Кілт сөз бойынша іздеу



Оқу құны

Танысу аптасының бірінші күніне дейін студенттер оқудың ақысын төлеу нұсқаларын өз бетінше таңдай алады.

Төменде келтірілген 2021 жылы оқудың ақысын төлеу жөніндегі кестені қараңыз

Ескертпе: Оқу құнынан 100% мөлшерінде алғытөлем төлеген жағдайда 5% мөлшерінде қосымша жеңілдік беріледі.

Шәкіртақының мөлшерлемесін Назабаев Университетінің Басқарушы кеңесі жыл сайын қарастырады және тағайындайды. Оқу үшін төленетін ақыға көліктік шығындар, Қазақстанның Нұр-Cұлтан қаласынан тыс тұрумен байланысты шығындар кірмейді.

Университетте айырбас бағамы 2021 жылға – 1 АҚШ доллары үшін 420 теңге деңгейінде белгіленген.

Корпоративтік жеңілдіктер туралы қосымша ақпарат алу үшін бізбен мына электрондық пошта арқылы байланысуыңызды сұраймыз: mba.admissions@nu.edu.kz.

Тіркеу жарнасы

Тіркеу жарнасы өтелмейді және оны алып тастауға болмайды. Ол тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін арыз берген кезде төленуі тиіс.

Магистратура бағдарламалары үшін шамамен 90 АҚШ долларын құрайды.

Қаржылық көмек көрсету мүмкіндіктері

Назарбаев Университеті Бизнес жоғары мектебі (НУ БЖМ) шәкіртақылардың шектеулі санын ұсынады, ол 2020 жылы оқуға қабылдау үшін оқу құнының 30%-нан 65%-на дейін өтеуі мүмкін, бұл сізге НУ БЖМ-де оқуға мүмкіндік береді. Бұл НУ БЖМ-гі магистратура бағдарламаларына ғана қатысты.

Іріктеу үдерісінің нәтижелеріне сәйкес, қабылдау комиссиясы компаниялар ұсынған шәкіртақыларды үздік кандидаттарға бере алады.

Назарбаев Университеті қосымша қаржылық көмекті шетелдік студенттерге ғана береді, ол оқу құнының 100% дейін өтейді (тұру және тамақтану құны шәкіртақыға кірмейді).

Тұруға жұмсалатын шығындар және ортақ шығындар

Кестеде Қазақстанның Астана қаласында бір айда тұруға жұмсалатын ОРТАША ЕСЕПТІК шығындар келтірілді.

Бюджеттік баптар жеке ықыласқа байланысты өзгеше болуы мүмкін. Студенттер бұл олардың оқуымен байланысты тұруына жұмсалатын есептік шығындар екенін ескеруі тиіс. Бұл шығындарға оқу үшін төленетін ақы кірмейді.

Шығындар MBA күндізгі бағдарламасы, 16 ай;
Қаржы бойынша ғылым магистрі, 16 ай
Жетекшілерге арналған МBA, 20 ай
Кампуста тұру

Екі адамға арналған бөлме = 30 АҚШ доллары

Бір адамға арналған бөлме = 54 АҚШ доллары 
Бұд бағаға негізгі коммуналдық қызметтердің (электр энергиясы. жылыту, су) құны кіреді.
Толығырақ сілтеме бойынша: https://Nu.edu.kz/Campus/Student-Life/Student-housing
Кампуста магистратура студенттеріне ұсынылатын бөлмелердің саны шектеулі.

EMBA бағдарламасы бойынша шығындар оқу құнына енгізілген
және қабылдау комиссиясымен талқылау барысында қарастырылуы тиіс.
Кампустан тыс жалдау 1. Қаланың орталығында және кампустың жанында 1-бөлмелі пәтерді жалдау – 300 АҚШ доллары (120 000 теңге);
2. Оң жақ жағалауда 1-бөлмелі пәтерді жалдау – 250 АҚШ доллары;
Жалға беру туралы тегін хабарландырулар базасы: https://krisha.kz/
Тамақтану 190 АҚШ доллары (75 000 теңге)
Университет студенттерге арналған тамақтану сызбасын ұсынады.
Осы жерде сіз кампустың аумағында орналасқан кейбір асханалар туралы жан-жақты ақпаратты таба аласыз: 
https://nu.edu.kz/campus/campus-life/eateries
Азық-түлік дүкендерінің каталогы: https://astykzhan.kz/?city=1
Жақын сауда орталығы туралы ақпарат: Mega Silkway Mall
Кітаптар Оқу материалдарын мектеп ұсынады, инженерлік менеджмент магистратурасының бағдарламасы сияқты бірлескен бағдарламаларды ескермегенде.
Виза Студенттің тұратын еліне байланысты
сілтеме: http://mfa.gov.kz/en/visa/index
Қатынау Жергілікті көлікте бір жаққа жүру билетінің құны 0,23 пенс (90 теңге);
бір айлық абонемент – 17 АҚШ доллары (7 000 теңге); такси құны 2 АҚШ долларынан (700 теңге) басталады
Жаттығу залы Кампустың аумағында орналасқан 6 000+ шаршы метрлік мульти-спорттық кешенге бірнеше рет баруға арналған ай сайынғы депозит – 2,5 АҚШ доллары (1 000 теңге);
кампустың аумағынан тыс орналасқан фитнес-клубтарға бару құны айына 60 АҚШ доллары
Сақтандыру Университет бакалавриат студенттері үшін ғана медициналық сақтандыруды ұсынады.
Ұялы баланыс Activ, Kcell, Beeline ұялы байланыс операторларының ай сайынғы пакеті 7 АҚШ долларын (2 500 теңге) құрайды.
Кино Бір реттік билет құны – 5 АҚШ доллары (1 900 теңге)
Балаларға күтім жасау Жеке балабақшалар – 160 АҚШ доллары (60 000 теңге)
Астанада тұрудың орташа құны 700-900 АҚШ доллары (жеке ықыласқа байланысты)