Неге қазақстандық компаниялар адамдарға жиірек инвестициялауда?

2019-01-24 17:18:13

Жаңа үрдістер туралы хабардар болу және болып жатқан өзгерістерге тез жауап беру – заманауи бизнестің басты міндеті. Бұл кәсіпкерлік қызметтің барлық аспектілеріне, соның ішінде персоналды дамыту мәселелеріне қатысты. Неліктен бизнесмендерге уақтылы жаңа білім алу маңызды және компанияларға адами капиталға не үшін инвестиция салу керек? Forbes.kz-ке сұхбатында Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебінің (НУ ЖБМ) басшы қызметкерлеріне арналған бағдарламалар бойынша директор Еркен Тұрғанбаев айтып берді.

Қазақстан мен Орталық Азиядағы бизнес–көшбасшылардың келесі буынын дайындау арқылы қоғамға оң ықпал ету НУ ЖБМ миссиясы болып табылады. Магистрлік дәреже берілетін бағдарламалардан басқа (МВА, қаржы бойынша ғылым магистрі), НУ ЖБМ қысқа мерзімді бағдарламалардың екі түрін жүргізеді: корпоративтік тренингтер және ашық қабылдау бағдарламалары.

Бірінші жағдайда тренингтің тақырыбы мен мазмұны бизнес қажеттіліктеріне және салалық бағыттылығына байланысты нақты компания үшін әзірленеді. Корпоративтік тренингтер әрбір клиент үшін жеке бейімделген және жабық режимде өткізіледі. НУ ЖБМ қазақстандық және шетелдік компаниялар үшін (“Қазпошта”, “Самұрық-Қазына”, Visa, ERG, ҚТЖ және басқалары) корпоративтік бағдарламалар жүргізеді.

Ашық қабылдау бағдарламалары жаңа білім алуға және өздерінің кәсіби дағдыларын жетілдіруге ниет білдірген, экономиканың түрлі секторының мамандарына арналған. Бұл белгілі бір тақырыпқа арналған 2-3 күндік бағдарламалар. Олардың арасында: “Бизнестегі стратегиялық пайым”, “Қаржылық есептілікті талдау”, “Стратегиялық маркетинг”, “Операциялық менеджмент”, “Өзгерістерді басқару”, “Жеткізу тізбектерін стратегиялық басқару” және т.б. Бұл бағдарламалар алдын ала бекітілген тренинг күнтізбесіне сәйкес өтеді, ол www.gsb.nu.edu.kz сайтында жарияланған, мұнда жақын арадағы іс-шаралар, күндер, тақырыптар мен бағдарламалардың құны туралы ең өзекті ақпаратты білуге болады.

Сондай-ақ, шағын және орта бизнес басшыларын оқытудың жеке бағдарламасы бар. Ол “Бизнестің жол картасы — 2020” мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда және оны ҚР Ұлттық экономика министрлігі қаржыландырады. “Шағын және орта бизнестің топ-менеджментін оқыту” бағдарламасы 2011 жылы іске қосылды. Ол бизнесті жүргізу саласындағы білімдерін кеңейту мақсатында ШОБ басшылары мен иелеріне ғана бағытталған. Жыл сайын осы бағдарлама бойынша бүкіл Қазақстаннан 420 кәсіпкер білім алуда.

Бағдарлама үш блоктан тұрады. Біріншісі-үш күндік күндізгі оқу, ол тікелей НУ ЖБМ-де өткізіледі. Ол орыс тіліне ілеспе аудармама арқылы ағылшын тілінде жүргізіледі. Теориядан басқа тыңдаушылар практикалық тапсырмаларды орындайды, қазақстандық кейстерді қарастырады, топтарда түрлі жағдайларды пысықтайды, сондай-ақ пікірталастарға қатысады. Екінші блок қазақстандық сарапшылардың қатысуымен вебинарлар сериясын және үшінші – бизнес-жоспарды өз бетінше жазуды қамтиды. Бағдарлама соңында қатысушылар сертификаттар алады.

Айта кету керек, аталмыш бағдарлама бойынша оқыту қатысушылар үшін тегін болып табылады; олар көтеретін жалғыз шығын– Астана қаласында жол жүру және тұру төлемі. Бағдарламаға қатысуға өтінімдерді “Даму “Кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ қабылдайды. Басты шарт — ШОБ-тің “Бизнестің жол картасы-2020” мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген экономиканың басым секторларына қатыстылығы.

