатынасым болды. Осыдан басқа қай жерде жеке акционерлік қоғамдардың негізін қалаушылармен, танымал американдық генералдармен, әр елдің Президенттерімен, сондай-ақ әлемдік деңгейдегі миллиардерлермен бақса қай жерде кездесе аласыз?

NUGSB Қазақстанның болашақ көшбасшылары үшін берік негізді қалыптастыруда! 

Акмарал Мырзабекова

Full-Time MBA, 2015

Aray Bekembayev (1)

Пікірлер

Назарбаев Университет было создано инициативой первого президента Республики Казахстан Нурсултаном Назарб [...]

Назарбаев Университеті Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған және әлемдік білімде Қазақстанның эмблемасы болып табылады. Университет Қазақстандағы білім беру, саясаттың және өмір сүру сапасын білдіреді.

Магистратура түлектері арнайы мақсатты топ қалыптастырып, өзінің кәсіби деңгейін арттыруда жас жұмысшы буынға үлгі болып табылады.

Магистратура Студенттері Комитетінің Басшысы атап өткендей мен Назарбаев Университетінің Жоғары Бизнес Мектебінде магистр дәрежесін алғанымды мақтан тұтамын.

Іскерлік басқару Шебері дәрежесі алған 14 ай ішінде өте пайдалы білім беру тәжірибесі болды. Профессорлардың құзыреті мен кәсібилігі көрнекіден кем болған жоқ.

2014 жылы бағдарламаны бастағанда мен өзімнің мансабымның шешуші сәтте енді ғана келген едім, сол себепті менің көңіл толығымен осы бағдарламаға бөлінді. Менің тәжірибеме бағдарлама шеңберінде жеке және мемлекеттік секторларда да әлемдік элита тұлғаларымен тікелей байланыс көп әсер етті. Қазіргі уақытта мен мемлекеттік ұйымда жұмыс істеймін.  Күн сайын өзімнің  басшы міндеттемелерімді орындау үшін мен Дьюк Университетінің Фукуа Бизнес Мектебімен стратегиялық ынтымақтастық негізінде әзірленген әлемдік деңгейдегі NUGSB-да MBA күндізгі бағдарламасы бойынша игерген теориялық және практикалық техниканың әр түрлі қырларын қолдануға тиіспін.

Арай Бекембаев

Full-Time MBA, 2015

anvar298x300

Пікірлер

Мен өзімнің кәсіби әлеуетімді арттыру үшін өзімнің жайлы аймағымнан шығып басқа да мүмкіндіктерді зерттеу керектігін түсінген кезде, мен ірі тау-кен компанияларының бірінде аудармашы жұмыс істеп жүрген едім. Жоғарғы сапалы білім менің көзқарасым бойынша аса маңызды компоненттердің бірі болды, сол себепті мен магистратураның түрлі бағдарламаларын іздей бастадым. Мен ақпараттық сессиялардың біріне қатысқан әріптесімнен NUGSB туралы естідім.

NUGSB командасымен менің алғашқы қадамымнан-ақ бұл – жарқын, инновациялық және жылы шырайлы жер екендігі айқын түсінікті болды. Қабылдаудың барлық процесі өте тиімді, әр аспектіде түсінікті және уақтылы ұйымдастырылған. Алайда, NUGSB командасымен өзара қарым-қатынас кезінде мені таңғалдырған жайт олардың ақ жарқындығы мен жеке байланысы болды, мен бұл бағдарламаның өте қызықты саяхат болатынын түсіндім. Үміттің жоғарғы деңгей ақталып, сайып келгенде мені қабылдап, бағдарлама басталды. Жоғары технологиялық сыныптардан басқа таңғажайып кітапхана үлкен академиялық зерттеулер топтамасын ұсынады,  тамаша асхана, спорттық тренажерлер, ең бастысы NUGSB – ерекше адамдармен кездесіп, олармен қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігін ұсынады. Бүкіл әлемнің сирек кездесетін тұлғаларымен кездесіп, тілдесе алғаным үшін бағдарламаға алғысымды білдіремін. Біздің профессорлары, қызметкерлері, және әкімшілер керемет адамдар, себебі олар біздің білім алуымыз үшін ынталандыруды қалай сақтау керектігі мен біз неғұрлым күрделі академиялық талаптарға сай болуы үшін тепе-теңдікті дұрыс таба алады. Менің тәжірибемнің басқа да маңызды бөлігінің бірі біздің командаға олардың әрқайсысы өздерінің бірегей үлесін енгізген курстастармен жұмыс істеу мүмкіндігі болды.

