Кілт сөз бойынша іздеу

Анвар Низамов

Full-Time MBA, 2015

Мен өзімнің кәсіби әлеуетімді арттыру үшін өзімнің жайлы аймағымнан шығып басқа да мүмкіндіктерді зерттеу керектігін түсінген кезде, мен ірі тау-кен компанияларының бірінде аудармашы жұмыс істеп жүрген едім. Жоғарғы сапалы білім менің көзқарасым бойынша аса маңызды компоненттердің бірі болды, сол себепті мен магистратураның түрлі бағдарламаларын іздей бастадым. Мен ақпараттық сессиялардың біріне қатысқан әріптесімнен NUGSB туралы естідім.

NUGSB командасымен менің алғашқы қадамымнан-ақ бұл – жарқын, инновациялық және жылы шырайлы жер екендігі айқын түсінікті болды. Қабылдаудың барлық процесі өте тиімді, әр аспектіде түсінікті және уақтылы ұйымдастырылған. Алайда, NUGSB командасымен өзара қарым-қатынас кезінде мені таңғалдырған жайт олардың ақ жарқындығы мен жеке байланысы болды, мен бұл бағдарламаның өте қызықты саяхат болатынын түсіндім. Үміттің жоғарғы деңгей ақталып, сайып келгенде мені қабылдап, бағдарлама басталды. Жоғары технологиялық сыныптардан басқа таңғажайып кітапхана үлкен академиялық зерттеулер топтамасын ұсынады,  тамаша асхана, спорттық тренажерлер, ең бастысы NUGSB – ерекше адамдармен кездесіп, олармен қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігін ұсынады. Бүкіл әлемнің сирек кездесетін тұлғаларымен кездесіп, тілдесе алғаным үшін бағдарламаға алғысымды білдіремін. Біздің профессорлары, қызметкерлері, және әкімшілер керемет адамдар, себебі олар біздің білім алуымыз үшін ынталандыруды қалай сақтау керектігі мен біз неғұрлым күрделі академиялық талаптарға сай болуы үшін тепе-теңдікті дұрыс таба алады. Менің тәжірибемнің басқа да маңызды бөлігінің бірі біздің командаға олардың әрқайсысы өздерінің бірегей үлесін енгізген курстастармен жұмыс істеу мүмкіндігі болды.

Қорыта айтқанда осы бағдарламада мені бәрінен де қатты таң қалдырғаны – біздің барлық бастамамыздағы синергия және креативтіктіліктегі барлық күрделі жұмысты жеңілдетіп, ынтымақтастық рухымен бәсекелестік ортадағы салауатты ортаны жетілдіре алуы. 

Мұрат Ақшалов

Full-Time MBA, 2015

NUGSB-гі MBA бағдарламасына түсу өзін-өзі дамыту аясында өмірімдегі ең үздік шешімдердің бірі болды. Осы бағдарламаға түскенге дейін менде жеке, сондай-ақ мемлекеттік секторда айтарлықтай тәжірибем болды. Соған қарамастан, менде менеджерден бастап ұлттық компанияның вице-президентіне дйінгі жақсы мансаптық өсу жолым болды, мен әрқашан өте қарқынды іскерлік әлемде бетпе-бет келетін алдағы проблемалармен әлдеқайда сенімді күресу үшін Іскерлік әкімшілік Магистрі дәрежесін алу қажеттігін сезінетінмін. 

NUGSB магистр дәрежесін алу үшін тамаша мүмкіндік болды. Маған үйден жыраққа кету қажет болған жоқ. Мен өз жанұямнан алысқа кетпей  Астанадан шықпай-ақ MBA әлемдік оқу курстарынан өтуім мүмкін болды.

NUGSB MBA ең әсерлі фактісі – Құрама Штаттарда Дьюк Университетінің Фукуа Бизнес Мектебінде өтетін бағдарламаны меңгеріп, бізге  сол рһ оқытушылардың сабақ беретіндігі еді. Бағдарлама өте білікті, ал жаһандық үрдістер ағымдағы материалдар өте заманауи. Бізге сабақ бертін профессорлардың біліктілігі өте жоғары. NUGSB MBA бағдарламасына жоғары білікті профессорларды тарта отырып, тамаша жұмыс атқарған.

Қазақстанның болашақта экономикалық өсуінің зор әлеуеті бар және біздің Президент таяу жылдары жас ұрпақ қол жеткізуге тиіс өте биік мақсаттарды алдыға қойған. Менің ойымша, осы мақсаттарға қол жеткізудегі  ең үлкен проблеманың бірі біздің елімізді 2030 ең дамыған елдердің қатарына қосу үшін өңірлік және әлемдік мәселелерді шешуге дайын болатын кәсіби көшбасшыларды дайындауында. Менің ойымша NUGSB-тің әлемдегі болашақ кәсіби іскер көшбасшыларды дайындау үшін инфрақұрылым, оқу жоспарлар, корпоративтік желі, оқытушылардың біліктілігін және іскерлік кездесулер аясында әзірленген тамаша жүйесі бар.  

Диана Султан

Full-Time MBA, 2015

Менің Халықаралық Бизнес Университетінде (Алматы, Қазақстан) Қаржы облысында бакалавр дәрежесін алдым. CIMA Дипломын орыс тілінде алдым. Менің Алтынтау алтын өндіру компаниясында жұмыс істедім, Көкшетау.

Университетті бітіргеннен кейін мен магистратураға түсуге ұмтылып ерекше университетті іздедім, Назарбаев Университеті туралы естігінде мен бірден MBA күндізгі бағдарламасына өтініш жаздым. Бірақ, өкінішке орай ол кезде бағдарлама әлі басталған жоқ еді. Алайда, 2 жылдан кейін осы жерде келдім. Алғаш Университеттен ұсыныс алғанда мен сәл күмандандым, себебі ол кезде мен бала күтімі бойынша еңбек демалысында болып,  балама бар болғаны 8 ай еді. Артқа қарап мұның ең жақсы шешім болған деп ойлаймын, себебі бұл бағдарлама менің барлық үмітімді ақтады.

Сабақ уақытында мен көптеген жоғары білікті профессорларды кездестірдім, олармен бірге он академиялық күннің өзі аз болып көрінеді. Көріп тұрғаныңыздай олардан үйренетін нәрселеріміз бен қойылмағын сұрақтар да көп. Мен оқу курсын талқылау үшін өздерінің үлесін қосқан көптеген талантты студенттерді кездестірдім. Менің әртүрлі жобаларға көптеген шақыртулар алдым. Әлемнің түкпір-түкпірінен көптеген табысқа жетудің кілтімен бөліскісі келетін, сондай-ақ кеңес бергісі келетін кәсіпкерлер мен іскер адамдарды кездестірдім. Жоғарыда айтылғандардың барлығы тек бір жылға сабаққа қатысты, бірақ мен алған тәжірибе мен білім менімен бірге болады. Бұл бағдарлама маған бизнес ортаны жақсырақ түсінуге көмектесіп, мен тағдыр шешті тәжірибе алдым. Енді жаңалықтар оқыған кезде мен курста алған өз білімімді қолдана отырып, талдау жасаймын. Оның үстіне мен өзімді жақсы түсінемін. Әрине, бұл бағдарлама өзіме салынған үздік инвестиция болғаны сөзсіз.

Егер әлі күнге дейін ойланып жүрсеңіз, мен сізге сенімді түрде ойланбаңыз деп айта аламын. Бұл соған тұрарлық! Мен Назарбаев Университеті білім алу үшін Қазақстандағы ең керемет орын, мен өзімде осындай мүмкіндіктің болғанына алғыс айтамын.