Операциялық менеджмент, тренинг

2019-08-22 09:27:10

«Операциялық менеджмент», тренинг

Бұл семинарда Сіз операциялық қызметті жақсарту арқылы табысты қалай арттыруға болатынын, Сіздің компанияңыздың тиімді емес аймақтарын анықтауды, кадрлардың тұрақсыздығын азайтуды білесіз, көрсетілетін қызметтердің сапасын дұрыс бағалауды үйренесіз.

Бұл курстың мақсаты операциялық менеджмент әдістері мен дағдыларын игеру арқылы қатысушылардың басқару дағдыларын дамыту және жетілдіру,  сондай-ақ Toyota, Capital One, Shouldice Hospital  және т.б. компаниялардың тәжірибесімен танысу. Бағдарлама аяқталған соң қатысушылар заманауи басқару құралдарын пайдалана отырып, шынайы тәжірибеден алынған жедел міндеттерді шешуді үйренеді.

Курстың негізгі тақырыптары:

  1. Іргелі тұжырымдамалар мен құралдар: «Тар» орындарды талдау, процестік диаграмма, Гант диаграммасы 
  2. Процестерді түсіну: Batch процесін Assembly процесіне қарсы қою.
  3. Lean операциялар: Lean операциялардың принциптері мен құралдары, Lean принциптерін қызметтер саласына енгізу.
  4. Сапаны басқару және «Six Sigma» әдістемесі: Процесті стратегиялық бақылау және сапаны басқаруға арналған ұйымдастырушылық түпмәтіні.
  5. Нұсқалылықты басқару: Нұсқалылық пен іркіліс уақытын азайтудың стратегиялары қандай?
  6. Операциялар және есепке алу арасындағы өзара байланыс: Операциялық оң нәтижелерді табыстылыққа қалай апаруға болады?
  7. Ұсыныс тарапынан белгісіздікті басқару: Фирмалар кадрлар тұрақсыздығын қалай басқара алады? Сыйымдылық пен икемділік арасындағы келісім.
  8. Операциялық стратегия: «Мамандандырылған» және «көпсалалық» арасындағы стратегиялық  келісім.

Кімдерге арналған:

  • Жеке және мемлекеттік ұйымдардың топ-менеджерлері мен жетекшілері;
  • Өнеркәсіп, қызметтер, логистика, көтерме-бөлшек сауда, басқару, қаржы секторы және т.б. секілді салаларда жұмыс жасайтын менеджерлер.
  • Өндірістік процестерді басқару, қызмет көрсету, тауарларды жеткізу және тасымалдаумен және т.б. тікелей байланысты мамандар.
  • Кәсіпкерлер.

Тыңдаушылар курсты аяқтаған соң:

  • Операциялық менеджменттің негізгі тұжырымдары мен құралдарын игереді;
  • Lean операцияларының ұстанымын және оны өз қызметінде қолдануды үйренеді;
  • Икемділіктің маңыздылығын түсіну және ұсыныс тарапынан белгісіздікті басқару стратегияларын игереді;
  • Іркілістерді қысқартудың операциялық әдістерін үйренеді;

Операциялық менеджменттегі келісімге қатысты стратегиялық пайымдауды дамытады.

Күні мен уақыты: 2019 жыл 7-8 қараша

Өту орны: Нұр-Сұлтан қ., Назарбаев Университеті, Бизнес жоғары мектебі, Қабанбай батыр даңғылы 53, С3 блогы.

Бағасы: 195 000 тенге

Бағдарлама оқытушысы: Нарендра Сингх, операциялық жетекшілік ету жөніндегі қауымдастырылған профессоры

+7 (7172) 706460