НУ БЖМ "BUSINESS TALK & COFFEE" тегін шеберлік сабақтарының топтамасын ұсынады

2017-10-31 11:19:30

НУ Бизнес мектебі таптаурындарды бұзады: сіз біздің бағдарламаларымыз ҚЫМБАТ және ҚОЛЖЕТІМСІЗ деп ойлайсыз ба? – Біз “BUSINESS TALK & COFFEE” тегін семинарлар топтамасын ұсынатынымызды қуана хабарлаймыз.

Сізде біздің оқытушыларды тыңдау, олармен бір шыны-аяқ кофе ішу барысында пікір алысып, сұрақ қою мүмкіндігі болады. Сіз біздің бағдарламалар немесе семинарлар атмосферасына енесіз. Сізде біздің бағдарламалар немесе Назарбаев Университеті туралы сұрақтарыңыз болса-келіңіз.

Біздің BUSINESS TALK & COFFEE бірінші тақырыбы: Кәсіпкерлік бойынша профессор Оны Акемудың «Ішкі мотивациясы».

Біз «Ұйымдарда адамдар мен топптарды қалай ынталандырған дұрыс?» екендігін талдаймыз. Бұл тақырып компания қызметкерлері, кәсіпкерлер, кез келген ұйымның жетекшілері үшін пайдалы және қызықты болады.

Күні мен уақыты: 2017 жыл 20 қазан, 13.00 — 14.30

Өту орны: Астана қ., Назарбаев Университеті, Бизнес жоғары мектебі, Қабанбай батыр даңғылы 53, С3 блогы, 3030-кабинеті.

Бағасы: тегін.