Қорыта айтқанда осы бағдарламада мені бәрінен де қатты таң қалдырғаны – біздің барлық бастамамыздағы синергия және креативтіктіліктегі барлық күрделі жұмысты жеңілдетіп, ынтымақтастық рухымен бәсекелестік ортадағы салауатты ортаны жетілдіре алуы. 

Анвар Низамов

Full-Time MBA, 2015

murat300x300 (1)

Пікірлер

NUGSB-гі MBA бағдарламасына түсу өзін-өзі дамыту аясында өмірімдегі ең үздік шешімдердің бірі болды. Осы бағдарламаға түскенге дейін менде жеке, сондай-ақ мемлекеттік секторда айтарлықтай тәжірибем болды. Соған қарамастан, менде менеджерден бастап ұлттық компанияның вице-президентіне дйінгі жақсы мансаптық өсу жолым болды, мен әрқашан өте қарқынды іскерлік әлемде бетпе-бет келетін алдағы проблемалармен әлдеқайда сенімді күресу үшін Іскерлік әкімшілік Магистрі дәрежесін алу қажеттігін сезінетінмін. 

NUGSB магистр дәрежесін алу үшін тамаша мүмкіндік болды. Маған үйден жыраққа кету қажет болған жоқ. Мен өз жанұямнан алысқа кетпей  Астанадан шықпай-ақ MBA әлемдік оқу курстарынан өтуім мүмкін болды.

NUGSB MBA ең әсерлі фактісі – Құрама Штаттарда Дьюк Университетінің Фукуа Бизнес Мектебінде өтетін бағдарламаны меңгеріп, бізге  сол рһ оқытушылардың сабақ беретіндігі еді. Бағдарлама өте білікті, ал жаһандық үрдістер ағымдағы материалдар өте заманауи. Бізге сабақ бертін профессорлардың біліктілігі өте жоғары. NUGSB MBA бағдарламасына жоғары білікті профессорларды тарта отырып, тамаша жұмыс атқарған.

Қазақстанның болашақта экономикалық өсуінің зор әлеуеті бар және біздің Президент таяу жылдары жас ұрпақ қол жеткізуге тиіс өте биік мақсаттарды алдыға қойған. Менің ойымша, осы мақсаттарға қол жеткізудегі  ең үлкен проблеманың бірі біздің елімізді 2030 ең дамыған елдердің қатарына қосу үшін өңірлік және әлемдік мәселелерді шешуге дайын болатын кәсіби көшбасшыларды дайындауында. Менің ойымша NUGSB-тің әлемдегі болашақ кәсіби іскер көшбасшыларды дайындау үшін инфрақұрылым, оқу жоспарлар, корпоративтік желі, оқытушылардың біліктілігін және іскерлік кездесулер аясында әзірленген тамаша жүйесі бар.  

Мұрат Ақшалов

Full-Time MBA, 2015

Diana300x300 (1)

Пікірлер

Менің Халықаралық Бизнес Университетінде (Алматы, Қазақстан) Қаржы облысында бакалавр дәрежесін алдым. CIMA Дипломын орыс тілінде алдым. Менің Алтынтау алтын өндіру компаниясында жұмыс істедім, Көкшетау.

Университетті бітіргеннен кейін мен магистратураға түсуге ұмтылып ерекше университетті іздедім, Назарбаев Университеті туралы естігінде мен бірден MBA күндізгі бағдарламасына өтініш жаздым. Бірақ, өкінішке орай ол кезде бағдарлама әлі басталған жоқ еді. Алайда, 2 жылдан кейін осы жерде келдім. Алғаш Университеттен ұсыныс алғанда мен сәл күмандандым, себебі ол кезде мен бала күтімі бойынша еңбек демалысында болып,  балама бар болғаны 8 ай еді. Артқа қарап мұның ең жақсы шешім болған деп ойлаймын, себебі бұл бағдарлама менің барлық үмітімді ақтады.

