Кілт сөз бойынша іздеу

НУ ЖБМ түлектерінің қауымдастығы. Оның күші неде?

ЖАНАЛЫҚТАРҒА ОРАЛУ

НУ ЖБМ түлектерінің қауымдастығы. Оның күші неде?

«Alumni of Nazarbayev University Graduate School of Business» коммерциялық емес ұйымы немесе Назарбаев Университеті Жоғары бизнес мектебі түлектерінің қауымдастығы өз қызметін 2017 жылы бастады және Назарбаев Университеті Жоғары бизнес мектебінің белсенді түлектерінің бастамасы бойынша 2019 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығының резиденті ретінде ресми тіркелді.

Бұл сұхбатта біз 2016 жылғы Executive MBA бағдарламасының түлегі, көшбасшы және Қауымдастық кеңесінің төрағасы Жарбасов Нұрасыл Уәлиұлымен әңгімелестік.

1. Нұрасыл, осындай түлектер қауымдастығын құрудың мақсаты неде деп ойлайсыз, бізге айтып беріңізші.

- Өздеріңіз білетіндей, көптеген мамандар үшін магистрлік дәреже алу белгілі бір академиялық білім алуды ғана емес, сонымен бірге өмірдегі жаңа кезеңді де білдіреді. Олардың көпшілігі мансаптық жолын қайта қарастырады, жұмыс орнын, мамандануын немесе тіпті мамандығын өзгертеді, ал біреу жалдамалы жұмыстан кәсіпкерлікке немесе керісінше кетеді. Нетворкинг бағдарламаның негізгі құндылықтарының бірі ретінде мансаптық басқару мен жоспарлау мақсаттарына да қызмет етеді. Diversity сияқты бағдарлама сыныбын қалыптастырудың осындай қағидатының арқасында студенттер өз сыныптастарының тәжірибесі туралы, сондай-ақ әртүрлі салалардағы, қазақстандық және халықаралық бизнестегі, квазимемлекеттік сектор мен мемлекеттік органдардағы әртүрлі кәсіптердің шарттары мен мүмкіндіктері туралы бірінші болып білуге мүмкіндігі бар.

Менің ойымша, түлектер қауымдастығы бағдарламаны аяқтағаннан кейін де нетворкингті сақтау мен қолдаудың өте маңызды мақсатына қызмет етеді, өйткені бұл академиялық білім сияқты бағдарламаның маңызды артықшылығы.

Бұдан әрі, біз үшін, жалпы алғанда, Қазақстандағы альма матер үшін түлектердің қатысуын дамыту мәдениетіне, өз мектебіне, университетке және біздің қоғамға, әсіресе егер олар өз білімін гранттар есебінен алған болса, "giving back" мәдениетіне ықпал ету маңызды. Бұл ретте, біз түлектің өмір бойы олардың қай жерде өмір сүруіне байланысты әртүрлі көріністерде осындай қатысуды көреміз.



2. Қауымдастық оның мүшелеріне не береді деп ойлайсыз? Оның белсенді қатысушылары үшін қандай артықшылықтар бар?

- Бірінші кезекте, тұрақты негізде көптеген пайдалы іс-шаралар өткізіледі, онда біздің қоғамдастық мүшелері пікір білдіретін көшбасшылардан бастап, тек Қазақстанда ғана емес, шетелде де жаңа нәрселерді үйреніп, қарым-қатынас жасай алады, өз топтастарымен және басқа да когорттардың өкілдерімен кездесіп, өз идеялары туралы айтып, оларды талқылайды, өз жобалары үшін серіктестер табады, жұмысқа орналастыру немесе өз бизнесін бастау жөнінде пікір алмасады, өнімділікті, креативтілікті және еңбек ету қабілеттілігін арттыру тәсілдерімен бөліседі.

Сондай-ақ, біз барлық түлектерімізге өздерінің жеке брендін, бизнесін ілгерілету және сараптаманы дамыту үшін өздерінің білімдерімен, дағдыларымен, тәжірибесімен және көзқарасымен бөлісуге және өз саласында сарапшы ретінде өзін танытуға мүмкіндік бере отырып, біздің алаңды пайдалануға мүмкіндік береміз.

3. Қауымдастықтың негізгі миссиясы неде?

- 3 жыл ішінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеген қауымдастықтың миссиясы әлеуметтік-экономикалық проблемалардың тиімді шешімдерін іздеу үшін көшбасшылардың, басқарушылар мен кәсіпкерлердің бірегей қауымдастығын құру, сондай-ақ университетке түлектердің зияткерлік, шығармашылық және іскерлік әлеуетін стратегиялық дамытуға жәрдемдесу болып табылады.

