Кілт сөз бойынша іздеу

«Басшыларға арналған деректерді талдау» семинар табысты НУ ЖБМ аяқталды

ЖАНАЛЫҚТАРҒА ОРАЛУ

«Басшыларға арналған деректерді талдау» семинар табысты НУ ЖБМ аяқталды

Ағымдағы жылдың 16-27 қараша аралығында Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебі «Басшыларға арналған деректерді талдау» бағдарламасын ашық тіркеумен онлайн форматында алғашқы рет өткізді. Бағдарламаны НУ Жоғары бизнес мектебінің экономика саласындағы ассистент-профессоры Атану Ракшит жүргізді.

Деректерді талдау - қазіргі заманғы менеджерлер үшін қажетті дағды, сондықтан курс деректерді өз бетімен өңдемейтін, бірақ дайын деректер негізінде шешім қабылдайтын қызметкерлерге арналған (мысалы, қаржылық есеп түрінде). Тренинг барысында қатысушылар бизнес-эксперименттердің негіздерімен және A/B тестілеуімен танысты, деректер негізінде шешім қабылдағанда нені іздеу керектігін және когнитивті қателерді қалай жою керектігін, сондай-ақ деректерді талдаудың басқа негіздерімен танысты.

Тренинг кезеңінде д-р Ракшит кешкі уақытта 1,5 сағаттан тұратын 6 интерактивті сессия өткізді. Қатысушылар курстық материалдар орналасқан оқу платформасына тіркелді. Сондай-ақ, осы платформада профессормен өткізілген вебинарлардың екі тілде жазбалары орналастырылды, оларды қатысушылар ыңғайлы уақытта тыңдай алады.

Жоғары бизнес мектебі бұл бағдарламаны 2021 жылда өткізілетін қысқа мерзімді бағдарламалардың тізіміне енгізді. Біздің ысқа мерзімді бағдарламалар тұралы қосымша ақпарат сайтымызда табаласыз.