Кілт сөз бойынша іздеу

МВА бағдарламасы

Жетекшілерге арналған МВА бағдарламасы (EMBA) әртүрлі салалардағы кәсіпқойларды біріктіре отырып, бірегей оқу ортасын ұсынады. Оқыту орыс тіліне синхрондық аудару арқылы ағылшын тілінде жүргізіледі.

9ede0622a3dac2a8a77705aa86742132

МВА бағдарламасы

Біздің MBA бағдарламамыздың нәтижесінде Сіздер бизнестің күрделі проблемаларын құрылымдауға және талдауға қажетті шешімдерді қабылдау құралдарын қолдануға үйренесіздер. Сіздер жаңа идеялармен және ойлау әдістерімен жұмыс істейтін боласыздар. Сіздер өздеріңіздің жеке және кәсіптік көшбасшылық дағдыларыңызды жақсартасыздар.

Біздің MBA бағдарламамыз Сіздерді өзара тәуелділік жағдайындағы жаһандық экономиканың күрделілігі мен тұрақсыздығы кезінде табысты жұмыс істеуге дайындайды.

МВА бағдарламасынан өту барысында Сіздер жаңа дағдыларды, күрделі проблемаларды шешудің жаңа тәсілдерін меңгересіздер және өздеріңізге деген сенімдеріңізді арттырасыздар.


НЕЛІКТЕН НУ ЖБМ ЕМВА?

Стратегиялық ынтымақтастық

МВА оқу бағдарламасы МВА бағдарламасы бойынша әлемдік көшбасшыға айналған Дьюк Университетінің (АҚШ) Фукуа бизнес мектебімен бірге әзірленді. МВА бағдарламасы Қазақстанда және Орталық Азияда бизнесті жүргізудің қарқынды өзгеретін темпіне сәйкес келеді

Білім-күште

Ғылыми және академиялық қоғамдастықтың ұстазынан: дүние жүзі бойынша білім алған, жұмыс жасаған және зерттеушілік қызметін жүзеге асырған түрлі біліктіліктері бар профессорлардан білім алу мүмкіндігі бар.

Жұмыс істе және оқы

МВА бағдарламасы бойынша оқу негізгі жұмыспен қатар жүргізіледі, бұл сізге кәсіби қызметіңізден қол үзбей, МВА дәрежесін алуыңызға мүмкіндік береді.

Іскерлік байланыстар

Қазақстанда және шетелде бизнес пен үкімет салаларында табысты көшбасшылар болып табылатын НУ БЖМ түлектерінің жетіліп келе жатқан желісінің бір бөлігіне айналыңыз

Әлемдік деңгейлі оқытушылар

Назарбаев Университеті Бизнес жоғары мектебінің профессорлары өз пәні бойынша көшбасшылар болып табылады. Олар Stanford, Wharton, INSEAD сияқты әлімдік үздік университетерде оқыды және жұмыс істеді, сондай-ақ бизнес пен өнеркәсіп ұшырайтын заманауи мәселелер бойынша зерттеу қызметін жүзеге асыруда.

Халықаралық резиденция

Біздің студенттер АҚШ, Дьюк университетіне халықаралық тәжірибе алу үшін екі аптаға жіберіледі.

Топтар туралы мәлімет 2021

Кампус:

Нұр-Сұлтан, Қазақстан

Тіл:

Ағылшын тілі синхронды

Жеткізу режимі:

Демалыс күндеріне негізделген

Ұзақтығы:

21 ай

Бағдарламаның басталуы:

Тамыз

Әлемдік тәжірибе:

Халықаралық резидентура

Еркек68%

Әйел32%

Орташа жұмыс тәжірибесі

13 жыл

35 жас

Орташа жас

almasadam

Пікірлер

The EMBA program at NU GSB provides me with an opportunity to acquire world-class knowledge from distinguished staff from around the world, while staying in Kazakhstan, allowing me to continue to work [...]

«Самұрық Энерго» АҚ Бас директоры

Менің есімім Алмассадам Саткалиев. 

Мен Назарбаев Университеті Жоғарғы мектебінің EMBA бағдарламасының студентімен (Оқу курсы 2014). 

