Назарбаев университеті Жоғары бизнес мектебі «BUSINESS TALK & COFFEE» тегін шеберлік сыныптар сериясын өткізеді

2018-11-22 11:21:10

Баршаңызды 22 қарашада сағат 18.00-де НУ Жоғары бизнес мектебінің профессоры Атану Ракшиттің «Власть и влияние в организациях: подходы организационной экономики» («Ұйымдардағы билік пен бедел: ұйымдастыру экономикасының амалдары») тақырыбындағы шеберлік сыныбына шақырамыз.

Шеберлік сыныбы екі аспектіге арналады: ұйым ішіндегі бедел мен билік, сондай-ақ ұйымдардағы саясат пен әсер. Бұл мәселелер ұйымдастыру экономикасы аясында талқыланады.

Ұйымдастыру экономикасы компания ішіндегі өзара іс-әрекетті зерттейді және ұйымдастыру құрылымы мен HR саясатты әзірлеу, марапаттау жүйесін енгізу, бизнес тәуекелдерді бағалау және басқарушылық шешімдерді жетілдіру үшін пайдаланылады.

Бұл семинар ұйымдарда қолданбалы экономикалық зерттеулерді қалай енгізу керектігін білгісі келетін тыңдаушыларға арналады.

Сіздер оқытушымызды тыңдап, онымен кофе ішіп, әңгімелесіп, оған өз сауалдарыңызды қоя аласыздар. Бұдан басқа, түрлі саланың кәсіпқойларымен тілдесу мүмкіндігі беріледі.

Шеберлік класы – тегін

Өтетін күні мен уақыты: 2018 жыл 22 қараша 18.00 – 19.30 сағат уақыты аралығында

Өтетін орны: Назарбаев Университетінің Бизнес жоғары мектебі, С3 блогы, 3016 аудитория

Жүргізілетін тілі: Ағылшын

Тіркелу