Сабақ уақытында мен көптеген жоғары білікті профессорларды кездестірдім, олармен бірге он академиялық күннің өзі аз болып көрінеді. Көріп тұрғаныңыздай олардан үйренетін нәрселеріміз бен қойылмағын сұрақтар да көп. Мен оқу курсын талқылау үшін өздерінің үлесін қосқан көптеген талантты студенттерді кездестірдім. Менің әртүрлі жобаларға көптеген шақыртулар алдым. Әлемнің түкпір-түкпірінен көптеген табысқа жетудің кілтімен бөліскісі келетін, сондай-ақ кеңес бергісі келетін кәсіпкерлер мен іскер адамдарды кездестірдім. Жоғарыда айтылғандардың барлығы тек бір жылға сабаққа қатысты, бірақ мен алған тәжірибе мен білім менімен бірге болады. Бұл бағдарлама маған бизнес ортаны жақсырақ түсінуге көмектесіп, мен тағдыр шешті тәжірибе алдым. Енді жаңалықтар оқыған кезде мен курста алған өз білімімді қолдана отырып, талдау жасаймын. Оның үстіне мен өзімді жақсы түсінемін. Әрине, бұл бағдарлама өзіме салынған үздік инвестиция болғаны сөзсіз.

Егер әлі күнге дейін ойланып жүрсеңіз, мен сізге сенімді түрде ойланбаңыз деп айта аламын. Бұл соған тұрарлық! Мен Назарбаев Университеті білім алу үшін Қазақстандағы ең керемет орын, мен өзімде осындай мүмкіндіктің болғанына алғыс айтамын.

Диана Султан

Full-Time MBA, 2015

Abul300x300 (1)

Пікірлер

NUGSB-дегі MBA оқу курсын бастағанға дейін мен күшті авиациялық оқу жоспары бар елеулі жолдан өттім. Осы оқыту мен жаттығулар курсы маған басшылық лауазымда болған кәсіби мансабымның нүктесіне дейін

барлық жолдан өтуіме көмектесті. Мен жаңа мүмкіндіктердің жоқ екендігін сезіндім. Оның үстіне, мен басқарушылық және кәсіпкерлік дағдылардың кең жиынтығын алу қажеттілігін сезіндім. Мен MBA менің мансабымның іскерлік жетістігімнің іргетасын қалау үшін амбициялармен үйлестіре отырып өздігімнен жетілуге және жеке басының дамуына шексіз ұмтылуымды жүзеге асыратын ең жақсы тәсіл болды.

Мен MBA бірнеше жетекші бағдарламаларының қабылдау процесінен өттім, бірақ осында, Астанада әлемдік дәрежедегі құрылып бизнес мектебі командасының бір бөлшегі болу идеясы NUGSB-гі MBA менің оқуымды жалғастыруға ынталандырды.

NUGSB-гі MBA күндізгі бағдарламасы бізді қоршаған әлемді жауапты және адал түсіну үшін кәсіпкерлік қағидаттарында құрылған бизнестегі толғандыратын тәсілдерді студенттерге тереңнен беруге арналғандығын байқадым. Дьюк Университетінің Фукуа Бизнес Мектебімен стратегиялық ынтымақтастық бизнестегі осы тәсілдің үлгісі болып табылады.

NUGSB-дегі білім сапасы шынында да керемет. Менің ойымша, қызметкерлер мен оқытушылардың, атап айтқанда әлемдік оқу курсына келуші профессорлардың кәсіби және жеке қасиеттері маған және менің курстастарыма терең әсер етіп, одан да жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін және ең үздік бизнес басшылары болу үшін NUGSB лайықты өкілдері болуға итермеледі. Мектеп сенім мен құрметке ие бола отырып,  тұрақты өзгерістерді қабылдай отырып студенттерді мансаптық өсуге ынталандырады. NUGSB – бұл өзімнің кәсіби мүмкіндіктерімді кеңейтіп, мүмкіндігінше тиімді болуға көмектеседі.

Мен біздің мектеп осындай алуан түрлі және динамикалық топты жинай алатынына өте қуаныштымын, біз болашақ кандидат ретіне сіз бағдарламаға қосатын үлесіңіз бен біліміңізді асыға күтеміз. Мен сондай-ақ NUGSB-да алған тәжірибе сіздің бизнестегі ғана емес, сондай-ақ сіздің өмірге деген көзқарасыңызды кеңейтеді деп сенемін.