Қазіргі уақытта «Самұрық Энерго» АҚ Бас директоры ретінде қызмет атқарамын. Самұрық-Энерго – энергетика секторында мемлекеттік саясатты іске асыру мандаты бар құрылтайшы компания. Компания қызметінің негізгі салалары өндіру, беру және электр энергиясын бөлу, сондай-ақ көмір өндіру болып табылады. Самұрық – Энерго компаниясы елдің барлық аймақтарында ұсынылған, қызметкерлерінің саны шамамен 24 мың адам. Компанияға Қазақстанның жалпы электр қуатының шамамен 47%, шамамен елдегі электр энергиясы мен көмір өндіру 40% өндірісі тиісті.

Бүгінгі күні жаһандану заманында, компанияның бәсекеге қабілеттілігінің ең маңызды көзі оның ішкі мүмкіндіктері болып табылады. Осылайша ұйымды ойдағыдай басқарып, барынша ішкі тиімділік пен объективті қиыншылықтарға жауап беруді қамтамасыз етіп, компания ресурстарын тиімді жұмылдыру үшін

топ–менеджерлердің болуы талап етіледі.

Республикасы Президентінің бастамасымен құрылған Назарбаев Университеті бүгінгі таңда өңірдегі ең жақсы білім беру және ғылыми жобалардың бірі болып табылады.

NUGSB-тың Дьюк Университетінің Фукуа Бизнес Мектебінің стратегиялық әріптесі, бүкіл әлем бойынша жетекші бизнес-мектептерінің бірі ретінде білім берудің бірегей әдістері мен тәсілдерін қамтамасыз етеді. Университеттің ерекше факультеті және  озық ғылыми-зерттеу базасы Қазақстанның ерекшелігін есепке ала отырып жаһандану мен интеграцияның бүгінгі проблемаларын қанағаттандыру үшін қажетті халықаралық білім мен тәжірибені игеру үшін NUGSB әдістерін қалаулы етеді. Бұл менің білім алу мақсаттарыма қол жеткізу үшін және компанияны басқарудағы шешімдерді қабылдау дағдыларын жаңа идеялар мен стратегияларды іске асыру үшін таптырмайтын мүмкіндік.

NU GSB-дағы EMBA бағдарламасы бүкіл әлемнің көрнекті персоналдарынан әлемдік деңгейдегі білімді алуға мүмкіндік береді, ал Қазақстанда болуы маған толық жұмыс күнінде жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Мен қазақстанда ең жоғарғы деңгейдегі халықаралық академиялық стандарттары бар осындай институттың бар екендігін мақтан тұтамын, оның түлектері Қазақстан экономикасының дамуы мен гүлденуі үшін өз үлестерін қосу мүмкіндігіне ие болып қажетті білім мен дағдыларды игерген. Сондықтан да, мен басшы ретінде біздің топ-менеджерлердің білім беру бағдарламаларына және NUGSB ғалым дәрежесін алмайтын бағдарламаларға қатысуын қолдаймын.

Алмасадам Саткалиев

Executive MBA, 2014

AAEAAQAAAAAAAANJAAAAJGQwZWQ4Yjk0LTJhNjEtNGJkNS05ZWQ5LWEzYjA3NTYyZTkzOQ-150x150 (1)

Пікірлер

Мен Назарбаев Университеті Дюкск университеті жанындағы Фукуа Бизнес Мектебімен ынтымақтасатынын және басшыларға арналған МВА бағдарламасын іске қосатынын білген кезде, бұл менің көшбасшы ретінде кәсіби өсуіме маңызды мәні бар жақсы мүмкіндік. Бірақ бұл ЕМВА бағдарламасы қарқынды және талап етуші болды, мен үшін үздік білім тәжірибесіне айналды.

