Оқудан өткеннен кейін қазақстандық кәсіпкерлер өз ойын өзгертеді

2018-05-10 09:27:23

Өз бизнесін дамытуға ниет білдірушілер үшін Назарбаев Университеті Бизнес жоғары мектебінде сегіз жыл бойы қатарынан кәсіпкерлер үшін тегін «Бизнестің жол картасы – 2020» «Шағын және орта бизнестің топ-менеджментін оқыту» бағдарламасы іске асырылуда.

Бағдарламаны Ұлттық экономика министрлігі Даму қорының қолдауымен қаржыландырады. Осы уақыт ішінде аталмыш бағдарлама бойынша 2500 кәсіпкер білім алды. Бұл ретте қатысушылардың жасы 18 бен 75 жас арылығында. Курстар өткізілетін бизнес-мектеп бағдарламаның түлектерімен байланыс орнатады және оқудан өткен кәсіпкерлердің бизнесі қалай дамып жатқанын білу үшін жыл сайын сауалнама жүргізеді.

– Бағдарламаның түлектері арасында 2017 жылы өткізілген соңғы сауалнамаға сәйкес, түлектердің 90% бағдарламаның мазмұны бағдарлама аяқталғаннан кейін де пайдалы болып қалғанын көрсетті; 62% сатылымдарын ұлғайтты; 65% жаңа өнімдер мен қызметтерді нарыққа шығарды; 53% таза пайданы арттырды және 36% компаниясындағы қызметкерлер санын ұлғайтты. Кейбір қатысушылар өз бизнесін қайта бағдарлағанын атап өтті, кейбіреулері пайда әкелмейтін бағыттарды жауып, өз қызметін өсу мен даму әлеуетті жоғары секторларда шоғырландырды. Қатысушылардың көбісі бұл бағдарлама оларға өз бизнесіне жаңаша қарауға көмектескенін, өз қызметін жетілдіру үшін және пайданы барынша арттыру үшін даму стартегиясын қайта құруға көмектескенін атап өтті. Білім беруімен қатар, бұл бағдарламаның негізгі артықшылығы болып кәсіпкерлер өз таныстарының қатарын кеңейтіп, бірлесіп жұмыс жасау үшін болашақ серіктестерді табатындығына негізделеді. Бағдарламаға құжаттарды қабылдау өте оңай – Даму өңірлік қорына барып, оқудан өту туралы өтінім жазу қажет, – деп Әсел Увалиева, атап өтті. Назарбаев Университеті Бизнес жоғары мектебінің атқарушы директоры.

Түлектердің бірі осындай курстан өту өте оңай әрі пайдалы деп есептейді. «Авто Заказ» ЖШС негізін қалаушылар мен құрылтайшылары Филиппов Дмитрий Игоревич және Гнедков Виталий Викторович курстан кейінгі өз ойларымен бөлісті: – Даму қорынан ШОБ дамыту бағдарламасы бойынша оқудан өту туралы ұсыныс келіп түскеннен кейін біз бірден өтінім бердік. Біздің жұмысымыздың ерекшелігі мемлекет бекіткен тізімде бар еді.

Жалпы курс шағын болды. Алайда, өте тиімді. Көптеген адамдар мектептегідей, жылдар бойы оқу керек деп есептейді, бірақ бизнесте барлығы басқаша, юарлығы өте жылдам өзгереді, сәйкесінше, оқу үдерісі көбінесе өз «алаңыңда» өтеді және әр кәсіпкер өз кәсіпорнының ерекшелігіне байланысты белгілі материалды терең зерделеу қажеттілігін өзі анықтайды.

Назарбаев Университетіндегі атап өтетін ерекшелік бұл шетелдік оқытушылар. Бұл жерде бізді АҚШ пен Ұлыбританиядан келген оқытушылар оқытты және олардың оқыту үдерісі психология арқылы құрылғанын атап өткен жөн. Яғни олардың тапсырмасы – түсіндіріп, көрсету ғана емес, ең бастысы – біздің ой-түйсігімізді өзгерту. Бұл адамның дамуы бизнестің дамуы сияқты төменнен-жоғары қарай өтуі үшін қажет. Олар табысты қазақстандық компаниялардың мысалдары мен кейстерін пайдаланды, сондай-ақ олардың сәтсіздіктерінің негізгі себептері туралы айтып берді.

