НУЖБМ және Сколково РФ Премьер-министрі Дмитрий Медведевтің қатысуымен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

2018-10-17 16:34:20

2018 жылғы 15 қазанда Мәскеу қаласында Назарбаев университетінің Жоғарғы бизнес  мектебінің деканы Патрик Дюпарк пен Сколково Мәскеу басқару мектебінің президенті Андрей Шаронов РФ Премьер-министрі Дмитрий Медведевтің қатысуымен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

 Меморандум шеңберінде Гонконг ғылым және технология университетімен (HKUST)   Сколково Мәскеу басқару мектебінің стратегиялық серіктестігі шеңберінде келесі жылдың қавраша айында басталатын,  ЕМВА for Eurasia бағдарламасы модульдерінің бірін  Астанада өткізу болжанып отыр. Оқыту жеті мемлекетте – Ресей, Қытай, Швейцария, Қазақстан, АҚШ, Израиль мен Арменияда өтетін болады.

Назарбаев университетінің бизнес-мектебінде Operations Management модулі өтеді, сондай-ақ тыңдаушылар  Қорғас бағдарламасына бару жоспарланып отыр.

Бұдан басқа, ынтымақтастық мәні бизнес-кейстерді жазу және бірлескен зерттеулер болады. Осындай бірінші кейс  «Белдеу және жол» бастамасының шеңберінде жарқын жобасының мысалы ретінде Қорғас құрғақ порты болады. Бизнес-кейс Назарбаев университетінде EMBA for Eurasia  бағдарламасының модулінде пайдаланылатын болады.