Кілт сөз бойынша іздеу

MSF бағдарламасының студенттерін құттықтаймыз!

ЖАНАЛЫҚТАРҒА ОРАЛУ

MSF бағдарламасының студенттерін құттықтаймыз!

26 тамызда құрамында «Қаржы саласындағы магистр дәрежесі» бағдарламасының 3 студенті Файез Наджиб, Руслан Байтлесов және Педро Мантильи бар NUGSB командасы доктор Том Винаймонттың жетекшілігімен, IFTA (Азияның қаржы технологтары институты, Гонконг) ұйымдастырған Азиялық ФинТех Бизнес-жоспарлары бойынша жарыста 2-ші орынға ие болды.

Байқау үшін команда SatuPal (СатыпАл) қосымшасын іске қосудың бизнес - жоспарын жазды және ұсынды, онда команда шағын және орта бизнесті сатып алу үшін автоматтандырылған бағалауды сарапшылар жасаған бағалармен біріктіруді жоспарлап отыр. Азиялық ФинТех бизнес-жоспарлары жарысының төрешілері "SatuPal негізіндегі идея жоғары әлеуетке ие және олар іске асырылып жатқан жоба туралы естуді асыға күтеді" деп мәлімдеді. Байқауға қатысу үшін IFTA Гонконг, Сингапур университеттерінен және Жапония, Қытай, Корея және Қазақстанның жекелеген университеттерінен магистранттардың бір-бір командасын шақырды.

Біздің команданы жүлделі орынмен құттықтаймыз және SatuPal бағдарламасын одан әрі іске асыруда табыс тілейміз!