Кілт сөз бойынша іздеу

Персоналды басқару саласында мансап құруға MHRM бағдарламасы көмектеседі

ЖАНАЛЫҚТАРҒА ОРАЛУ

Персоналды басқару саласында мансап құруға MHRM бағдарламасы көмектеседі

Қазіргі тұрақсыз әлемде адам ресурстары ұйымдарды қайта құруда және тұрақты жұмыс ортасын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.



Тұрақты жұмыс ортасы – бұл әр ұйымның табысты болуының маңызды құрамдас бөлігі, сондықтан адам ресурстарын басқарудың тиімді әдістерін әзірлеу қажеттілігі бұрынғыдан да маңызды болады. Біз Назарбаев Университеті Жоғары бизнес мектебінің деканы Патрик Дюпаркпен және MHRM бағдарламасының директоры, қауымдастырылған профессор Т. Майова Бабалоламен персоналды басқару саласында жетік болу үшін оқудан қайда өту керектігі туралы әңгімелестік.

– Патрик, Майова, қайырлы күн! Әңгімелесу үшін уақыт тапқаныңызға рақмет. Адам ресурстарын басқару – жоғары тиімділікке бағыт алған, кез келген ұйымның экожүйесіндің іргетасы. Алайда, осы салада білім алғысы келетіндерге қолайлы бағдарламаны таңдау қиынға түседі. MHRM бағдарламасы – бұл не туралы екенін айтып беріңізші?

Майова: Біз, Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебі салалық сарапшылармен және халықаралық әріптес университеттермен бірлесіп, Еуропалық одақтың Erasmus +жобасының қолдауымен "Адам ресурстарын басқару саласындағы магистр" (MHRM) бағдарламасын әзірледік. Бағдарлама орта және жоғары деңгейдегі персонал мамандарына және персоналды басқару саласында мансап құруға мүдделі адамдарға бағытталған. Біз мамандарға адам ресурстарын басқару саласындағы өзекті мәселелерді тереңірек түсінуге көмектесу үшін салада өзектілік пен ғылыми тәсілді біріктіретін бағдарлама жасадық. Біз MHRM түлектері алған білімдері мен дағдыларын мансап жолында, ұйымның тиімділігін арттыру, сондай-ақ елдің экономикалық дамуы үшін пайдаланады деп күтеміз.

Белгілі бір курстарды таңдаудағы басты фактор – оқытушылардың кәсіби деңгейі. MHRM бағдарламасының оқытушылары туралы не айта аласыз?

Майова: Біздің оқытушы-профессорларымыз өз салаларында әлемнің жетекші университеттерінде докторлық дәреже алған көрнекті ғалымдар болып табылады.

Патрик: Біздің барлық оқытушыларымыз әлемдік деңгейдегі зерттеушілер болып табылады. Олардың зерттеу профилі әлемдік орташа көрсеткіштен әлдеқайда жоғары. Олардың жұмыстарының 80%-ы үздік ғылыми-зерттеу журналдарында жарияланады. Бұл дегеніміз, біздің студенттер HR саласындағы ең заманауи білімге ие болады, сондай-ақ ертең адам ресурстарын басқару стратегиясын белілейтін адамдармен танысады.



Теориялық білімнен басқа, практикалық бөлім де маңызды. Бағдарлама тәжірибеге жеткілікті көңіл бөле ме?

Майова: Біз студенттерімізге HR саласында қажетті дағдылар мен білімдерді дамытуға және оларды жұмыс орнында қолдануға көмектесетін, шынайы өмірлік кейстермен жұмыс істеуге бірегей мүмкіндік береміз. Бұл бағдарламада студенттер еңбек құқығы, HR-аналитика, көшбасшылық, кәсіпкерлік, бизнес этика, өзгерістерді басқару сияқты және басқа да көптеген пәндерді оқиды.

Қызық естіледі екен, икемділік деп нені есептейміз? Бакалавриаттан кейін оқуды жалғастырғысы келетіндердің көпшілігі оқуды жұмыспен біріктіруге болатындығына күмән келтіреді …

Патрик: Біздің ойымызша, жұмыс істейтін кәсіпқойлар үшін өте ыңғайлы болатын оқыту форматын таңдадық. Сабақтар демалыс күндері, соның ішінде онлайн режимінде де өтеді. Оқыту ағылшын тілінде, орыс тіліне аудармасымен өтеді.

Майова: 22 айлық MHRM бағдарламасы АҚШ, Еуропа және бүкіл әлемдегі көптеген беделді және аккредиттелген бизнес-мектептер ұсынатын бағдарламаларға ұқсас. Бағдарламаның құрылымы демалыс күн режимін көздейді және оған қатысушылар ықтимал шығындарды барынша азайтып, жеделдетілген оқытудан өтеді. Бұл, әсіресе, оқу кезінде жұмыс орнынан кетпеуді қалайтын, орта буын мамандары үшін өзекті. Бұл біздің персонал бойынша менеджерлердің сауалнамасын растайды.

Бағдарлама шетелде тағылымдамадан өтуді қарастыра ма?

Майова: Иә, бағдарлама халықаралық тағылымдаманы көздейді – студенттер Erasmus +бағдарламасы аясында Назарбаев Университетінің әріптес еуропалық университеттерінің бірінде екі апта өткізе алады.
Патрик: Сонымен қатар, Бағдарлама адам ресурстарын басқару саласында сертификат алуға көмектесу үшін жасалған.

– Сұхбат бергеніңіз үшін рақмет!

Адамдар кез келген бизнестің сәттілігінде маңызды рөл атқарады. Қызметкерлердің өз жұмыстарын орындауы компанияның алға жылжуының тежегіші де, қозғалтқышы да болуы мүмкін. Персоналдыі тиімді басқару компанияға бәсекелестерден артықшылық береді және персоналды басқару маманы ретінде сіз өзіңіздің ұйымыңыздың қаншалықты сәтті болуында маңызды рөл атқарасыз. Бұл маңызды және жауапты миссия. Сіз MHRM сияқты, адам ресурстарын басқару бағдарламасында оқып, жаңа кәсіби деңгейге көтеріле аласыз. Бұл бағдарлама бойынша оқыту 2021 жылдың күзінде басталады. Өтінімдерді қабылдау басталды. Бағдарламаға түсуге қатысты егжей-тегжейлі ақпаратты Назарбаев Университеті Жоғары бизнес мектебінің сайтынан таба аласыз.