Кілт сөз бойынша іздеу

Адами ресурстарды басқару магистратурасы

MHRM – жұмыс тәжірибесі бар жас мамандар мен орта буынды мамандарға арналған бағдарлама. Сабақтар демалыс күнгі оқу форматында өтеді.

adm

Оқуға қалай түсуге болады?

Оқуға қалай түсуге болады?

  1. Admissions.nu.edu.kz сайтында тіркеліп, өз аккаунтыңызды құрыңыз және онлайн режимінде өтініш толтырыңыз;
  2. Құжаттар мен өтінішті сайтында жіберіңіз;
  3. Қабылдау комиссиясының шешімін алыңыз!

MHRM бағдарламасы туралы бейнені қараңыз



Онлайн-кеңес

Өтінімдерді қабылдау мерзімі


Ерте мерзімі

Жалпы мерзімі

Соңғы мерзімі

14 маусымнан 16 тамызға дейін (ақысыз)

17 тамыздан 30 қыркүйекке дейін (30 000 теңге)

21 қыркүйектен 27 қазанға дейін (40 000 теңге)

Қабылдау талаптары


Ағылшын тіліне нотариалды куәландырылған аудармасын қоса алғанда, транскриптімен бакалавр және/немесе магистр дипломының нотариалды куәландырылған көшірмесі. 

Шетелдік оқу орындарында бакалавр және/немесе магистр дипломдарын алған талапкерлер сол дипломның ресми транскрипт(терін) сұратып, тікелей осы поштаға Қабылдау департаментіне жіберуі керек: hrm.admissions@nu.edu.kz.


Резюме ағылшын тілінде жазылып, бір беттен аспауы тиіс.


MHRM бағдарламасына түсу үшін GPA 4-тен 2,67 болуы тиіс.


Үміткерлердің жұмыс тәжірибесі кемінде 2 жыл болуы керек . MHRM бағдарламасы белгілі бір жұмыс тәжірибесі бар жас және орта буынды мамандарға арналған.


IELTS / TOEFL тестілері MHRM бағдарламасы үшін міндетті. Алайда ағылшын тілі тестіне қойылатын минималды талап жоқ. 

Жалпы IELTS емтиханында 6,5 ұпайдан төмен алған үміткерлердің бағдарлама кезінде қосымша ағылшын тілі курсынан өтуге міндетті екеніне назар аударуыңызды өтінеміз.


Екі құпия ұсыным хат (электрондық пошта арқылы сұратып алғаннан кейін рецензенттер электрондық нұсқада жіберуі тиіс).

Өтінім үлгісіндегі "ЖІБЕРУ" түймесін басқаннан кейін ұсыным хат автоматты түрде сіздің рецензенттеріңізге жіберіледі. Ұсыным хаттың онлайн үлгісін толтыру үшін рецензенттеріңізге 5 күнге дейін уақыт берілетінін ескеріңіз.

Бізге екі ұсыным хат жіберуіңіз керек. Сіздің кәсіби дағдыларыңыз бен қабілеттеріңізді жақсы білетін адамдармен жазылған ұсыным хат өте жақсы бағаланады. Ұсыным хаттың біреуі қазіргі басшылығыңыздан болуы тиіс. Егер сіздің тікелей басшыңыз болмаса, сіз өзіңіздің қазіргі жұмысыңызда сізді жақсы білетін және сіздің кәсіби қызметіңізді сынай алатын адамнан сізге ұсыным хат жазып беруін сұрағаныңыз жөн. Өтініш беруге дейін рецензенттермен алдын ала хабарласыңыз. Сізге жақын адамдар немесе туыстарыңыз бен достарыңыз жазған ұсыным хат Қабылдау комиссиясымен қабылданбайды. Сіздің ұсыным хаттарыңызды түгел алғанға дейін өтініміңіз "жасалған" болып саналмайды..

Өтінім бермес бұрын, сізді рецензенттеріңіздің корпоративтік/ұйымдық электрондық пошта мекенжайларын көрсетіңіз және олар сізге ұсыным хаттарын жазуға келіскеніне көз жеткізіңіз.

Өтінім порталының жеке парақшасында "Өтінімді жіберу" түймесін басқаннан кейін анықтама үлгісі автоматты түрде сіз көрсеткен рецензенттердің электрондық пошта мекенжайларына жіберіледі.
Ұсыным хаттарды көрсетілген корпоративтік/ұйымдық электрондық пошта мекенжайларынан жіберуі керек екенін ескеріңіз.
Егер сізді рецензенттеріңізде корпоративті/ұйымдық электрондық пошта мекенжайлары болмаса, олар ұсыным хаттарының түпнұсқаларын/баспа көшірмелерін мөрленген жабық хатпен жіберуі тиіс.


Қазіргі уақытта сұхбат zoom платформасы арқылы онлайн режімде өткізіледі. Сұхбаттан өтуге шақыру жеке студентке жіберіледі.


Стипендиялардың шектеулі саны ғана қол жетімді болуы мүмкін.


Ағылшын тілінде бір эссе (эссе тақырыптары үміткердің онлайн өтінімінде бар).

Жиі қойылатын сұрақтар


Бұл бөлімде біз өтініш берушілерге бағдарламаға қатысты барлық өзгерістер туралы хабарлаймыз.


MHRM бағдарламасы белгілі бір жұмыс тәжірибесі бар жас және орта буынды мамандарға арналған.


Осы бағдарламаны аяқтағанша түлектер мемлекеттік және жеке меншік секторлардың кең аясында тиімді жұмыс істеу үшін адами ресурстар саласындағы мамандарға қажетті білімге, дағдыларға және қабілеттерге ие болады.

БАРЛЫҒЫ
41639eed00b81e557fe1f292573bdb06

Үміткерлерге кеңес

Үміткерлерге арналған кеңестеріміз бен нұсқауларымызды оқып шығыңыз.

Қосымша ақпарат