Мұрат Ақшалов

Мурат
Full-Time MBA, 2015

NUGSB-гі MBA бағдарламасына түсу өзін-өзі дамыту аясында өмірімдегі ең үздік шешімдердің бірі болды. Осы бағдарламаға түскенге дейін менде жеке, сондай-ақ мемлекеттік секторда айтарлықтай тәжірибем болды. Соған қарамастан, менде менеджерден бастап ұлттық компанияның вице-президентіне дйінгі жақсы мансаптық өсу жолым болды, мен әрқашан өте қарқынды іскерлік әлемде бетпе-бет келетін алдағы проблемалармен әлдеқайда сенімді күресу үшін Іскерлік әкімшілік Магистрі дәрежесін алу қажеттігін сезінетінмін. 

NUGSB магистр дәрежесін алу үшін тамаша мүмкіндік болды. Маған үйден жыраққа кету қажет болған жоқ. Мен өз жанұямнан алысқа кетпей  Астанадан шықпай-ақ MBA әлемдік оқу курстарынан өтуім мүмкін болды.

NUGSB MBA ең әсерлі фактісі – Құрама Штаттарда Дьюк Университетінің Фукуа Бизнес Мектебінде өтетін бағдарламаны меңгеріп, бізге  сол рһ оқытушылардың сабақ беретіндігі еді. Бағдарлама өте білікті, ал жаһандық үрдістер ағымдағы материалдар өте заманауи. Бізге сабақ бертін профессорлардың біліктілігі өте жоғары. NUGSB MBA бағдарламасына жоғары білікті профессорларды тарта отырып, тамаша жұмыс атқарған.

Қазақстанның болашақта экономикалық өсуінің зор әлеуеті бар және біздің Президент таяу жылдары жас ұрпақ қол жеткізуге тиіс өте биік мақсаттарды алдыға қойған. Менің ойымша, осы мақсаттарға қол жеткізудегі  ең үлкен проблеманың бірі біздің елімізді 2030 ең дамыған елдердің қатарына қосу үшін өңірлік және әлемдік мәселелерді шешуге дайын болатын кәсіби көшбасшыларды дайындауында. Менің ойымша NUGSB-тің әлемдегі болашақ кәсіби іскер көшбасшыларды дайындау үшін инфрақұрылым, оқу жоспарлар, корпоративтік желі, оқытушылардың біліктілігін және іскерлік кездесулер аясында әзірленген тамаша жүйесі бар.