Кілт сөз бойынша іздеу

Гүлмира Раисова

Executive MBA, 2014

Executive MBA
Назарбаев Университетінің ЕМВА бағдарламасына қосылғаннан бері, екінші жыл қатарынан өзіме осы оқу болмаса, менің өмірім қандай болар еді деген сұрақты қоя бастадым. Қазір мен бұдан бетер болатынын сеніммен айта аламын. Психологияда «Өмірдегі 15 негізгі оқиғалар» деп аталатын тұлғаны диагностикалау әдісі бар (Менде психология бойынша бакалавр дәрежесі бар). Тұлғаның психологиялық уақыты адам өміріндегі ең маңызды рентінде қандай оқиғаны белгіленуіне байланысты. Адам ресми оқиғаларды көрсетіп, оларды «мектепке бару», колледж, 3 жұмыс орнын өзгерту сияқты міндетті ретінде түсіндіре алады. Бірақ ол жалпы күш, түрткі болатын және өзгерістерге әкелетін айтулы оқиғаларды семантикалық түрде көрсете алады. НУ ЖБМ-да оқу мен үшін дәл осындай оқиға болды.

Біріншіден, мені қоршаған шындықты жаңа түсіну (мысалы, бизнесті қалай бастау керек, қаржы мен инвестициялаумен байланысты шешімді қалай қабылдау керек, басшы болу, өзіңді қоршаған әлемді қалай өзгерту қабілеті). Екіншіден, бағдарлама менің жұмысқа деген көзқарасымды өзгертті, мен жұмыс процесін ұйымдастыруға, әріптестеріме және менеджерлерге жаңадан қарай бастадым. Мен ұйымның құрылуының әдістерін және оны басқару жолдарын жақсы түсіне бастадым. Қазіргі уақытта мен «Самұрық-Қазына» қорында жұмыс жасаймын, біз Назарбаев Университетінің академиялық бағдарламаларын әрдайым қолдаймыз. Енді мен бағдарламаны қаншалықты көп адам бітірсе, ұйым соншалықты тиімді шешімдер қабылдайды. «Самұрық-Қазына» компанияларының 10-нан кем емес менеджерлері жыл сайын жетекшілерге арналған МВА бағдарламасы бойынша оқуға барады. ЖБМ бағдарламалары бойынша оқуды таңдаған жұмыскерлерге әрдайым қолдау көрсетіледі. Үшіншіден, өзімнің балаларыма және осы мектептегі оқуға сенбеген адамдарға үлгі болатыныма сенемін. Мектепке түсу ешқашан кеш емес. Әрине, бұл үлкен стресс, бірақ екі жыл ағымында дамитын нәтижелер, әдеттер мен ақыл-ой жүйесі сіздермен бірге өмір бойы қалады.

Талғат Сарсенбаев

Executive MBA, 2014

Executive MBA
Назарбаев Университеті Жоғары Бизнес мектебі бағдарламасы мамандарға Астанадан кетпей, өз мансабын жалғастыра отырып әлемдік деңгейдегі жетекшілер үшін МВА бағдарламасының дәрежесін алуға мүмкіндік береді. Бұл Астана болып, Дюкск университеті жанындағы Фукуа Бизнес мектебінің көрнекті профессорларында оқуға тамаша мүмкіндік.

Мен мұнда өте үлкен тәжірибе алдым. Бағдарлама менің басқару дағдыларымды айтарлықтай жақсартып, маған қаржы және экономика саласында жақсы білім берді. Бұл сіздің кәсіби байланыстарыңызды, ұзақт мерзімді достық қатынастарды құру және өз курстастарымнан үйрену үшін мінсіз тұғырнама

Жанар Раимбекова

Executive MBA, 2014

Executive MBA
Менің НУ ЖБМ ЕМВА бағдарламасын таңдауымның бірнеше себептері бар.
Біріншіден, Назарбаев Университеті Жоғары Бизнес мектебінің ЕМВА бағдарламасы (НУ ЖБМ) үздік халықаралық бизнес мектептерінің қатарына кіретін Дюкск Университеті Фукуа Бизнес мектебінің жәрдемдесуімен жүзеге асырылады. Бизнесті басқаруды американдық көзқарастан түсіну оңай деген пікір кең тараған. Сондықтан, ЕМВА сабақтары «ерекше американдық білім» алуға үлкен мүмкіндік береді. Оларға оңай оқылатын кітаптар, әлемдік университеттердің оқытушылары әзірлеген үздік бизнес-кейстер, материалдарды қысқартылған, бірақ түсінікті формада беруге барлық мүмкіндікті жасайтын американдық оқытушылар құрамы кіреді.
Екіншіден, топтағы студенттер саны көп емес. Сондықтан, оқытушыда материалды сабақта жеке қажеттіліктер мен оқыту стильдерін ескере отырып беру үшін уақыт пен мүмкіндік жеткілікті. Үшіншіден, ЕМВА тиісті теориялық және практикалық білім алып, осы білімдерді жұмыста қолдануға, сабақ барысында өзімнің кәсіби және жеке тәжірибиеммен курстастарыммен бөлісуге мүмкіндік береді. ЕМВА – менің курстастарым және мен үшін бір-бірімізді жақсырақ білу үшін мүмкіндік. Бір жыл ағымында адами капитал болып табылатын бір отбасыға айналдық, оны мен жоғары бағалаймын.