Неліктен Назарбаев Университеті қаржы саласында магистр дәрежесін алу бағдарламасын әзірлеу туралы шешім қабылдады?

2017-02-13 11:05:22

6T5A9457

Неліктен Назарбаев Университеті қаржы саласында магистр дәрежесін алу бағдарламасын әзірлеу туралы шешім қабылдады?

Financial Times газетіндегі жуырда шыққан мақалада қаржы саласында магистр дәрежесін алу бағдарламасының нарықтық сұранысы туралы айтылған болатын: «2008 жылы дағдарыстың басталуынан және кәсіпкерлік тәуекелдер туралы хабарсыздығын зерделеген уақытта көпшілік адамдар дағдарысқа тап болды, қаржы қызметтері саласында лауазымды иеленуге ынталы адамдар үшін оқу үлкен сұранысқа ие болды. Дегенмен, қаржы саласында магистр дәрежесін алу бағдарламасына сұраныстың өсуі қаржы қызметі саласында жұмыс істеуге ынталы емес, бірақ екі жылдық МВА бағдарламасына қарағанда 12 ай ішінде алуға болатын, маманның игеретін біліктіліктерінің бағалығын ұғынатын студенттермен түсіндіріледі». Автор «мүмкін, осындай белгісіз әлемде, қаржы саласында оқытатын оқу мекемелері үшін бұдан артық қолайлы уақыт ешқашан болған емес» деген тұжырымға келеді.  Біз Қазақстандағы жергілікті шарттардың еш ерекшелігі жоқ деп санаймыз.

Біздің маркетингтік зерттеулер көрсеткендей, қаржы саласында магистр дәрежесін алу бағдарламасын ұсынатын оқу мекемелері бағдарламаларға көп қызығушылық танытып, студенттердің көп санын қабылдайды. Мысалы, Қабылдау процесін басқару бойынша жалпы кеңесінің (ҚПБЖК) сауалнама нәтижелері бойынша 2016 жылы «екінші жыл қатарынан қаржы саласында магистр дәрежесін алу бағдарламаларының көпшілігі (55%) өтінімдер санын артқаны туралы хабарлайды. Еуропалық (65%) және АҚШ-та қаржы саласында магистр дәрежесін алудың қолданыстағы бағдарламаларының жартысынан көбі (55%) биылғы жылда өтінімдердің өсуін атайды және осыған байланысты көпшілігі сыныптар санын 2016 -2017 оқу жылына көбейтуді жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, қаржы саласында магистр дәрежесін алу бағдарламалары 2016 жылы біршама бәсекеге қабілетті болып қалуда, дегенмен оның қанағаттандырылған өнімдерінің орташа пайызы (45%) МВА екі жылдық күндізгі бағдарламасынан кейін ең төменгі пайызға ие (қанағаттандырылған өтінімдерінің орташа пайызы– 42%).

Әлемдік деңгейдегі шетелдік үміткерлер қаржы саласында магистр дәрежесін алу бағдарламасына өтінім берген үміткерлердің 81 пайызын құрайды, алайда бұл мектептің орналасуына байланысты. АҚШ-та қолданыстағы бағдарламаларға өтінім берген үміткерлердің үштен екісі Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия (64%), Құрама Штаттардан (18 %), Орталық және Оңтүстік Азия (10%) үміткерлерінен шыққан. Еуропадағы қаржы саласында магистр дәрежесі алуға қолданыстағы бағдарламасына өтінім берген үміткерлер саны Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азиялық үміткерлердің аз санынан (45%) тұрады, үштен бір бөлігі Еуропа елдерінің үміткерлері (34%), ал 11 пайызы – Орталық және Оңтүстік Азия үміткерлері». 

Бағдарламаның мазмұны мен ерекшеліктері қандай?

НУ ЖБМ қаржы саласында магистр дәрежесін алу бағдарламасы 14 айға созылады, оның ұзақтығы АҚШ-та және бүкіл дүние жүзіндегі көптеген аса құрметті және аккредиттелген бизнес мектептерінің ұсынатын бағдарламасымен барабар.

Назарбаев Университетінің Бизнес жоғары мектебінің (НУ БЖМ) қаржы саласында магистр дәрежесін алу бағдарламасы қаржы саласындағы кәсіпқойларға арналған мақсатты, сандық тұрғыдан бағаланатын оқу курсын білдіреді. Бағдарлама студенттерді қатаң тұжырымдамалық, сандық тұрғыдан бағаланатын және тәжірибелік негіздемемен қамтамасыз етеді, ол қаржы саласындағы мансабын бастауға және/немесе ары қарай жоғары көтерілуге септігін тигізеді. Студенттер курстық жұмыстар, тәжірибелену мен диссертациялар арқылы ауызша және жазбаша түрде қаржы зерттеулерін тиісті жүргізу және нәтижелерін тиімді ұсыну үшін дағды-қабілеттерін дамытады.