4. Біздің қауымдастық несімен ерекшеленеді? Оның ерекшеліктері қандай?

- Біздің қауымдастықтың ерекшелігі – бұл көпжақты платформа. Осылайша, біз, ең бастысы, қоғамдастық мүшелерімен, сондай-ақ әріптестерімізбен, кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың қоғамдық және халықаралық институттарымен бірлесіп құндылықтарды жасаймыз. Біз НУ ЖБМ студенттері мен түлектерін жұмылдыру, дамыту және қауымдастық қызметінің бағыттарын жүзеге асыру және оның миссиясын іске асыру үшін олардың қабілеттерін, біліктілігін, білімі мен тәжірибесін оң өзгерістер арқылы біріктіреміз.

5. Қауымдастықтың негізгі құндылықтары қандай? Олар мақсатты аудиторияға қалай таратылады?

Біз үшін ең үлкен құндылық:
• біздің студенттер мен түлектер – бұл олардың жеке брендін сарапшылар ретінде дамыту мен ілгерілетуде, жеке тиімділігін арттыруда және әлеуетін ашуда қолдау көрсету арқылы таратылады.

• біздің Альма матер – біз табыстылығы, сарапшылығы және танылуы білім беру бағдарламаларының жоғары сапасының ең жақсы дәлелі болып табылатын, сайып келгенде, әлеуетті үміткерлер үшін оқытудың тартымдылығын арттыратын түлектеріміз арқылы мектеп пен университет брендінің дамуына тікелей ықпал етеміз.

• әріптестік қатынастар – біздің түлектеріміз – әртүрлі салада алдыңғы қатарлы бизнес құзыреттіліктері расталған тәжірибелі сарапшылардың ауқымды қатарынан бірегей сараптамаға қол жеткізуді ұсыну.
Біздің әріптестеріміз – «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Үздіксіз кәсіби даму бюросы, Астана халықаралық қаржы орталығының үздіксіз кәсіби даму бюросы, НУРИС Назарбаев Университетінің инновациялық кластері.

6. Қауымдастық қызметінің негізгі бағыттарын сипаттаңыз.

- Қауымдастықтың даму стратегиясында қазіргі кездегі қызметтің негізгі төрт негізгі бағыты көрсетілген:
1. Нетворкинг – мектеп және университет түлектерінің, студенттерінің, оқытушы-профессорлар құрамы мен қызметкерлерінің, сондай-ақ мүдделі үшінші тараптармен қарым-қатынасы үшін мүмкіндіктер жасау және жәрдемдесу: мерекелер, форумдар, бизнес-таңғы ас, зияткерлік ойындар, қайырымдылық акциялары мен жиындар және т. б.

2. Оқыту – НУ студенттері мен түлектері, сондай-ақ әріптестер және мектеп түлектері мен студенттері қатарынан жаттықтырушы-сарапшыларды тарта отырып, басқа да мүдделі тараптар үшін оқыту іс-шараларын: тренингтер, мастер-кластар, семинарлар, вебинарлар, онлайн-мектеп және т. б. өткізу.
3. Зерттеулер – кәсіпкерлік, қаржы және экономика саласында зерттеулер жүргізу, кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін бизнес-кейстер жазу

4. Ілгерілету – әлеуметтік медиа және БАҚ құралдарын және бірінші кезекте, түлектер арасынан демеушілермен жұмысты пайдалана отырып, КЕҰ, PR және GR ілгерілету және коммуникацияларды ұйымдастыру арқылы КЕҰ-ның құнды ұсыныстарын жеткізудің жеке арнасын құру және дамыту.



7. Қауымдастық түлектерге, қазақстандық қоғамға және НУ-ға қалай көмектеседі?
2020-2021 жылдардағы пандемия кезінде қауымдастықтың жұмысы туралы айтып беріңізші.

Біз білім және дағдылармен қуана бөлісеміз, осылайша, мысалы, 2018-2019 жылдары «Атамекен»ҰКП-ның 100-ден астам бизнес-тренерлері үшін өтеусіз негізде сату, экспорт, қаржы, цифрлық маркетинг және операциялық менеджмент бойынша мастер-кластар өткізілді. Сондай-ақ НУ ЖБМ түлектері қауымдастығының белсенді мүшелері тең авторлар ретінде сөз сөйледі және "Bastau Business" оқу құралы бойынша өз сараптамалық рецензиясын берді.

Сол кезде Назарбаев Университетінде "Education for all" инклюзивті білім беру орталығы үшін тәжірибелі мамандардан негізде НУ ЖБМ түлектерінен өтеусіз кәсіпкерлік, тайм-менеджмент, қаржылық сауаттылық және көпшілік алдында сөйлеу дағдылары бойынша мастер-класстар мен тренингтер өткізілді.

