Кілт сөз бойынша іздеу

Табысты бастау үшін дағдыларды қайдан алуға болады - zakon.kz сайтындағы мақала

ЖАНАЛЫҚТАРҒА ОРАЛУ

Табысты бастау үшін дағдыларды қайдан алуға болады - zakon.kz сайтындағы мақала

Сәуле Батыралиева бизнес мектепте оқу өзінің стартап-жобасын іске қосуға қалай көмектескенін әңгімелеп берді.

Үш баланың анасы, стартапшы, Назарбаев Университеті Жоғары бизнес мектебі MBA бағдарламасының студенті Сәуле Батыралиева бизнес мектепте оқудың өзінің стартап-жобасын іске қосуға қалай көмектескенін айтып берді.

— Осы жылды қорытындылай келе мынаны айта аламын, ол мен үшін өте мазмұнды өтті. Astana Business Campus қолдауымен өзімнің стартап-ымның негізін қаладым, инкубациялық бағдарламаның жеңімпазы болып, бастапқы қаржыландыру алдым, — деп пікір бөлісті Сәуле.
Жоба туралы

uniclub.kz – бұл балалар үшін қаланың кез келген клубтарында спорттық та, сондай-ақ білім беру сабақтарын да брондауға арналған онлайн-платформа.

— Көптеген ата-аналар өз балаларын жан-жақты дамытқысы келеді, ал біздің платформамыз – олар үшін құрал болып табылады. Олар UniPass бірыңғай абонементін сатып алады, ол әр түрлі клубтарды, үйірмелер мен сабақтарды байқап көруге мүмкіндік береді. Біздің промо-сайтымызда клубтар туралы ақпараттар тауып, бізге өтінім қалдыруға болады, — дейді Сәуле.

Оқу туралы

Сәуле оқуын жалғастыру туралы шешімге келгенде, өзінің бизнесін ашу жоспары бар болатын, алайда бизнес білімі жетпейтін. Ол Назарбаев Университеті Жоғары бизнес мектебі MBA бағдарламасын таңдады.

— Маған курстардың құрылымы, тақырыптары, бастысы мектептің Duke’s Fuqua School of Business-пен ынтымақтастығы ұнады. MBA бағдарламасы менің үмітімді ақтады — бізге бизнес үшін қажетті дағдыларды дамытуға көмектеседі және мен бүкіл материалды өз жобамның тұрғысынан, былайша айтқанда «практикада» зерделеймін. Сабақтарды білікті оқытушылар жүргізеді, бұдан басқа, бизнес сарапшылармен кездесулер тұрақты өткізіледі, олар өздерінің тәжірибесімен бөліседі. Менің жолым болып ақылды әрі алдарына мақсат қоя білетін жастармен бірге оқимын, мен өзіме пікірлестер тауып, құнды «нетворкинг-ті» жолға қойдым. Бизнес-мектептегі оқу маған өз бизнесімді іске қосуға мүмкіндік берген қажетті практикалық білім мен дағдылар берді, — деп әңгімеледі Сәуле.


қайнар көзі zakon.kz