15 курстан тұратын бағдарлама қаржы саласындағы маңызды тақырыптарды қамтиды: корпоративті қаржы, қаржы нарығы, бағалау, қаржы институттары, сандық қаржылық әдістер, қаржы тәуекелдерін басқару және т.б. Бағдарлама студенттерді шынайы және қаржылық инвестициялық стратегияларды әзірлеу және бағалау үшін, техникалық және тереңдетілген талдау жүргізу үшін, маңызды қаржы институттарымен өзара әрекеттесу және қаржы және экономикалық мәліметтердің үлкен көлемін талдау үшін қажетті құралдармен қамтамасыз етеді. Курстар 3 апта бойында оқытылады. Бағдарлама сонымен қатар кампустан тыс екі тәжірибелік оқыту модулін қамтиды, олардың біреуі  – ірі халықаралық қаржы орталығында өтетін екі апталық халықаралық оқыту модулі (олар жыл сайын алмастырыла алады, бірақ ол келесі орындардың біреуі болады: Шанхай, Сингапур, Гонконг, Лондон, Франкфурт, Нью-Йорк немесе Чикаго)

Қаржы саласында магистр дәрежесін алу бағдарламасының мақсатты аудиториясы қандай? Бағдарламаның потенциалды студенттеріне кімдер жатады?

Қаржы саласында магистр дәрежесін алу бағдарламасы, әдетте, жұмыс тәжірибесі жоқ үміткерлерді тартады. Американдық бағдарламалардың үміткерлерінің шамамен 72 пайызының, ал еуропалық бағдарлама үміткерлерінің 62 пайызының бір жылға жуық жұмыс тәжірибесі бар. Қаржы саласындағы магистр дәрежесін алудың 72 бағдарламасы бойынша жүргізілген сауалнама барысында 12 ел және елді мекендердің ішінен көпшілігі тек сыныпта оқытатын американдық бағдарламалармен ұсынылған. Қаржы саласындағы магистр дәрежесін алу  бағдарламасына үміткерлердің көпшілігі әлемнің келесідей аймақтарынан келіп түседі: Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия, Америка Құрама Штаттары, Орталық және Оңтүстік Азия, сонымен қатар Батыс Еуропа. 5 Осылайша НУ БЖМ бағдарламасы бекітілген соң болашақта қаржы саласындағы магистр дәрежесін алудың өз бағдарламасына географиялық жақындықты ескере отырып, Орталық және Оңтүстік Азиядан үміткерлерді тарту мүмкіндігі бар.

Бағдараламаның профессорлық-оқытушылық құрамы қандай?

НУ БЖМ штаттық профессорлық-оқытушылық құрамы танымал халықаралық бизнес мектептері арасынан мұқият таңдалып алынады (Корнелл университеті, Мичиган университеті, Тинбергтің Роттердам университеті, Лондон экономика мектебі, Пердью Университеті, Экономикалық және коммерциялық ғылымдар жоғары мектебі, Иллинойс университеті, Уортон мектебі, Остиндегі Техас университеті,  Манчестер бизнес мектебі, Вашингтон университеті, Сент-Луи университеті, Солтүстік Батыс  университеті, Нью-Йорк университеті, Гонконг ғылым және технология университеті және т.б.). Штаттық профессорлық-оқытушылық құрамға қосымша штаттан тыс профессорлық-оқытушылық құрам арнайы элективті курстарға және тек үздік бизнес мектептерінен тартылады.

Қазақстандық нарықтың қаржы саласында магистр дәрежесін алу бағдарламасына деген қажеттілігі қандай? Неліктен Қазақстан осындай бағдарламаға мұқтаж?

Қазақстандағы өнеркәсіптік салалар Кеңес Үкіметі тараған соң секірмелі нәтижелерге қол жеткізе отырып, ұзақтығы жиырма бес жылға созылған түрлену кезеңінен өтті. Президент Н.А.Назарбаевтың 2050 жылға дейінгі стратегиялық көруі және әлемнің ең бәсекеге қабілетті, дамыған үздік-30 елдерінің қатарына қосылуды жүзеге асыру мақсатында барлық өндірістік, кәсіпкерлік және үкіметтік секторларда дайындалған мамандардың болуы қажет етіледі. Жүзден астам қазақстандық ұйымдардың басшылары арасында сауалнама жүргізуге негізделген өзіндік зерттеулеріміз осындай қажеттілікті растайды. Жоғары сапалы, халықаралық-бағытталған және аккредиттелген жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламалар бизнеспен байланысты пәндерде нарықтың осы қажеттілігін қанағаттандыруға көмектеседі.