2019 жылы Назарбаев Университетінің NURIS инновациялық кластерінің 90-нан астам стартаптары мен қызметкерлері үшін кәсіпкерлік, қаржы, инновация және маркетинг бойынша семинарлар өткізілді. 2020 жылы NURIS-пен бірге тұжырымдама әзірленді және тек инвесторларға ғана емес, қазақстандықтар үшін бизнес-періштелер мектебі іске қосылды. Биыл сондай-ақ NURIS-пен әріптестікте бизнес-періштелер мектебінің екінші легі өткізілді.

Пандемия кезінде "Intobusiness", Инстаграм платформасында қазақ және орыс тілдерінде түрлі саланың кәсіби мамандарымен тікелей эфирлер сериясы іске қосылды

Қауымдастық "NU Community Covid-19 Solidarity Initiative" операторы болды және ел үшін алдыңғы шептегі жұмыскерлерді, яғни дәрігерлерді, медбикелерді, техперсоналды және т.б. қолдау арқылы Назарбаев Университеті қоғамдастығының COVID-19-ға қарсы күрес жөніндегі қайырымдылық бастамасын белсенді түрде қолдады. Осылайша, 2020 жылдың сәуір айынан бастап біздің қауымдастық Қызылорда, Тараз, Шымкент, Түркістан, Қарағанды және Нұр-Сұлтан қалаларындағы ауруханаларға ЖҚҚ, тамақтану, термометрлер және пульсоксиметрлер түрінде қолдау көрсетті.

Сонымен қатар, НУ Әлеуметтік даму қорының демеушілігімен Назарбаев Университеті қоғамдастығының «NU Community COVID-19 Solidarity Initiative» ынтымақтастық бастамасы шеңберінде «Alumni of Nazarbayev University Graduate School of Business non-Profit Organization» КЕҰ атынан денсаулық сақтау ұйымдарына жеке қорғаныс костюмдерін ұсыну түрінде демеушілік көмек көрсетілді, онда жиынтыққа мыналар кіреді: капюшоны бар комбинезон, ұзын бахилалар, медициналық қолғаптар, FFP2/N95 респираторы, қорғаныс көзілдірігі.



8. Қауымдастықты одан әрі дамыту бойынша алдағы жоспарларыңыз қандай?

- Біз ешбір жағдайда қол жеткізген жетістіктерімізбен тоқтап қалуды жоспарламаймыз. Қазірдің өзінде біз барлық бағыттар бойынша жұмысты жандандырудамыз.

Алайда, ағымдағы жағдайға да біз бейімделу үстіндеміз, мысалы, оқуға қатысты, біздің қоғамдастықтың барлық мүшелері оны кейіннен пайдалану мақсатында білім базасын қалыптастыру үшін түлектеріміздің сараптамасын цифрландыруға көп көңіл бөлінеді.

Біз Назарбаев Университетінің түлектерін тартудың жалпы стратегиясын әзірлеуге қатыстық, қазір Alumni cluster құрамына НУ-дың барлық мектептердің өкілдері кіреді, стратегияның жол картасын әзірлеуге кірісеміз.

НУ коронавируспен күресу бойынша ынтымақтастық бастамасы аясындағы жұмысын жалғасутырда.
Қазақстандық және басқа да сарапшылармен сұхбат циклін іске қосу, ашық және жабық форматтағы сапалы нетворкингтік іс-шараларды өткізу жоспарда бар.

9. НУ ЖБМ түлектері қауымдастық жұмысына қалай қатыса алады? Сіздің ЖБМ түлектеріне деген жолдауларыңыз бен тілектеріңіз

Біз барлық студенттеріміз бен түлектеріміз үшін ашықпыз, олардың өршіл іскерлік және әлеуметтік жобаларында қолдауға дайынбыз. Біздің қоғамдастықтың белсенді мүшесі болу және барлық артықшылықтарды пайдалану үшін кіру жарнасы қажет емес, тек іске деген оң көзқарас, біздің қоғамдастықтың және бүкіл Қазақстанның пайдасына "to give back" ынта мен ықылас қажет.

Мен ЖБМ-ның барлық бүгінгі және болашақ түлектеріне әрқашан белсенді болуын және НУ ЖБМ бағдарламалары бізге ұсынатын көптеген мүмкіндіктер мен құндылықтарды, бағдарлама барысында және ол аяқталғаннан кейін баға жетпес нетворкингті, біздің мүшелеріміздің – олардың әртүрлі салаларының нақты сарапшыларының білімін, тәжірибесін және жоғары моральдық қасиеттерін, өзара сенім рухын, өзара көмектерін пайдаланып, қоғамдастыққа өзара қолдау көрсетуді тілеймін.