Кілт сөз бойынша іздеу

Қаржы саласында магистр дәрежесі

НУ БЖМ қаржы саласында магистр дәрежесін алу бағдарламасы ( бұдан әрі – қаржы саласында магистр дәрежесін алу бағдарламасы) қаржы саласында мансап құруға ұмтылатын адамдарға арналған арнайы, сандық тұрғыдан бағаланатын оқу

Курстардың сипаттамасы


Бағдарламалық шолу: ережелері, саясат пен рәсімдер.

Топ және қоғамдастықты қалыптастыру.

Іскери қарым-қатынас.


1. Статистикалық әдістер
2. Қаржылық есеп
3. Қаржылық экономика
4. Қаржы принциптері
5. Қаржы нарықтары мен институттары
6. Инвестиция I
7. Қаржылық модельдеу
8. Қаржылық эконометрика
9. Инвестициялар II
10. Корпоративтік қаржы
11. Активтерді эмпирикалық бағалау
12. Әлемдік нарықтардағы экономикалық саясат.
13. Диссертациялық зерттеу бойынша семинар.


Студенттер негізгі курстарды сәтті аяқтаған соң үш элективті курсты таңдайды. Ұсынылатын элективті курстар тізімі студенттердің мүдделері мен ПОҚ жұмысбастылығына қатысты өзгере алады.

Жеке меншік капиталы
Advanced Эконометрика
Корпоративтік басқару
Ислам банк қызметі және қаржы
Кәсіпкерлік қаржыландыру
Сақтандыру / актуарлық ғылым


Теориялық оқу мен Қазақстан Республикасының қаржы мекемелеріндегі шынайы жағдайлардың арасында байланыс орнату үшін студенттер Алматы қ. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінде 2 апталық тәжірибеленуден өтеді. Оқу бағдарламасын Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі дайындайды, оған қаржы мекемелері мен ұйымдарының сарапшылары мен менеджерлері, сонымен қатар қаржы нарығын реттейтін органдардың өкілдері белсенді қатысады.  Студенттер Ұлттық банкіде және оның филиалдарында тәжірибеленуден өту кезінде тапсырмалар орындап, өз тұжырымдарын жасайды, жоғары басшылыққа өз ұсыныстарын енгізеді. Сонымен қатар олар осы ұйымдардың бас ғимараттарына сарапшылармен кездесуге, презентацияларын тыңдауға, жұмыс барысын бақылауға, сонымен қатар мансапты дамытудың әр түрлі жолдары туралы, элективті курстарды таңдау, магистрлік диссертация үшін ойлары, бағдарлама бойынша оқуды аяқтаған кезде туындайтын мансаптық өсу мүмкіндіктері туралы ойлауды бастау үшін  кәсіби байланыстар орнату мақсатында  баратын болады.


Теориялық оқу мен шынайы жағдайдың арасында байланыс орнату үшін студенттер халықаралық серіктеспен ұйымдастырылған әлемдік қаржы орталықтарының бірінде 2 апталық тәжірибеленуден өтетін болады. Студенттер тәжірибелік білім мен байланыстардың құрылуына бағытталған қаржы компаниялары мен шараларына қатысады. Оқу жоспарының бір негізгі курсын аяқтауға қосымша ретінде қаржы саласындағы кәсіпқойлар студенттерді олардың мамандану саласына қатысты тиісті құралдармен және тереңдетілген аналитикалық материалдармен қамтамасыз ету үшін бірнеше тәжірибелік сабақ өткізеді.


Студенттер ПОҚ құрамынан тағайындалған кеңесшінің жетекшілігімен бекітілген топтық жобаны жазып, ұсыну керек, содан кейін ауызша қорғауы керек. Топтық жобаны жазу мәліметтерді жинау мен талдауды, талдау нәтижелерін құрылымдауды, сонымен қатар нақты анықталған зерттеушілік міндетті шешу үшін нақты тұжырымдарды ұсыну және қорғау.