GEM project

Қазақстандағы экономикалық саясаттың негізгі басымдықтарының бірі кәсіпкерлікті дамыту болып табылады. Өзінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыт» халыққа жолдауында Президент елдің одан әрі экономикалық өсу үшін отандық кәсіпкерліктің маңыздылығын әділ атап өтті. Мемлекет, өз кезегінде кәсiпкерлiк ортаның бастамаларын iске асыру үшiн қолайлы жағдай жасауы және өз көмегін шағын және орта кәсiпкерлiктiң бәсекеге қабiлеттiлiгi тұрғысынан едәуір әлеуеті бар кәсіпорындарға және елдiң ғылыми-технологиялық әлеуетiн арттыруға бағыттауы тиiс.

«Назарбаев Университеті» Жоғары бизнес мектебі Қазақстанның ұлттық командасы ретінде Жаһандық мониторинг жобасына қосылды. Кәсіпкерліктің жаһандық мониторинг жобасы (Global Entrepreneurship Monitor, GEM) кәсіпкерліктің ұлттық деңгейді мен ауқымдының жыл сайынғы бағалуын білдіреді. GEM – бұл кәсіпкерлік және кәсіпкерлік белсенділік туралы ақпарат жинау және ақпарат алмасу үшін әлемнің қырыққа жуық елдеріндегі университеттердің, бизнес мектептері мен зерттеу орталықтарының бірлестігі. Ол1999 жылы Babson College-бен (болашақ кәсіпкерлерді оқытуға маманданған АҚШ-тағы жеке меншік бизнес-мектеп) бірлесіп АҚШ-тың London Business School-да басталды. Қазіргі уақытта жобаға жүзден астам елдер қосылды.

Деректерді жинауды екі тексеруді қамтиды:

  • Арнайы әзірленген сауалнама көмегімен ересек халықтың еңбекке жарамдыға сұрау жүргізу (Adult Population Surveys, APS). GEM кәсіпкерлік қызмет ұйымдарына деген респонденттің қатынасын ,әр түрлі жағынан сипаттайтын сұрақтарды қамтитын сауалнаманы тексеру үшін қолданылады.
  • Кәсіпкерліктің құрылымдық жағдайларын бағалау үшін сараптамалық бағалау пайдаланылады – ұлттық сараптамалық сұхбат (National Nature Surveys, NES) – арнайы әзірленген анкета  бойынша сауалнама жүргізу және кәсіпкерлік саласындағы кәсіпкерлермен және сарапшылармен тереңдетілген сұхбат алу. Жауаптар кәсіпкерлік белсенділік пен экономикалық өсуге әсер ететін сыртқы ортаның негізгі көрсеткіштері айқындалған GEM әдістемесі ұсынған жіктелімге сәйкес 9 топқа біріктірілген.

Осындай мониторингтің ерекшелігі әр түрлі елдердегі кәсіпкерлікті түсінудегі кросс-мәдени көзқарасқа және жаһандық контекстегі кәсіпкерлік белсенділікті ақпаратпен қамтамасыз ету және өлшеуден тұрады. GEM жобасы кәсіпкерлік мәселесінде биліктің хабардар болуын арттыруға және әлемнің көптеген елдерінде кәсіпкерлікті дамытуға қатысты олардың саясатын түзетуге көмектеседі. Атап айтқанда, өңірлік дамуы, білім, инновациялық саясат, шағын және орта бизнесті қаржыландыру, кәсіпкерлікке қатысты әкімшілік кедергілерді азайтуға, және кейбір басқа да мәселелер бойынша шешім қабылдауға әсер етті.

Кәсіпкерліктің жаһандық мониторингі қатысушы-елдерде кәсіпкерлік белсенділікті жыл сайын бағалайды. Қазақстан зерттеулерге қатысып, Орталық азия өңірінің жалғыз өкілі болып табылады. Қосымша ақпарат http://www.gemconsortium.org/ сайтында.

GEM жобасы аясында зерттеу жүргізу құрамына Жоғары Бизнес Мектебінің, Назарбаев Университетінің және Ұлттық Экономика Министрлігінің «Экономикалық Зерттеулер Институты» АҚ жанындағы ғалымдар кіретін ұлттық командамен жүргізіледі ( http://www.economy.kz/en/ ).

