НУ БЖМ студенттер 1-мансап апталығы басымдықтарын пайдаланады

2017-11-10 14:54:50

2017 жылдың 30 қыркүйегі мен 3 қарашасы арасында апталық өтті, оның аясында НУ БЖМ студенттерінің 2 тобы студенттерді өнеркәсіптің түрлі салаларымен және мансаптық өрлеудің түрлі мүмкіндіктерін таныстыруға бағытталған 1-мансап апталығына қатысты. Бизнес магистратурасы бағдарламасы бойынша күндізгі бөлімнің 30 студенті және қаржы бойынша 34 ғылым магистрі 1-апталық аясында түрлі тәжірибелік әрекеттерге қатысты, олар тәжірибелік семинарларды, презентацияларды,  жасанды сұхбаттасу, кәсіби фото түсірілім мен сарапшылық пікіралмасу қамтыды.

20171103_104943

1-мансап апталығы студенттердің мансаптық өрлеудің түрлі мүмкіндіктері туралы түсінігін арттыруға бағытталған сарапшылық пікір алмасулардың қызықты топтамасын ұсынды. «Самрұқ-Қазына» АҚ Нарықты талдау департаментінің басшысы Даурен Сагидулла және «Шел» компаниясының Бағалау бойынша аға менеджері Данияр Раматулаев Қазақстанда мұнай мен газды барлау және өндірумен айналысатын компаниялар туралы айтты. Олар тартымды мансаптық мүмкіндіктерге қатысты біліммен бөлісті және өздерінің қалыптасуының басынан бастап өз мансаптары туралы айтып берді.

Бағдарламаның маркетинг саласындағы сарапшылық пікіралмасудың басты қонақтары «Lattanzio Advisory» компаниясының Астана қаласындағы филиалының директоры Дастан Баякенов, «TAKITA» маркетингтік агенттіктің басшысы Зинаида Пак және «Астык Коймалары» ЖШС маркетинг бойынша бас маманы Дидар Бейсенов болды. Сарапшылық пікіралмасудың қатысушылары маркетингтік индустриядағы жаңа үрдістерді және қалайша жаңа технологиялар компанияның жалпы өнімділігін арттыратынын талқылады. Олар сонымен қатар маркетинг саласындағы мамандар Қазақстандық компаниялармен жұмыс жасағанда күнделікті тап болатын қиындықтар туралы айтты. Бюджетті кеміту кезінде шығындар бабымен маркетингтік шығындары бірінші қысқартылады.

Қаржы саласындағы сарапшылық пікіралмасу «Қазақстан Ұлттық Банкінің ұлттық инвестициялық корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы Ақылжан Баймагамбетовпен, «Самрұқ-Қазына Инвест» ЖШС инвестициялық департаменттің басшысы Ернар Биляловпен, АХҚО үздіксіз кәсіби даму бюросының басшысы Ернур Русмагамбетовпен және АҚШ, «Muzan Group» компаниясының президенті Диана Музанмен ұсынылды. Сарапшылық пікіралмасудың қатысушылары Қазақстандғы қаржылық сектордың жағдайы және жалпы қаржыгер болу жайында талқылады. НУ БЖМ магистратура саласындағы бағларлама студенттері дөңгелек үстел қатысушыларымен ұсынылған компаниялардағы қаржыгерлердің күнделікті міндеттеріне қызығушылық танытты.

20171103_095528

Кәсіпкерлік бойынша сарапшылық пікіралмасу соңғы өткізілді, ол кәсіпкер және «Ирригатор Казахстан» ЖШС бас директоры Мурат Акшаловпен, «Happy Cake» компаниясының иесі Асхат Солтановпен, сонымен қатар кәсіпкер және НУ түлегі Аян Биримжанмен таныстырылды. Пікіралмасу өте шабытты өтті, себебі сарапшылық пікіралмасу қатысушылары аудиториямен түрлі әдістермен байланыс орната білді, өздерінің табысқа жеткен тарихымен таныстырып, «кәсіпкерлік» өміріндегі тап болған қиындықтармен және өмірлік ұрандарымен бөлісті. Дөңгелек үстелдің әр қатысушысы кәсіпкер болу қалай және өмірде табысқа қалай жетуге болатыны туралы білімдерімен алмасты.

Төменде айтылған әрекеттер 5 күннің ішінде жүзеге асырылды:

-Пікіралмасу және ақпараттық сессия арқылы индустриалды мамандармен байланыс орнаттық. Компаниялардың үлкен саны мансап апталығына қатысып, өздерінің қызмет аясындағы мүмкіндіктерімен, сонымен қатар өз компанияларының мүмкіндіктерін талқылады.

-Студенттер түрлі сарапшылық пікіралмасу мен өзара әрекеттесу арқылы өз мансабын қалай бастау, табысты болу қалай арттыру керек, сәтсіздік тәуекелін қалай азайту керектігі туралы инсайдерлік ақпаратқа ие болды.

-Студенттердің мұнай-газ, маркетингтік, қаржылық индустрия үрдістері туралы көбірек білу мүмкіндігі болды.

-Біз «Лифтідегі әңгімелесу», «Өзін-өзі сату» және «Белсенді тыңдау» секілді ұжымдық жұмыс немесе сұхбаттасу барысында алынатын маңызды алғашқы әсерді жетілдіруге бағыттталған семинарлар топтамасын өткіздік.

-Біз Назарбаев Университетінің аға қызметкерлерімен жасанды сұхбаттасудың кешкі сессияларын ұйымдастырдық, онда студенттерге жеке кері байланыс ұсындық, сонымен қатар сыныптың барлық мүшелеріне сұхбат жүргізу бойынша кеңестер бердік.

1-мансап апталығы сәтті өтті, оған көп адамдар – студенттер, компаниялар, ПОҚ және қызметкерлер қатысты, олар өздерінің жоғары бағасын беріп, жүргізілген бағдарламаға жалпы қанағаттандығын білдірді. Қазіргі уақытта 2-мансап апталығына дайындық жүріп жатыр.

20171101_122306