Кілт сөз бойынша іздеу

Абул Кекилбаев

Full-Time MBA, 2015

NUGSB-дегі MBA оқу курсын бастағанға дейін мен күшті авиациялық оқу жоспары бар елеулі жолдан өттім. Осы оқыту мен жаттығулар курсы маған басшылық лауазымда болған кәсіби мансабымның нүктесіне дейін

барлық жолдан өтуіме көмектесті. Мен жаңа мүмкіндіктердің жоқ екендігін сезіндім. Оның үстіне, мен басқарушылық және кәсіпкерлік дағдылардың кең жиынтығын алу қажеттілігін сезіндім. Мен MBA менің мансабымның іскерлік жетістігімнің іргетасын қалау үшін амбициялармен үйлестіре отырып өздігімнен жетілуге және жеке басының дамуына шексіз ұмтылуымды жүзеге асыратын ең жақсы тәсіл болды.

Мен MBA бірнеше жетекші бағдарламаларының қабылдау процесінен өттім, бірақ осында, Астанада әлемдік дәрежедегі құрылып бизнес мектебі командасының бір бөлшегі болу идеясы NUGSB-гі MBA менің оқуымды жалғастыруға ынталандырды.

NUGSB-гі MBA күндізгі бағдарламасы бізді қоршаған әлемді жауапты және адал түсіну үшін кәсіпкерлік қағидаттарында құрылған бизнестегі толғандыратын тәсілдерді студенттерге тереңнен беруге арналғандығын байқадым. Дьюк Университетінің Фукуа Бизнес Мектебімен стратегиялық ынтымақтастық бизнестегі осы тәсілдің үлгісі болып табылады.

NUGSB-дегі білім сапасы шынында да керемет. Менің ойымша, қызметкерлер мен оқытушылардың, атап айтқанда әлемдік оқу курсына келуші профессорлардың кәсіби және жеке қасиеттері маған және менің курстастарыма терең әсер етіп, одан да жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін және ең үздік бизнес басшылары болу үшін NUGSB лайықты өкілдері болуға итермеледі. Мектеп сенім мен құрметке ие бола отырып,  тұрақты өзгерістерді қабылдай отырып студенттерді мансаптық өсуге ынталандырады. NUGSB – бұл өзімнің кәсіби мүмкіндіктерімді кеңейтіп, мүмкіндігінше тиімді болуға көмектеседі.

Мен біздің мектеп осындай алуан түрлі және динамикалық топты жинай алатынына өте қуаныштымын, біз болашақ кандидат ретіне сіз бағдарламаға қосатын үлесіңіз бен біліміңізді асыға күтеміз. Мен сондай-ақ NUGSB-да алған тәжірибе сіздің бизнестегі ғана емес, сондай-ақ сіздің өмірге деген көзқарасыңызды кеңейтеді деп сенемін.

Мен өзімді мінсізбін деп айта алмаймын, өйткені мен әлі күнге дейін оқыту толқынында жүрмін және мен NUGSB-де өткізген әрбір сәттен көбірек әсер алуға ұмтыламын.

Алия Жақсиева

Executive MBA, 2014

Мен Назарбаев Университеті Дюкск университеті жанындағы Фукуа Бизнес Мектебімен ынтымақтасатынын және басшыларға арналған МВА бағдарламасын іске қосатынын білген кезде, бұл менің көшбасшы ретінде кәсіби өсуіме маңызды мәні бар жақсы мүмкіндік. Бірақ бұл ЕМВА бағдарламасы қарқынды және талап етуші болды, мен үшін үздік білім тәжірибесіне айналды.

Біріншіден және ең алдымен мен үшін жоғары білікті профессорларда оқу және әр түрлі салаларда басшылар болып табылатын басқа курстастарыммен қарым-қатынас жасау пайдалы болды. Біз бір-бірімізді сыни және шығармашылық ойлауға итермеледік. Мысалы, біз бизнестің проблемалық жағдайларын шешу бойынша командада және бизнестің әр түрлі қызықты мәселелерлі бойынша белсенді талқылауда жұмыс жасай отырып өз тәжірибелерімізбен жиі бөлістік.Сондай-ақ бұл бағдарлама мен сияқты жұмысбасты мамандар үшін қолайлы оқу кестесін (демалыста оқу) ұсынады. Ал оның модульдік құрылымы маған оқауда алған білімімді жұмыста қолдануға мүмкіндік береді. НУ басшыларға арналған МВА бағдарламасы оқуға салынған уақыт пен ақшадан тұратын үлкен және пайдалы тәжірибе береді. Мен ТШО басшылығына және менің жанұяма осы бағдарламаны оқу кезінде қолдау көрсеткендеріне алғыс білдіремін.

Ғани Нығыметов

Executive MBA, 2014

Назарбаев Университетінің басшыларға арналған МВА бағдарламасы бойынша менің оқу тәжірибием өте әсерлі болды. 2 жыл ағымындағы демалыстарда оқу, тапсырмаларды орындаумен өткізілген ұйқысыз түндер, Дюкск Университеті факультетінен ерекше лекциялар, сондай-ақ Фукуа Бизнес Мектебінде қысқы оқу маған жыл сайынғы басқару жұмысыма тек қана білім мен дағдылар ғана беріп қана қоймай, сондай-ақ маған әр түрлі салада жұмыс жасайтын және нағыз көшбасшылар мен өте позитивті тұлғалар болып табылатын курстастарыммен көптеген кәсіби байланыс орнатуға көмектесті.

Мен Қазақстан Республикасы Президентінің Болашақ стипендияларын басқаратын мемлекеттік компанияда бас директор болып жұмыс жасаймын. Бізде жыл сайынғы негізде 30-дан астам елдің әлемдік деңгейдегі университеттерінде оқитын 3000-ға жуық стипендиат бар, және біз жылдық операциялық бюджеті 100 млн. долларға жуық 7000-нан астам Болашақ түлектерінің шарттық міндеттерін орындауын бақылаудамыз. Менің ЕМВА бағдарламасы бойынша оқуым компанияда жұмыс жасауыма айтарлықтай және тиімді жәрдемдесті. Мен қаржы тиімділігі, бизнес-процестерді оңтайландыру, корпоративтік мәдениет және басқаруды жақсарту мәселелеріне және менің оқуда алған білімдерді және ақпаратты тиімді пайдалануға көңіл аудардым. 

НУ ЖБМ ЕМВА бағдарламасы бойынша қабылдануға дейін кәсіби менеджер ретінде мағана МВА және қаржы бойынша білімдер мен дағдылар жетті. НУ ЖБМ ЕМВА осы кәсіптің әрбір аспектісінде үздік менеджер болуға көмектесті.