Кілт сөз бойынша іздеу

Адами ресурстарды басқару магистратурасы

MHRM – жұмыс тәжірибесі бар жас мамандар мен орта буынды мамандарға арналған бағдарлама. Сабақтар демалыс күнгі оқу форматында өтеді.

Курстардың сипаттамасы


• Негізгі курстар - 15
• Таңдаулы курстар- 3
• Халықаралық тәжірибе
• Тәжірибелік жоба, топпен жасалады


Бұл курс студенттерді жұмысты және ұйымдарды зерттеу саласындағы негізгі теориялық және тәжірибелік зерттемелерді талдаумен таныстыруға арналған. Ол жұмыс пен ұйымды қалыптастыратын макро, мезо және микро факторларды түсіндіруге бағытталған, сонымен бірге жұмыс пен ұйымдардың біздің әлеуметтік өмірімізді қалай қалыптастыратыны қарастырады.


Бұл курс АРБ саласындағы жетістіктерді жан-жақты қамти отырып, адами ресурстарды басқару саласының стратегиялық тұсын қамтиды. Курс АРБ стратегияларын әзірлеу және іске асыру төңірегіндегі тақырыптарды қарастырады. Бұл ұйымның кадрлық активтерін басқару аспектілерін жүйелі әрі стратегиялық тұрғыдан қарастырып, осы саясатты жүзеге асыруымен мен бәсекелестікте артықшылықтарға қол жеткізу тәсілдерімен байланысты болуы мүмкін.


Бұл курс қаржылық есептілік және қаржы нарығының экономикасы туралы негізгі тұжырымдамаларға арналған. Қаржылық есептілік корпоративтік басқару мен бақылауда, сондай-ақ инвестициялық және кредиттік шешімдер қабылдауда басты рөл атқарады. Қаржы нарықтары бағалы қағаздардың әртүрлі түрлерін шығарудың және сатудың негізгі алаңы.


Ұйымдағы этика - ұйымдағы жеке тұлғалардың мінез-құлқын талдауға бағытталған, бұл көшбасшыларға халықаралық контексте қызметкерлерді тиімді басқаруға мүмкіндік береді. Курс болашақ менеджерлерді даулы мәселелерді басқаруға қатысты шешім қабылдау дағдыларын дамытуды ынталандырады.


Курс статистиканы басқару тұрғысынан оқытылады, дегенмен ол ұсынылған әдістерді жан-жақты түсіну үшін қажетті теориялық негіз береді. Курс студенттерге мамандандырылған бағдарламалық жасақтама арқылы осы әдістердің тәжірибесімен танысуға көмектеседі.


Бұл курс адами ресурстарды басқарудағы халықаралық тәжірибе және салыстырмалы айырмашылықтарын және халықаралық контекстідегі тенденцияларды, сондай-ақ салыстырмалы АРБ-дағы мәдениетаралық мәселелерді зерттеуге бағытталған. Ол өзгеріп жатқан жаһандық жағдайдағы әртүрлілік пен бақылау арасындағы өзара әрекеттесуді басқаратын халықаралық, трансұлттық және көпұлтты компаниялар қабылдаған АРБ стратегиясына баса назар аударады.


Бұл курс қызметкерлер арасындағы қарым-қатынастың бірқатар теориялық, этикалық және мінез-құлық аспектілерін қамтиды. Тақырыптарға қызметкерлер арасындағы қарым-қатынас, жұмысты бағалау және ынталандыруды дамыту, әлеуметтік диалог және жеке келіссөздер, теңдік пен әртүрлілік, жұмыс және этика, қызметкерлермен қарым-қатынас, қызметкерлердің қатысуы және қызметкерлерді тарту, жұмыстан босату, оқыту және дамыту және әртүрлілікті басқару кіреді.


Бұл курс еңбек құқығының табиғаты мен түптамырына негізделеді және нормативтік-құқықтық базаның аспектілерін халықаралық және жергілікті тұрғыдан көрсетеді. Сондай-ақ, ол құқықтың күрделі салалары мен жұмыспен қамтудың құқықтық тенденцияларын зерттейді. Бұл студенттерге құқықтық аспектілерді сыни тұрғыдан талдауға және қызметкерлермен өзара қарым-қатынас тәжірибесінің салдарын бағалауға мүмкіндік береді.


Курста кадрлар философиясы, дарынды кадрлар конвейерін құру және сақтау стратегиялары мен құралдары жайлы ең үздік тәжірибелері; кадрлар басқаруының тұрақты циклін құру және сақтау мәселелері қарастырылады. Онда кадрларды тарту стратегиялары және ұйымды дамыту үшін жеке/кәсіби даму жүйелері көрсетіледі. Курс сонымен қатар ұйымды нығайтатын әдістерді және кросс-функционалды жүйелерді, сонымен қатар біліктілігі жоғары кадрларды алға тарту мен марапаттау стратегияларын зерттейді.