Екіншіден, өзге қозғаушы күш Қазақстанның қазіргі уақытта және болашақта шикізат тауарларына бағалардың өзгермелігі және белгісіздігіне байланысты тап болған экономикалық қиындықтардан, сонымен қатар аймақтағы мүмкін геосаяси тұрақсыздықтан туындайды. Осылайша, банкілерде және өзге қаржы мекемелерінде қаржылық дайындықты жақсарту қажеттігі туындап отыр, ол туралы бізге Қазақстан Республикасының Ұлттық банк өкілдері хабарлады.

Үшіншіден, көптеген елдерде, соның ішінде Қазақстанды да қосқан кезде, бакалавриат бағдарламаларының кейінгі бітірушілерінің және жас мамандарының көпшілігі еңбек нарығында өзгелерден ерекшелену үшін кәсіби мақсаттарды көздеп, қаржы саласында кәсіби дайындық пен біліктілікті алуда мүделлі. Қаржы саласында магистр дәрежесін алу бағдарламаларының арасында ұзақтығы 10 айдан бір жылға дейін болатын бағдарламалар сұранысы басым екені байқалады, себебі, ол, әдетте, МВА бағдарламаларына қарағанда арзан, сонымен қатар бұл бағдарламалардың көпшілігі еңбек тәжірибесінің болуын талап етпейді.

Төртіншіден, көп сұранысқа ие болуының белгісі ретінде халықаралық деңгейдегі бизнес жоғары мектептерінің ұсынатын қаржы саласында магистр дәрежесін алу бағдарламасының саны едәуір өсті, әсіресе, еңбек өтілі жоқ студенттерге бағытталған (ол қаржы секторында қандай да бір еңбек өтілі қажет етілмейді дегенді білдіреді). Қаржы саласында магистр дәрежесін алу бағдарламасына үміткерлердің көп саны Азиядан келіп жатыр. Сонымен қатар бұл бағдарламаларға ұлттық әл-ауқат қоры мен орталық банкілер тарапынан қызығушылық артуда, 6 ол осында, Қазақстанда, танылып отыр. Тіпті, ЭКСПО-2017 алаңында орналасқан «Астана» халықаралық қаржы орталығының басшылығы бағдарлама бітірушілерін жұмысқа қабылдауда мүдделілік білдірді.

Қазақстанның өзге университеттерінде осыған ұқсас бағдарламалар бар ма? Егер осыған ұқсас бағдарламалар болса, НУ-дегі қаржы саласында магистр дәрежесін алу бағдарламасының ерекшелігі қандай?

Біздің нарықты талдауымыз көрсеткендей, қазақстандық нарықта қаржы саласында магистр дәрежесін алу бағдарламасының бірнеше жоғары сапалы баламалары бар. Осы бағдарламалардың көпшілігі орыс тілінде және сырттай оқытылады.

Салыстыру үшін НУ БЖМ қаржы саласында магистр дәрежесін алу бағдарламасының ұсынатын басымдықтары келесідей: аккредиттелген халықаралық бизнес жоғары мектептерінде алынған философия докторы дәрежесі бар халықаралық профессорлық-оқытушылық құрамымен жаһандық бағытталу мен жергілікті шарттардың үйлесімі, Алматы қ.Ұлттық банкінде екі апталық тәжірибеленуден өту негізінде серіктестік мүмкіндіктері, сонымен қатар НУ БЖМ Кәсіби бағытталу қызметімен ұсынылатын корпоративті байланыстар, ірі қаржы нарығының біреуінде (мысалы, Гонконг, Шанхай, Сингапур, Франкфурт, Лондон) екі апталық тәжірибеленуден өту және пәндік салада тәжірибесі бар профессорлық-оқытушылық құрам қатарынан кеңесшінің жетекшілігімен орындалатын топтық диссертациялық жоба. Қазақстанда жоғары сапалы, жақсы құрылымданған бағдарламаны қолданудың уақыты келді.

Қаржы саласында магистр дәрежесін алу бағдарламасы бітірушілерінің мансабын қандай болады деп ойлайсыз?

НУ БЖМ бағдарламасының бітірушілерін банкілер, сақтандыру және ипотека компаниялары, инвестициялық банкілер, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі, сонымен қатар ірі ұлттық және халықаралық компаниялар қаржы сарапшылары ретінде жұмысқа қабылдайтын болады. НУ БЖМ барлық студенттері оларды еңбек нарығына дайындауда көмек көрсететін НУ БЖМ Кәсіби бағыттау қызметі мен үш жеке-жеке өтетін Вакансия апталарынан пайда көреді.