Біздің елімізде көптеген адамдар посткеңестің кеңістіктегі деңгейде ойлайтынына, сондай-ақ бизнеске несие немесе инвестиция түрінде ақша салуға қорқатынына жұмыс барысында көзіміз жетті, ал оқытушылар осы мәселені психологиялық тұрғыдан шешуге талпынады. Осы себептен, оқудан өткен соң біз инвестицияларға қатысты өз пікірімізді түбегейлі өзгерттік. Бұрын біз былай жұмыс істеген едік: Идеяны көреміз, қаражат жинаймыз, содан кейін іске асырамыз, бірақ, өкінішке орай, алтын уақытымызды жоғалттық, және бұл идея біздікі ғана болмай қалады, ұлғайып келе жатқан нарықта бәсекелестер пайда болады, және олардың арасында ірі бәсекелестер де бар. Оқудан өткеннен кейі біз өз көзқарасымызды өзгерттік, бізді жаңаша ойлауға үйретті, бизнесте өзара ынтымақтасуға, сондай-ақ мемлекетпен ынтмақтасуға қадам бастық.

Бағдарламаның материалдарынан меңгерген тағы бір жайт жабық болмаған жөн, бұл барлық ШОБ мәселесі. Енді ірі автомобиль дилерлеріне өз ойымызды жеткізіп, қосалқы бөлшектерді өткізудің біз ойлап тапқан жаңа жүйесін мемлекеттік деңгейде енгізуді жоспарлап жүрміз. Қазір біз түнұсқалы қосалқы бөлшектерді өткізуге не кедергі жасайтынын егжей-тегжейлі білеміз. Біздің идеяларымыз да ел үшін пайдалы бола алатынына үміттенеміз.

– Бағдарламаның тағы бір түлегі Сансызбаев Жүнісхан Мейманханұлы: «Мен үшін негізгі мақсат бизнеске қатысты жаңа иделарды дұрыс бағалауды, олардың коммерциялық әлеуетін ескеруді үйрену, шағын және орта  кәсіпорындардың жетекшілерінің мәселелерін талқылау, бизнес жоспарларды әзірлеуді, талдауды және бағалауды үйрену болды». Әсіресе Роберт Розенфельдтың дәрісі есте қалды. Ол табысты бизнесті құру моделін сызба түінде көрсетті. Мүмкіндіктер мен ресурстар көрсетілген қадамдық нұсқаулықты ұсынды. Ол бизнес-жоспарды қолдануды, команданың мәселелеріне назар аударуды, көшбасшыларды анықтауды үйретті. Мен өз бизнесіммен айналысамын және бірнеше жобаларды іске асырамын: бірінші жобам жиһаз және металл құрылымдарын өндіру. Екінші жобам анағұрлым табысты, бұл – BURAN Security күзет ұйымы, бағдарлама бойынша алған білімімді дәл осы салады қолдандым; және үшінші жобам телекоммуникация бойынша, біздің өз теледидарымыз бар.

Бағдарламаның кейбір түлектерінің жетістіктері мен табысы оқу бизнес-кейсерін әзірлеу кезінде олардың тәжірибелерін пайдалануға мүмкіндік берді. Мысалы, 2013 жылғы бағдарламаның түлегі Андрей Стрельцтің тәжірибесіне сүйені дайындалған бизнес-кейс бағдарламада бірнеше жыл қатарынан пайдаланылып келеді. iDoctor компаниясының негізінде жазылған бизнес-кейс 2018 жылғы бағдарламаға енгізілді, бұл компанияның иелерінің бірі Серік Смақұлов 2014 жылы оқудан өткен болатын.

Шағын және орта бизнес жетекшілерін оқыту арқылы осы бағдарлама елдегі жалпы кәсіпкерлік белсенділікке әсер етті. Сонымен қатар, бағдарлама кәсіпкерлер үшін оқыту бағдарламалын әзірлеудің шетелдік тәдірибесін енгізуге мүмкіндік берді.

Осы бағдарламадан өткеннен кейін қатысушыға курсқа қатысқандығы туралы сертификат беріледі. сы сертификат және оқытушылардың түсіндірмелері берілген бизнес-жоспар оқудың екінші кезеңінен – «Іскерлік байланыстар» бағдарламасынан өту үшін негіз олып табылады. Іскерлік байланыстарды «Атамекен» ҰКП өкілдері ұсынады. Осы бағдарламаның аясында қатысушылар қабылдаушы тараптың кәсіпкерлерімен байланыс орнату үшін шетелге баруға мүмкіндік алады, осыған дейін қатысушылар Германияға барлы. Сапар барысында қатысушылар шетелдік әріптестерімен тәжірибе алмасады, идеялармен бөліседі және ынтымақтасудың ықтимал жолдарын алқылайды.

Мақала forbes.kz сайтында қолжетімді.