Біріншіден және ең алдымен мен үшін жоғары білікті профессорларда оқу және әр түрлі салаларда басшылар болып табылатын басқа курстастарыммен қарым-қатынас жасау пайдалы болды. Біз бір-бірімізді сыни және шығармашылық ойлауға итермеледік. Мысалы, біз бизнестің проблемалық жағдайларын шешу бойынша командада және бизнестің әр түрлі қызықты мәселелерлі бойынша белсенді талқылауда жұмыс жасай отырып өз тәжірибелерімізбен жиі бөлістік.Сондай-ақ бұл бағдарлама мен сияқты жұмысбасты мамандар үшін қолайлы оқу кестесін (демалыста оқу) ұсынады. Ал оның модульдік құрылымы маған оқауда алған білімімді жұмыста қолдануға мүмкіндік береді. НУ басшыларға арналған МВА бағдарламасы оқуға салынған уақыт пен ақшадан тұратын үлкен және пайдалы тәжірибе береді. Мен ТШО басшылығына және менің жанұяма осы бағдарламаны оқу кезінде қолдау көрсеткендеріне алғыс білдіремін.

Алия Жақсиева

Executive MBA, 2014

gani

Пікірлер

Назарбаев Университетінің басшыларға арналған МВА бағдарламасы бойынша менің оқу тәжірибием өте әсерлі болды. 2 жыл ағымындағы демалыстарда оқу, тапсырмаларды орындаумен өткізілген ұйқысыз түндер, Дюкск Университеті факультетінен ерекше лекциялар, сондай-ақ Фукуа Бизнес Мектебінде қысқы оқу маған жыл сайынғы басқару жұмысыма тек қана білім мен дағдылар ғана беріп қана қоймай, сондай-ақ маған әр түрлі салада жұмыс жасайтын және нағыз көшбасшылар мен өте позитивті тұлғалар болып табылатын курстастарыммен көптеген кәсіби байланыс орнатуға көмектесті.

Мен Қазақстан Республикасы Президентінің Болашақ стипендияларын басқаратын мемлекеттік компанияда бас директор болып жұмыс жасаймын. Бізде жыл сайынғы негізде 30-дан астам елдің әлемдік деңгейдегі университеттерінде оқитын 3000-ға жуық стипендиат бар, және біз жылдық операциялық бюджеті 100 млн. долларға жуық 7000-нан астам Болашақ түлектерінің шарттық міндеттерін орындауын бақылаудамыз. Менің ЕМВА бағдарламасы бойынша оқуым компанияда жұмыс жасауыма айтарлықтай және тиімді жәрдемдесті. Мен қаржы тиімділігі, бизнес-процестерді оңтайландыру, корпоративтік мәдениет және басқаруды жақсарту мәселелеріне және менің оқуда алған білімдерді және ақпаратты тиімді пайдалануға көңіл аудардым. 

НУ ЖБМ ЕМВА бағдарламасы бойынша қабылдануға дейін кәсіби менеджер ретінде мағана МВА және қаржы бойынша білімдер мен дағдылар жетті. НУ ЖБМ ЕМВА осы кәсіптің әрбір аспектісінде үздік менеджер болуға көмектесті. 

Ғани Нығыметов

Executive MBA, 2014

raisova

Пікірлер

Executive MBA
Назарбаев Университетінің ЕМВА бағдарламасына қосылғаннан бері, екінші жыл қатарынан өзіме осы оқу болмаса, менің өмірім қандай болар еді деген сұрақты қоя бастадым. Қазір мен бұдан бетер болатынын сеніммен айта аламын. Психологияда «Өмірдегі 15 негізгі оқиғалар» деп аталатын тұлғаны диагностикалау әдісі бар (Менде психология бойынша бакалавр дәрежесі бар). Тұлғаның психологиялық уақыты адам өміріндегі ең маңызды рентінде қандай оқиғаны белгіленуіне байланысты. Адам ресми оқиғаларды көрсетіп, оларды «мектепке бару», колледж, 3 жұмыс орнын өзгерту сияқты міндетті ретінде түсіндіре алады. Бірақ ол жалпы күш, түрткі болатын және өзгерістерге әкелетін айтулы оқиғаларды семантикалық түрде көрсете алады. НУ ЖБМ-да оқу мен үшін дәл осындай оқиға болды.