Көптеген бағдарламаларды НУ ЖБМ профессорлары әзірлейді және жүргізеді. Бұл Stanford University, INSEAD, Purdue University және т.б. сияқты әлемнің жетекші бизнес-мектептерінде PhD дәрежесін алған адамдар. Олардың практикалық тәжірибесі бар және ғылыми-зерттеу қызметімен айналысады. Бір тренингке оның тақырыбына байланысты бір және бірнеше оқытушы қатыса алады. Сонымен қатар, белгілі бір салаларда маманданған жетекші шетелдік сарапшылар тартылуда.

Ашық қабылдау бағдарламасының тыңдаушыларын үш топқа бөлуге болады: жоғары және орта буын басшылары, шағын және орта бизнес өкілдері, сондай-ақ мансаптық сатымен алға қарай жылжуға үміттенетін, желілік менеджерлер.

2018 жылы оқытудан өткен белгілі компаниялардың арасында біз “Қазақстан қор биржасы” АҚ, “АрселорМиттал Теміртау” АҚ, “Forte Bank” АҚ, Shell, LG Electronics, “Теңізшевройл”, “Кар-Тел”, “Технодом” және тағы басқа да көптеген компанияларды атап өте аламыз. Бұл бағдарламаларға атаулары құлаққа шалынбай, естілмей жүрген, бірақ басшылары өз қызметкерлерінің дамуына көңіл бөлетін, шағын компаниялардың өкілдері де қатысады. Әдетте, қатысушылар құрамы тренинг тақырыбына байланысты. Мысалы, “Стратегиялық маркетинг” және Қаржылық есептілікті талдау” бағдарламаларына қатысушылардың жартысына жуығы – ШОБ өкілдері. “Жеткізу тізбектерін стратегиялық басқару” тренингінде ірі бизнес өкілдері көп болды.

Көптеген компаниялар өз қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға кездейсоқ ұмтылмайды. Қазіргі әлемде, соның ішінде адами капиталға инвестициясыз қатаң бәсекелестік күрес жағдайында өмір сүруге болмайды. Бүгінгі таңда қызметкерлердің тиімділігі мен оның көп табандылық режимінде жұмыс істеу қабілетіне компанияның қаржылық көрсеткіштері ғана емес, сонымен қатар жалпы бизнестің одан әрі дамуы да байланысты.

Соңғы жылдары білім беру қызметтері бизнес тарапынан сұранысқа ие болып келеді. Мұны сандар да растап отыр. Салыстыру үшін, егер 2014 жылы қысқа мерзімді бағдарламалар басталғанда, НУ ЖБМ-де– да 76 адам оқытылса, 2017 жылы 153 адам оқытылса, биыл бизнес мектебінің тренингтеріне 200-ден астам адам қатысты. Бұл оқыту бағдарламаларына өсіп келе жатқан сұраныс туралы айта алады.

Назарбаев Университетінің бизнес мектебі мазмұны жаңа зерттеулерге негізделген, жоғары сапалы бағдарламаларды ұсынады. Оларды оқытудың ең тиімді әдістерін қолдана отырып, шетелдік профессорлар әзірлейді. НУ ЖБМ қысқа мерзімді бағдарламалары компаниядағы ағымдағы және әлеуетті мәселелерді кешенді түсінуді және шешуді қамтамасыз ететін, стратегиялық ойлауды дамытуға бағытталған. Көптеген қатысушылар қысқа мерзімді бағдарламалардан өткеннен кейін өз компаниясындағы кейбір бизнес-үдерістерге өз көзқарасын түбегейлі өзгертті. Сапа көрсеткіші-көптеген қатысушылардың жылына бірнеше бағдарламаға қатысуы, сондай-ақ өз қызметкерлерін оқытуға жіберуі болып табылады.

Бизнес мектеп жоғары рейтингтерге үміттенеді және нарықта танылғысы келеді, экономиканың түрлі салаларындағы мамандардың кәсіби білім деңгейін арттырады. Бизнес мектебі үшін отандық бизнес-көшбасшыларда стратегиялық міндеттерді шешу үшін тиімді басқару дағдыларын дамыту, олар бизнесті жүргізудің заманауи әдістерін біліп қана қоймай, сонымен қатар шынгайы жағдайда алған білімін тәіжірибеде қолдана алуы маңызды.

Бизнес мектебінің мамандары қазақстандық нарықтың қажеттіліктеріне сәйкес ұсынылатын қысқа мерзімді бағдарламалардың тақырыбын кеңейтуді және бизнес-қауымдастықтың сенімді серіктесі ретінде өзінің беделін нығайтуды жоспарлап отыр.