НУ ЖБМ Халықаралық консультативтік кеңесінің алғашқы отырысы

2017-03-02 16:42:43

2017 жылғы 24 ақпан күні Назарбаев Университеті Жоғары бизнес мектебінде (НУ ЖБМ) мектеп басшылығының бастамасымен құрылған және өзінің стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге ықпал етуге арналған, Халықаралық консультативтік кеңесінің алғашқы отырысы өтті.

DSCN5226

Халықаралық консультативтік кеңестің негізгі міндеттері болып мектепке сырттан баға беру, оның бағдарламаларын қолдау және насихаттау, стратегиялық даму бағыттарын таңдауда көмек болып табылады. Халықаралық консультативтік кеңесінің қатысу бағыттары болып мемлекет ішінде және шетелде ЖБМ-нің танылымын кеңейту, мектептің оқу бағдарламаларын еңбек нарығында қазіргі заманғы үрдістерге сәйкестікке сараптау, түлектерді тарту және жұмысқа орналастыруды қолдау, сондай-ақ қаражат жинауға жәрдемдесуді қамтиды.

Бірінші отырысқа Гүлмира Раисова, «Самұрық-Қазына корпоративтік университеті» АҚ директоры; Раушан Сәрсембаева, Қазақстан Іскер әйелдер қауымдастығының президенті; Алина Алдамберген, Қазақстан қор биржасы директорлар кеңесінің төрағасы; Дункан ван Берген, Қазақстандағы «Шелл» концернінің төрағасы; Мағжан Әуезов, «ForteBank» АҚ-ның Басқарма төрағасы; Лоретта O’Donnell, Назарбаев Университеті академиялық мәселелер жөніндегі вице-провосты қатысты.

Отырыс басында Лоретта О Доннелл Назарбаев Университеті қызметі мен оның Қазақстан Республикасындағы адам капиталын қалыптастырудағы рөлі туралы айтып берді. НУ ЖБМ Деканы Патрик Дюпарк НУ ЖБМ-нің қызметі, бағдарламалары, профессор-оқытушылар құрамы, ғылыми-зерттеу қызметі, сондай-ақ, іскерлік және халықаралық қарым-қатынастарды кеңейтуге салынған күші туралы хабардар етті.

Кездесу барысында мүшелер Кеңестің функцияларын, жаңа мүшелерді іріктеу принциптерін, НУ ЖБМ бағдарламаларын, сондай-ақ Кеңестің мектеп қызметіне көмектесуінің түрлі тетіктерін талқылады. Сонымен қатар, профессор Jozef Konings «Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік картасы: Индустриялық саясат қалыптастыру нұсқаулығы» тақырыбында өте қызықты баяндама жасады.

DSCN5233

Мектеп өмірінің ең өзекті мәселелерін талқылау және қарау үшін НУ ЖБМ қабырғасында жылына екі рет кездесуге шешім қабылданды. Кеңестің құрамына жаңа кандидаттар, сондай-ақ отырыстарды өткізудің жаңа нысандары ұсынылды.