Оқытушы-профессорлар құрамы және зерттеу

Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебі әлемнің түрлі елдерінен барлық салаларда ауқымды кәсіби тәжірибесі бар жоғары білікті оқытушыларды тарту мүмкіндігіне ие болып отыр. НУ ЖБМ мен Дьюк Университетінің Фукуа Бизнес Мектебі арасындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімнің нәтижесінде біздің бағдарламалар бойынша сабақ жүргізіп жатқан профессорлардың құрамына озық оқытушылар мен ғылыми қызметкерлер кіретін, инновациялар саласында елеулі тәжірибесі бар оқытушы-профессорлар құрамы әлемде қайталанбас бірегей білім беру ортасын құрып отыр. НУ ЖБМ-ға біз елеулі академиялық жетістіктері бар, ғылыми-зерттеу еңбегі туралы толық материалдар мен кәсіби тәжірибе жинақтаған, бизнес пәндер бойынша алдыңғы қатарда тұратын халықаралық оқытушыларды іріктеп аламыз.Біздің профессорлар пәнаралық ғылыми зерттеулерге негізделген білімдерінің арқасында түрлі тақырыптарда қызықты сабақтар мен пікірталастарды ұйымдастырады, сондай-ақ студенттерді озық ойшыл және көшбасшы ретінде тәрбиелеу жұмысына өз үлестерін қосады.

Назарбаев Университетінің кітапханасына қош келдіңіздер Назарбаев Университетінің кітапханасы білім беру мен зерттеу орталығы. Біздің кітапхананың кітап қоры әр апта сайын жаңа басылымдармен, оқу дисктері, мерзімді басылымдар және анықтамалық ақпараттармен толығып отырады. Ағылшын тілі Назарбаев Университетіндегі оқыту үрдісінің ресми тілі болып табылатындықтан кітапхананың да құжаттарының көп бөлігі ағылшын тілінде, сонымен қатар қазақ және орыс тіліндегі кітаптарымыздың жинағы да күн санап өсіп келеді. НУ Кітапханасы студенттерге, оқытушыларға және университет қызметкерлеріне қызмет көрсетеді. Сіздің сала бойынша кітапханашыңыз Толқын Жангулова мен Айгерім Акпарова кітапхананы пайдалану бойынша туындаған барлық сұрақтарыңызға жауап береді.

Оларға келесі электрондық пошта арқылы tolkyn.jangulova@nu.edu.kz, aigerim.akparova@nu.edu.kz немесе телефон арқылы 7 (7172) 709244 (Толқын), +7 (7172) 705813 (Айгерім) хабарласа аласыз.

Кітапхана парағы: www.library.nu.edu.kz

429646_405985772760695_569036926_n

Назарбаев Университетінің кітапханасы 2010 жылдың күзінде ашылды. Біздің кітапхананың кітап қоры әр апта сайын жаңа басылымдармен, оқу дисктері, мерзімді басылымдар және анықтамалық ақпараттармен толығып отырады. Сонымен қатар, кітапхана көптеген электронды мәліметтер қорларына жазылған, олар туралы кітапхана вебсайтының арнаулы парақшасынан  біле аласыз.

Ағылшын тілі Назарбаев Университетіндегі оқыту үрдісінің ресми тілі болып табылатындықтан кітапхананың да құжаттарының көп бөлігі ағылшын тілінде, сонымен қатар қазақ және орыс тіліндегі кітаптарымыздың жинағы да күн санап өсіп келеді. Кітапхана оқытушылардың кеңесі бойынша оқу материалдарын Cambridge University Press, Oxford University Press, Pearson, McMillan, McGrow-Hill және басқа да халықаралық танымал баспалардан сатып алады.

НУ Кітапханасы студенттерге, оқытушыларға, университет қызметкерлеріне және университеттің еншілес кәсіпорындарына қызмет көрсетеді. Басқа да қазақстандық ЖОО-ның магистранттары мен докторанттары кітапханамызды пайдалануға ниет білдіріп жатса library@nu.edu.kz. электронды поштасы арқылы әкімшілікке хат жолдауына болады

Кітапхана бойынша сұрақтарңыз болса Роза Смагуловаға берілген e-mail немесе телефон арқылы хабарласуыңызды сұраймыз: roza.smagulova@nu.edu.kz немесе +7 (7172) 709238

In the Press

Табысты компаниялардың құпияларын профессор Чет Боруки және профессор Джижиан Чуй баяндады.
Өз бизнесін дамытуға ниет білдірушілер үшін Назарбаев Университеті Бизнес жоғары мектебінде сегіз жыл бойы қатарынан кәсіпкерлер үшін тегін «Бизнестің жол картасы - 2020» «Шағын және орта бизнестің топ-менеджментін оқыту» бағдарламасы іске асырылуда.
Бұл сұраққа Назарбаев Университеті Бизнес жоғары мектебінің «Қаржы ғылымдары магистрі» бағдарламасының академиялық директоры, қауымдастырылған профессор Марек Йохец сұхбат барысында жауап берді.
Назарбаев Университеті Бизнес жоғары мектебінің профессоры Чет Боруки қабылдау комиссиясына әсер қалдыру үшін түйіндемені қалай толтыру керек, сұхбат барысында өзіңді қалай ұстау керек және өтініш берген кезде нені жасамау керек екендігі туралы үміткерлерге кеңестер береді. Қабылдау комиссиясына әсер қалдыру үшін түйіндемеге қандай ақпаратты енгізу қажет?

Last News

Табысты компаниялардың құпияларын профессор Чет Боруки және профессор Джижиан Чуй баяндады.
2018 жылдың 19 мамыр күні Назарбаев Университетінің Бизнес Жоғары мектебінде Халықаралық Консультативті Кеңестің (ХКК) кезекті мәжілісі өтті.
Операциялық менеджмент мекемені басқарудың маңызды аспектілерінің бірі болып табылады. Операциялық менеджменттің құралдары мен тұжырымдамалары экономиканың түрлі секторларындағы бизнес-процестердің барлық түрлеріне қатысты қолдана алады.

Upcoming Events

Операциялық менеджмент мекемені басқарудың маңызды аспектілерінің бірі болып табылады. Операциялық менеджменттің құралдары мен тұжырымдамалары экономиканың түрлі секторларындағы бизнес-процестердің барлық түрлеріне қатысты қолдана алады.
Назарбаев Университеті Бизнес жоғары мектебі «BUSINESS TALK & COFFEE» тегін семинарларының топтамасын өткізеді. Сізге біздің оқытушыларымызды тыңдауға, олармен бір шыныаяқ кофе ішіп отырып сөйлесуге, сондай-ақ бизнестің әртүрлі салаларындағы басқа бизнес-кәсіпкерлермен танысуға және тілдесуге мүмкіндік беріледі.
FTMBA және Executive MBA бағдарламаларының барлық түлектері 2018 жылдың 19 мамыр күні Назарбаев Университетінің Бизнес жоғары мектебінде өтетін «Түлектердің кездесуі - 2018» атты керемет оқиғаға шақырылады.
Тұрақты бәсекелестік артықшылыққа қол жеткізу үшін компанияларға өздерінің клиенттері және стейкхолдерлері үшін маңызды құндылықтар қалыптастыра білу қажет. Бұл үшін өткір бәсекелестік және тұрлаусыздық жағдайларында стратегиялық ойлай білу қажет. Мұндай дағдыларды қалыптастыруға және клиенттерге және бәсекелес ортаға қатысты стратегиялық шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін құралдар жинағы бар екен. Сіз компанияның бәсекелестік күресте әрқашан жеңіске жету үшін бағалы […]