Мен өзімді мінсізбін деп айта алмаймын, өйткені мен әлі күнге дейін оқыту толқынында жүрмін және мен NUGSB-де өткізген әрбір сәттен көбірек әсер алуға ұмтыламын.

Абул Кекилбаев

Full-Time MBA, 2015

baha300x300 (1)

Пікірлер

Мен НУ ЖБМ-да 6 айдан бері оқимын және өз пікіріммен бөліскім келеді. Бағдарлама өте қиын, күрделі және тиісті талаптардан тұрады. Бұл стресс және көп уақытты қажет етеді. Сонымен, сіз неге мұнда өтініш бергіңіз келеді?
Бұның көптеген себептері бар, бірақ мен тек үшеуіне ғана назар аударғым келеді: әлемдік деңгейдегі профессорлар; стандарттар мен құндылықтардың жоғары деңгейі; тамаша адамдармен танысу мүмкіндігі.
Мен үшін өз кәсіби салаларым бойынша оқуға мүмкіндікке ие болу және ең жақсы профессорлардан білім алу үлкен мәртебе деп санаймын. Олар өздерінің дәрістерін мұқият ұйымдастырады және жоспарлайды, сіздің көзқарастарыңыз бен пікірлеріңізге қарсы пікір білдіреді және сізден ең жақсысын талап етеді. Сізді үнемі жайлылық аймағынан шығарады және қызықты пікірталастарға тартады.
Мен сондай-ақ жоғары кәсіби деңгей мен жұмыс стандарттарын, сондай-ақ НУ ЖБМ студенттерінің бойына сіңірген құндылықтарын атап өткім келеді. Студенттер ережелер мен рәсімдерді ұстанып қана қоймай, сонымен қатар әлемдік деңгейдегі бизнес мектептердің ең жоғары және қатаң стандарттарына сай болуы керек.
Ақтығында, менде MBA бағдарламасының арқасында тамаша адамдармен, соның ішінде бизнес пен басқарудағы көшбасшылармен кездесуге және сөйлесуге мүмкіндік болды. Сіз бүкіл әлемдегі кәсіби және жеке өмірде үлкен жетістіктерге жеткен адамдарды тыңдап, өз ойларыңызбен бөлісе аласыз.


Бақытжан Сағадиев

Full-Time MBA, 2015

Saltanat Beisembina (1)

Пікірлер

Мен ұзақ уақыт бойы өзіме лайықты MBA бағдарламасын іздедім.
Ең алдымен, беделді мектепке өте білікті үміткерлер қажет. Бакалавр дәрежесін алғаннан кейін мен шетелге жұмыс істеуге кетіп, халықаралық жұмыс тәжірибесін алуға бел будым. Мен бір жыл жұмыс істедім, бұл менің кәсіби және жеке дағдыларымды жоғары деңгейге көтерді. Осыдан кейін менің Мансап және кәсіптік бағдарлау орталығында жұмыс істеп, студенттерге мансап құру жолында дұрыс бағытты таңдау үшін қажетті құралдарды ұсынуға мүмкіндігім болды.
Екіншіден, маған жеке құндылықтарыма және болашаққа деген көзқарасыма сәйкес болу үшін алдыңғы қатарлы МВА мектебінің құндылықтары мен міндеттері қажет болды. Мен жастарды дамыту үшін көп жұмыс жасадым, өйткені жастар - көшбасшылар мен прогрестің қозғаушы күштерінің келесі буыны деп санаймын. Мен бүкіл әлемді аралап, әр мәдениеттің бірегейлігі мен олардың ұқсастығын көру үшін көптеген елдерге бардым. Мен төзімділік, құрмет деген не екенін және адал адам қандай болу керектігін түсінемін. Мен әртүрлі жастағы және қоғамның әртүрлі ортасында өмір сүретін адамдармен таныстым, жаңа нәрсені біліп, мен үшін өмірлік тәжірибе болған жағдайлармен бөлістім. Мен бір кішкентай, бірақ өте маңызды нәрсені түсіндім: біздің әлемнің шекаралары мен аумақтары жоқ; біз бәріміз ұқсаймыз, сонымен бірге әртүрліміз; егер айналасында дұрыс адамдар болса, әлемді жақсы жаққа өзгертуге болады.
Соңғысы, бірақ маңыздылығы кем емесі, мен әлемдегі ең жақсы білімді өз елімде алғым келді. Бұл менің шетелде диплом алуға қарсы екенімді білдірмейді; бұл маған шешім қабылдауға көмектескен уақыт пен сәттегі мән-жайлар болды.
Оқып жүргенде өзіңіздің сүйікті отбасыңыздың бірден қолдауынан; әлемнің түпкір-түпкірінен келген профессорларға сіздің еліңізбен және мәдениетіңізбен танысуға мүмкіндік бергеннен; өз еліңіздегі болып жатқан жағдайды сыныптастарыңызбен күнделікті талқылауда қолданғаннан не жақсы болуы мүмкін.
Осы сәттердің барлығы бірге менің шешімімді күшейтіп, оны қабылдау уақыты келгенде айқынырақ етті. Мен мұндай мүмкіндік өмірде бір рет қана берілетінін білетінмін және Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебі ұсынған МВА күндізгі бағдарламасына өтініш бердім. Мен күндізгі MBA бағдарламасының алғашқы түлектерінің бірі болғанымды мақтан тұтамын.

