Назарбаев Университеті студенттерін марапаттаудың үшінші салтанаты

2017-06-01 10:22:16

Назарбаев Университеті студенттерін марапаттаудың үшінші салтанаты 2017 жылы 27 мамыр күні өтеді.

Бұл күні Executive MBA 2016 және Full-Time MBA 2016 бағдарламаларының 54 түлегіне диплом табысталады. Оқуын үздікке бітірген түлектерге дипломды тікелей Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев табыс етеді.

Марапаттау салтанаты қатысушылары арасында студенттерден бөлек, олардың отбасы мен оқытушылары, сонымен қатар ірі ұлттық және халықаралық компаниялардың жетекшілері мен өзге қонақтар қатысатын болады.

Назарбаев Университеті бизнес мектептерінің МВА бағдарламасын аяқтағаннан кейін біздің түлектер банк ісі, энергетика, телекоммуникация, көлік, мұнай, газ және т.б. секілді салаларда түрлі ұлттық және меншік компанияларда жұмыс жасайды.