Біріншіден, мені қоршаған шындықты жаңа түсіну (мысалы, бизнесті қалай бастау керек, қаржы мен инвестициялаумен байланысты шешімді қалай қабылдау керек, басшы болу, өзіңді қоршаған әлемді қалай өзгерту қабілеті). Екіншіден, бағдарлама менің жұмысқа деген көзқарасымды өзгертті, мен жұмыс процесін ұйымдастыруға, әріптестеріме және менеджерлерге жаңадан қарай бастадым. Мен ұйымның құрылуының әдістерін және оны басқару жолдарын жақсы түсіне бастадым. Қазіргі уақытта мен «Самұрық-Қазына» қорында жұмыс жасаймын, біз Назарбаев Университетінің академиялық бағдарламаларын әрдайым қолдаймыз. Енді мен бағдарламаны қаншалықты көп адам бітірсе, ұйым соншалықты тиімді шешімдер қабылдайды. «Самұрық-Қазына» компанияларының 10-нан кем емес менеджерлері жыл сайын жетекшілерге арналған МВА бағдарламасы бойынша оқуға барады. ЖБМ бағдарламалары бойынша оқуды таңдаған жұмыскерлерге әрдайым қолдау көрсетіледі. Үшіншіден, өзімнің балаларыма және осы мектептегі оқуға сенбеген адамдарға үлгі болатыныма сенемін. Мектепке түсу ешқашан кеш емес. Әрине, бұл үлкен стресс, бірақ екі жыл ағымында дамитын нәтижелер, әдеттер мен ақыл-ой жүйесі сіздермен бірге өмір бойы қалады.

Гүлмира Раисова

Executive MBA, 2014

talgatsarsemaneyv

Пікірлер

Executive MBA
Назарбаев Университеті Жоғары Бизнес мектебі бағдарламасы мамандарға Астанадан кетпей, өз мансабын жалғастыра отырып әлемдік деңгейдегі жетекшілер үшін МВА бағдарламасының дәрежесін алуға мүмкіндік береді. Бұл Астана болып, Дюкск университеті жанындағы Фукуа Бизнес мектебінің көрнекті профессорларында оқуға тамаша мүмкіндік.

Мен мұнда өте үлкен тәжірибе алдым. Бағдарлама менің басқару дағдыларымды айтарлықтай жақсартып, маған қаржы және экономика саласында жақсы білім берді. Бұл сіздің кәсіби байланыстарыңызды, ұзақт мерзімді достық қатынастарды құру және өз курстастарымнан үйрену үшін мінсіз тұғырнама

Талғат Сарсенбаев

Executive MBA, 2014

IMG_2379-150x150 (1)

Пікірлер

Executive MBA
Менің НУ ЖБМ ЕМВА бағдарламасын таңдауымның бірнеше себептері бар.
Біріншіден, Назарбаев Университеті Жоғары Бизнес мектебінің ЕМВА бағдарламасы (НУ ЖБМ) үздік халықаралық бизнес мектептерінің қатарына кіретін Дюкск Университеті Фукуа Бизнес мектебінің жәрдемдесуімен жүзеге асырылады. Бизнесті басқаруды американдық көзқарастан түсіну оңай деген пікір кең тараған. Сондықтан, ЕМВА сабақтары «ерекше американдық білім» алуға үлкен мүмкіндік береді. Оларға оңай оқылатын кітаптар, әлемдік университеттердің оқытушылары әзірлеген үздік бизнес-кейстер, материалдарды қысқартылған, бірақ түсінікті формада беруге барлық мүмкіндікті жасайтын американдық оқытушылар құрамы кіреді.
Екіншіден, топтағы студенттер саны көп емес. Сондықтан, оқытушыда материалды сабақта жеке қажеттіліктер мен оқыту стильдерін ескере отырып беру үшін уақыт пен мүмкіндік жеткілікті. Үшіншіден, ЕМВА тиісті теориялық және практикалық білім алып, осы білімдерді жұмыста қолдануға, сабақ барысында өзімнің кәсіби және жеке тәжірибиеммен курстастарыммен бөлісуге мүмкіндік береді. ЕМВА – менің курстастарым және мен үшін бір-бірімізді жақсырақ білу үшін мүмкіндік. Бір жыл ағымында адами капитал болып табылатын бір отбасыға айналдық, оны мен жоғары бағалаймын.