Курс қызметкерлердің жұмысы мен құзыреттілігін талдау, персоналды жоспарлау, кадрларды іріктеу және таңдау, тиімділікті басқару, өтемақы мен пайда, қызметкерлерді тарту, ұстап қалу және айналымы сияқты HR-менеджерлердің тәжірибесін зерттеуге арналған. Курс HR мамандары үшін қажетті "жұмсақ" дағдыларды жетілдіруге және адами ресурстарға қатысты маңызды мәселелер туралы хабардар болуға, сондай-ақ HR стратегияны компанияның бизнес стратегиясымен үйлестіруге көмектеседі.


Бұл курс студенттердің қызметкерлерді басқаруға және марапаттауға байланысты дағдыларын арттыруға арналған. Курс тиімділікті басқару және қызметкердің ұйымға қосқан үлесін арттыру үшін қолдануға болатын әртүрлі құралдар мен әдістер туралы терең түсінік береді.


This course gives an overview of moral philosophy and shows how such ethical theories apply in a business context. Common ethical issues are discussed with reference to their causes and consequences. Examples of both ethical and unethical business practice are given, and techniques and skills related to ethical management are provided.


Бұл курс кадрларды / адамдарды сараптауға кіріспе болады. Студенттер "адами ресурстар" пәні аясында сараптауды қолдануды зерттеуге мүмкіндік алады.. Шақырылған спикерлер мен сыныптағы кейс-стадилар арқылы студенттер HR көшбасшылық, қызметкерлерге жәрдемақы, өтемақылар, кадрларды алу және оларды басқару саласында тәжірибесі бар HR мамандарынан үйренеді. Курс барысындағы деректерді қолдана отырып, баяндаудың тиімді әдістері сараптама әдісінің сәтті болуына қалай көмектесетіні де қарастырылады.


Бұл курс кәсіпкерлік пен құрылып қойған корпорацияда бизнесті дамытуға арналған. Ол ішкі корпоративтік контексте кәсіпкерлікпен байланысты нақты мәселелерді шешеді және қатысушыларды жаңа корпоративтік кәсіпорындарды сәтті бастауға және дамытуға және/немесе бизнес құрушы ретінде болашақ мансапқа дайындайды.


Бұл курстың мақсаты - ұйымдастырушылық өзгерістердің қозғаушы күштері, өзгерістерге қажеттілікті диагностикалаудың таңдалған құралдары және мемлекеттік немесе жеке секторда немесе отандық немесе халықаралық/көпұлтты компанияларда болсын, қазіргі заманғы ұйымдардағы өзгерістер процесін басқарудың әртүрлі тактикасы туралы түсінік алу.


Жобаны басқару курсы жобаны сәтті басқару үшін қажетті принциптерге, құралдар мен әдістерге бағытталған. Жобаның толық циклінің шеңберін пайдалана отырып, курс (i) жобаларды бағалау мен іріктеуге, (ii) жобаларды жоспарлау мен ойластыруға, (iii) жобаларды қадағалау мен бақылауға және (iv) тәуекелдерді басқаруға қатысты түрлі аспектілерді қамтиды.


Бұл курста студенттер көшбасшылықтың әртүрлі аспектілерін зерттеп, қазіргі ұйымдардағы көшбасшылардың негізгі мәселелері мен мақсаттарына шолу жасайды. Сонымен қатар курс бүкіл әлемде көшбасшылыққа қойылатын талаптардың қалай өзгеретінін, соның ішінде көшбасшылықты қалыптастыратын әлеуметтік, мәдени, психологиялық және эмоционалды динамиканы талдауды зерттейді. Осы курстың көмегімен студенттер ұйымдастырушылық мәселелер мен көшбасшылардың проблемалары, сонымен қатар ұйымдарды тиімді басқаруға қажетті мінез-құлық, атрибуттар және қарым-қатынас дағдылары туралы түсінік алады.


Бұл курс жеке мансап пен ұйымдастырушылық сәттіліктің маңызды құрамдас бөлігі ретінде сауатты қарым-қатынасты көрсетеді. Студенттер бизнес-ортадағы сауатты қарым-қатынас негіздерін түсіну, сонымен қатар тиімді, анық, сенімді және жеке адалдық пен көшбасшылықтың негізіне негізделген өзінің ауызша қарым-қатынасын бағалау және жақсарту үшін жұмыс істейді. Студенттер түрлі білім мен қызығушылық деңгейі бар аудитория үшін өзектілігі мен артықшылықтарын көрсететін тиісті және тиімді визуалды құралдарды қолдана отырып, презентацияларды әзірлеу мен өткізуге үйренеді.