«Жаһандық кәсіпкерлік мониторингі: Қазақстан 2015/2016» есебі – бұл Қазақстан Республикасында 2015 жылдың екінші жартысында Назарбаев Университеті Жоғары бизнес мектебінің басшылығымен Экономикалық зерттеу институтымен ынтымақтастықта жиналған деректерге негізделген баяндама.

Зерттеуді барысында Қазақстанның 14 облысында және Астана мен Алматы қалаларында тұратын 18-64 жас аралығындағы 2100 адам сауалнамаға қатысты. Сонымен қатар Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің дамуына тікелей немесе жанама түрде әсер ететін тоғыз түрлі саланың 36 маманы сарапшылар ретінде сұхбатқа қатысты.  

GEM жаһандық зерттеуінің деректеріне сәйкес, Қазақстан Шығыс Еуропа мен Азия-Тынық мұхиты аймағындағы мемлекеттермен салыстырғанда кәсіпкерлік белсенділігінің әр түрлі көрсеткіштері бойынша жоғары орынды иеленуде. Сарапшылардың пайымдауынша, Қазақстан жаңа істі ашу үшін қажетті рәсімдерді қысқартты, салықтық ауыртпалықты төмендетті, кіші және орта кәсіпорындарға қолдау көрсетіп, кәсіпкерлік үшін тиімді физикалық, заң және коммерциялық инфрақұрылымды дамытты.

Дегенмен, қазақстандық кәсіпкерлер жаңа кәсіпорындарды құру мен дамыту кезінде әлі де кедергілерді сезініп отыр. Сарапшылардың пайымдауынша, нарықтағы бәсекелестік жағдайын жақсарту, кәсіпкерлік саласында білім алуға жағдай жасау, жемқорлықпен күресті жалғастыру және кәсіпкерлікті  қаржыландырудың мүмкіндіктерін кеңейту қажет.

Қазақстан тұрғындары кәсіпкерлікті оң бағалайтынын атап өту керек. Бүгінде Қазақстан тұрғындары кәсіпкерлерді сәтті тұлға ретінде қабылдайды.  Жастар кәсіпкерлікті жақсы мансап ретінде қарастырады. Қазақстанда сауалнамаға қатысқандардың 68,9% кәсіпкерлікті жаңа мүмкіндіктер ретінде қарастырады. Зерттеу барысында 52,1% қазақстандықтар өз ісін ашу үшін қажетті қабілеттері бар деп көрсетті. Әлеуетті кәсіпкерлер арасында жастар басым болып келеді және 25-34 жас аралығындағы азаматтар ең белсенді кәспкерлерге жатады. Зерттеу барысында кәсіпкерліктің гендерлік аспектілері де қарастырылды. Мысалы, ер адамдар кәсіпкерлікпен бизнес мүмкіндіктерді жүзеге асыру үшін айналысатын болса, әйел адамдар кәсіпкерлікке қажеттіліктен кіріседі.

Мәліметтерді сараптау барысында Қазақстанның бастапқы кезеңіндегі кәсіпкерлердің көпшілігі сауда саласында(46,6%), ауыл шаруашылығында (11,4%) және денсаулық сақтау, білім беру, мемлекеттік басқару мен әлеуметтік қызметтер саласында (17,6%) шоғырланғаны анықталды. Өңірлік тұрғыдан алғанда Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарындағы респонденттер жеке істі ашу бойынша сенімділік көрсетті. Сонымен қатар қала тұрғындарымен салыстырғанда ауыл тұрғындары өз ісін ашу бойынша және кәсіпкерліктпен айналасуда жоғары сенімділік танытады.

Зерттеу тобының басшысы – Дмитрий Ханин, Жоғары бизнес мектебі, Назарбаев Университеті

Зерттеу тобының мүшелері:

Жоғары бизнес мектебі, Назарбаев Университеті:

Патрик Дюпарк

Венката Суббан Субраманян,

Әсел Увалиева,

Еркен Тұрғанбаев

Айман Едігеева

Бақыт Оспанова

Экономикалық зерттеу институты:

Нұрлан Құлбатыров

Шыңғыс Турез

Динара Ақынбекова

Айжан Төлепбекова

GEM Қазақстан туралы қосымша ақпарат алу үшін бізбен хабарласыңыз, электрондық пошта: gsb_executiveeducation@nu.edu.kz 

Ұлттық баяндама 2015/2016:

KAZ_Web ENG_web RUS_Web