Жанар Раимбекова

Executive MBA, 2014

zhanar

Пікірлер

Назарбаев Университетіндегі EMBA оқу бағдарламасы жаңа зерттеулерге негізделген, жақсы құрылымдалған, толыққанды және барынша қарқынды болып табылады. Мен үшін тағы да үлкен артықшылық: Университеттің шетелдік жетекші жоғары оқу орындарымен әріптестігі және басшылар үшін маңызды болып табылатын іскерлік байланыстардың дамыған желісін құру мүмкіндігі болды.

Жанар Жубаниязова

Executive MBA, 2029

artem

Пікірлер

30 жастан кейін нағыз достарды табу қиын, бірақ ЕМБА-да бұл әбден мүмкін. Оқу маған бизнесте көптеген мәселелерді шешуге көмектесті, бұл компанияға айтарлықтай дамуға мүмкіндік берді

Артем Игнатович

Executive MBA, 2020

Біздің профессорларБарлық профессорлар қараңыз

Патрик Дюпарк

Декан, PhD (Marketing and Econometrics), Purdue University, USA

Декан

E-mail: patrick.duparcq@nu.edu.kz

Венката Суббан Субраманян

Деканның орынбасары және Қалымдастырылған Профессор, PhD, ULB Brussels

Деканның орынбасары және Қалымдастырылған Профессор

E-mail: subban.venkat@nu.edu.kz

Марек Йохец

Қаржы бойынша ассистент-профессор, PhD (Finance) University of Illinois at Urbana-Champaign, USA

Қаржы бойынша ассистент-профессор

E-mail: marek.jochec@nu.edu.kz

Дженифер Льюис

Қалымдастырылған Профессор, Бизнес менеджмент доценті, PhD, University of Kansas, USA

Қалымдастырылған Профессор, Бизнес менеджмент доценті

E-mail: jlewis@nu.edu.kz

Геррит Тьерд Пост

Профессор, PhD, Tinbergen Institute

Профессор

E-mail: tpost@nu.edu.kz

Чет Боруки

Стратегия және Менеджмент Профессор, PhD, University of Michigan Business School

Стратегия және Менеджмент Профессор

E-mail: chet.borucki@nu.edu.kz

Дорон Израэли

Қауымдастырылған Профессор, PhD, Stanford University

Қауымдастырылған Профессор

E-mail: doron.israeli@nu.edu.kz

Йозеф Кеннингс

Профессор, PhD in Economics

E-mail: joep.konings@nu.edu.kz

Шумайла Юсафзай

Қауымдастырылған Профессор, PhD, Cardiff University

Қауымдастырылған Профессор

E-mail: shumaila.yousafzai@nu.edu.kz

Дени де Кромбрёйге

Статистика және Эконометрика Кафедрасының Қауымдастырылған Профессоры, PhD, Maastricht University

Статистика және Эконометрика Кафедрасының Қауымдастырылған Профессоры

E-mail: denis.decrombrugghe@nu.edu.kz

Атану Ракшит

Экономика саласындағы ассистент-профессор, PhD in Economics, Virginia Tech. USA

Экономика саласындағы ассистент-профессор

E-mail: atanu.rakshit@nu.edu.kz

Майова Т. Бабалола

Ассоциированный профессор, PhD, University of Leuven, Belgium

Ұйымдастырушылық тәртіп пен адам ресурстары саласындағы қауымдастырылған профессор

E-mail: mayowa.babalola@nu.edu.kz

Бізбен байланысу үшін:

БАРЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАРДЫ ҚАРАУ

Дана Толеубаева

Қабылдау менеджері

+7 (7172) 70 57 42

danagul.toleubayeva@nu.edu.kz

Арайлым Магауина

Қабылдау аға менеджері

+7 (7172) 70 91 74

arailym.magauina@nu.edu.kz

Тасыбаева Нургуль

Қабылдау мамандығы

+7(7172) 70 5742

nurgul.tassybayeva@nu.edu.kz