НУ БЖМ Халықаралық консультативті кеңесінің екінші отырысы

2017-10-31 11:26:40

2017 жылы 6 қазан күні Назарбаев Университетінің Бизнес жоғары мектебінде Халықаралық консультативті кеңесінің екінші отырысы өтті. Кездесуге келесі топ-менеджерлер мен профессорлар қатысты:

  • Деннис де Трэй, НУ Қамқоршылық кеңесінің мүшесі
  • Лоретта О’Доннел, НУ Вице-провосты
  • Фернандо Бернштейн, Дъюк университеті, Фукуа бизнес мектебі, профессор
  • Олег Смоляков, Қазақстан Ұлттық банкінің төраға орынбасары
  • Балжит Каур Грювал, Самрұқ Қазына стратегия және портфельдік инвестициялары бойынша басқарушы директоры
  • Умут Шаяхметова, Халық Банк басқарма төрағасы
  • Алина Алдамберген, Қазақстан қор биржасының төрағасы (KASE)
  • Альпер Акдениз, PWC бұрынғы аймақтық жетекшісі
  • Йохен Бербнер, Басқарушы серіктес, McKinsey Kazakhstan
  • Бела Ференци, GE аймақтық менеджері
  • Оливье Лазар, Shell елдік менеджері
  • Антон Ван Горп, Metro Kazakhstan бас директоры
  • Жаслан Мадиев, ҚТЖ Қаржылық директоры
  • Марк Зеннер, аға атқарушы вице-президент, JP Morgan NYC
  • Анри Серваес, Профессор, Лондон бизнес мектебі

AIB1

Сәлемдесу сөзінен кейін НУ БЖМ деканы Патрик Дюпарк Кеңес мүшелерін Мектептің соңғы академиялық және ғылыми жетістіктері туралы ақпарат берді, академиялық және қысқа мерзімді бағдарламалар туралы айтып берді, сонымен қатар жақында ашылған «Қаржы саласында ғылым магистрі» бағдарламасын таныстырды.

Ары қарай «Бизнес-мектептің корпоративті әлеммен бірлестіктері» тақырыбына дөңгелек үстел өттіғ онда Кеңес мүшелері және өзге бизнес-мектептермен NU GSB серіктес болу тәжірибесімен бөлісті, олардың компаниясына қандай пайда әкелетінін ерекше атап өтті.

Содан кейін профессор Фернандо Бернштейн «Мәліметтерге негізделген дербестендірудің динамикалық кластерлік амалы» тақырыбына баяндама оқыды. Ол жақында дайындалған сатып алушының сатып алу туралы қабылдаған шешімі негізінде клиенттік сегменттердің құрамын және дербестендірілген сұрыптаманы бейімді түзейтін динамикалық кластерлеу алгоритмі туралы хабарлады (сатылымды арттыру мақсатында).

aib2

Кеңес мүшелері БЖМ оқытушыларымен әңгімелесу мүмкіндігі болған кофе-брейктен кейін МВА бағдарламасының студентеріне сөз берілді. Негізінен, Акылжан Баймагамбетов (EMBA студенті, Қазақстан Ұлттық банкінің Ұлттық инвестициялар корпорациясының бас директоры), Асель Мусина (MBA 2017 жылдың студенті) және Салтанат Койшиманова (MBA 2018 жыл студенті) БЖМ-дағы олардың тәжірибелері, неге осы Мектепті таңдағаны және оқу олардың мансабына қалай әсер етеді немесе ендігі әсер еткені туралы айтып берді.

Кездесу тағы бір «Сіздің жетекшілік тәжірибеңіз және НУ БЖМ Executive MBA бағдарламасы» тақырыбындағы дөңгелек үстелмен аяқталды. Талқылау барысында бірнеше шағын топқа бөлінген Кеңес мүшелері шынай бизнес әлемінде қандай негізгі дағдылар маңызды және НУ БЖМ осы дағдыларды түлектерінде дамыту үшін академиялық бағдарламасын қалай жетілдіре алатынын талқылады.

Жалпы алғанда ХБА мүшелері  кездесу өте пайдалы және қызықты болғанын атап өтті. Келесі отырыс 2017 жылдың 13 сәуір күніне жоспарланды.