Кілт сөз бойынша іздеу

AIX және Назарбаев Университеті тау-кен және қаржы саласындағы ынтымақтастық мақсатында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

ЖАНАЛЫҚТАРҒА ОРАЛУ

AIX және Назарбаев Университеті тау-кен және қаржы саласындағы ынтымақтастық мақсатында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

Astana International Exchange («AIX», «Биржа») AIX және Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебі (НУ ЖБМ) мен Тау-кен ісі және геоғылымдар мектебі (НУ ТКМ) арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Тараптар тау-кен өнеркәсіп активтері туралы базасын және әлеуетті эмитенттер үшін листинг критерийлерін құру арқылы шағын және орта көлемдегі тау-кен компаниялары листингін АIX-те ілгерілету мақсатында ынтымақтасуға ниетті.

Бұдан басқа, НУ ЖБМ базасында нақты уақыт режимінде нарықтардағы процестерді визуалдайтын және нарықтық деректер терминалдарын қосу мүмкіндігі бар оқытуға арналған сауда платформасын әзірлеу көзделіп отыр.

AIX және НУ студенттері университеттік орта үшін де, сонымен қатар AIX үшін де өзекті болатын мәселелер, яғни шектес капитал нарықтары, құнды қағаздар құру, шикізат нарықтары, нарықтың өтімділігі және орнықты даму сияқты әртүрлі бағыттарды қамтитын бірлескен зерттеулер жүргізеді. Сондай-ақ студенттердің магистр дәрежесін алу бойынша дипломдық жұмыстары үшін ақпараттық қолдау алу және AIX-те тағылымдамадан өті бағдарламаларына қатысу мүмкіндігі болады.

AIX төрағасы Ренат Бектұров былай деп мәлімдеді:

«Қазақстандағы екі прогрессивтік ұйым құрған бизнес пен ғылым арасындағы бұл ынтымақтастық ел үшін инновация көзі ретінде елеулі пайда әкелуі мүмкін. Бірлескен жұмыс сала үшін пайдалы деректер құруда, жаңа өнімдер әзірлеу мен қолданбалы зерттеулер жүргізуде екі тараптың интеллектуалдық әлеуетін пайдалануға мүмкіндік береді».

Профессор, доктор Патрик Дюпарк, Назарбаев Университеті Жоғары бизнес мектебінің деканы былай деп атап өтті:

«Назарбаев Университеті Astana International Exchange компаниясымен әріптестік қарым-қатынас орнатып, ынтымақтасып жатқанына өте қуанышты. Қол қойылған өзара түсіністік туралы меморандум НУ түрлі мектептеріне AIX-пен бірге нарықтарға қол жеткізе отырып, университеттің ноу-хауын біріктіретін жобалар, AIX генерациялайтын аналитикалық мәліметтер мен деректер бойынша жұмыс істеуге мүмкіндік береді».