Назарбаев Университеті Жоғары бизнес мектебінің MBA бағдарламасы Мектептің Қазақстанда және Орталық Азияда бизнес-көшбасшылардың жаңа буынын қалыптастыру бойынша миссиясын іске асыруда басты рөл атқарады.
Жас мамандарға арналған бағдарлама тыңдаушылардың халықаралық бизнес ортада тиімді басқаруға қажетті білім мен дағдыларды қалыптастыруды, сондай-ақ ойлау қабілетін арттыруды қамтамасыз етеді.
Мектептің барлық бағдарламалары болашақ көшбасшыларға қажетті дағдылар мен құзыретті ескере отырып әзірленді, соның ішінде: бизнес-тәуекелдерді тану, әлеуметтік, саяси, мәдени және экологияда қалыптасқан ахуалды зерделей білу, шектеулі табиғи ресурстар жағдайында өндірісті басқару, өзара байланысқан күрделі мәселелер мен белгісіздік туындаған кезде бизнесті басқару, бизнес шешімдердің этикалық негізін білу және сақтау, ұйымның қызметіне ықпал тигізетін барлық мүдделі тараптарды анықтау және олармен серіктестік қатынастарды орнату мақсатында келіссөздер жүргізу.
Айғақтар
Алимбаева Жанна