Назарбаев Университеті мен Дьюк Университеті арасында НУБЖМ ары қарай дамыту туралы келісімге қол қою салтанаты.

2017-06-01 10:11:15

signing 2

2010 жылдан Назарбаев Университетінің Бизнес жоғары мектебі (БЖМ) Дьюк Университетінің Фукуа бизнес мектебімен Астана қаласында әлемдік санаттағы бизнес мектебін құру мақсатында стратегиялық серіктестік орнатты.

2012 жылы Дьюк Университетімен Назарбаев Университетінде бизнес мектебін құру бойынша ұзақ мерзімді шартқа қол қойылды.

Ағымдағы жылдың мамыр айында Дьюк Университетінің Фукуа бизнес мектебі және Назарбаев Университетінің Бизнес жоғары мектебі арасында серіктестік ынтымақтастықты ары қарай дамыту бойынша келісімшартқа қол қою өтеді.

Осы Шарт аясында келесідей жұмыстар жүзеге асырылады:

– Дьюк Университетінің Фукуа бизнес мектебімен басшылық және әкімшілік қолдаудың қатысуымен стратегиялық серіктестік;

– консультация және студенттерді МВА бағдарламасына қабылдау;

– келесідей салаларда бірлесіп жұмыс жасау: студенттерді мансаптық бағытау; маркетинг; рекрутинг; АТ/Технологиялар; қызметкерлерге тәлімгерлік ету; аккредитация.

Сонымен қатар серіктестіктің негізгі қызметі: Бизнес жоғары мектебін оқытушыларының тәлімгерлігі және жалға алу, сонымен қатар Бизнес жоғары мектебінің бағдарламаларында оқыту.

Екі мектеп арасындағы бұл серіктестік сонымен қатар БЖМ бағдарламалары арасында студенттермен алмасуды, семинар мен конференцияларға үздік профессорларды шақыруды жүзеге асыру мүмкіндігін береді. Full-time MBA студенттері Executive MBA секілді біздің стратегиялық серіктесіміздің кампусында екі апталық резиденциядан өту мүмкіндігін алады.