Салтанат Бесимбина

Full-Time MBA, 2015

Біздің профессорларБарлық профессорлар қараңыз

Патрик Дюпарк

Декан, PhD (Marketing and Econometrics), Purdue University, USA

Декан

E-mail: patrick.duparcq@nu.edu.kz

Венката Суббан Субраманян

Деканның орынбасары және Қалымдастырылған Профессор, PhD, ULB Brussels

Деканның орынбасары және Қалымдастырылған Профессор

E-mail: subban.venkat@nu.edu.kz

Марек Йохец

Қаржы бойынша ассистент-профессор, PhD (Finance) University of Illinois at Urbana-Champaign, USA

Қаржы бойынша ассистент-профессор

E-mail: marek.jochec@nu.edu.kz

Дженифер Льюис

Қалымдастырылған Профессор, Бизнес менеджмент доценті, PhD, University of Kansas, USA

Қалымдастырылған Профессор, Бизнес менеджмент доценті

E-mail: jlewis@nu.edu.kz

Геррит Тьерд Пост

Профессор, PhD, Tinbergen Institute

Профессор

E-mail: tpost@nu.edu.kz

Чет Боруки

Стратегия және Менеджмент Профессор, PhD, University of Michigan Business School

Стратегия және Менеджмент Профессор

E-mail: chet.borucki@nu.edu.kz

Дорон Израэли

Қауымдастырылған Профессор, PhD, Stanford University

Қауымдастырылған Профессор

E-mail: doron.israeli@nu.edu.kz

Йозеф Кеннингс

Профессор, PhD in Economics

E-mail: joep.konings@nu.edu.kz

Шумайла Юсафзай

Қауымдастырылған Профессор, PhD, Cardiff University

Қауымдастырылған Профессор

E-mail: shumaila.yousafzai@nu.edu.kz

Дени де Кромбрёйге

Статистика және Эконометрика Кафедрасының Қауымдастырылған Профессоры, PhD, Maastricht University

Статистика және Эконометрика Кафедрасының Қауымдастырылған Профессоры

E-mail: denis.decrombrugghe@nu.edu.kz

Атану Ракшит

Экономика саласындағы ассистент-профессор, PhD in Economics, Virginia Tech. USA

Экономика саласындағы ассистент-профессор

E-mail: atanu.rakshit@nu.edu.kz

Майова Т. Бабалола

Ассоциированный профессор, PhD, University of Leuven, Belgium

Ұйымдастырушылық тәртіп пен адам ресурстары саласындағы қауымдастырылған профессор

E-mail: mayowa.babalola@nu.edu.kz

Бізбен байланысу үшін:

БАРЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАРДЫ ҚАРАУ

Дана Толеубаева

Қабылдау менеджері

danagul.toleubayeva@nu.edu.kz

+7 (7172) 70 57 42

Арайлым Магауина

Қабылдау аға менеджері

arailym.magauina@nu.edu.kz

+7 (7172) 70 91 74

Тасыбаева Нургуль

Қабылдау мамандығы

nurgul.tassybayeva@nu.edu.kz

+7(7172) 70 5742