«Өзгерістерді басқару» семинарі

2017-06-14 16:55:37

16-18 қараша 2017

“Өзгерістерді басқару “, тренинг

Неліктен ұйымдардағы ілгерінді және мұқият ой елегінен өткен өзгерістер үлкен инвестициялар мен ақшаға қарамастан қиындыққа тап болып, мақсатына жетпейді?

Бұл жағдайда не істеу керек? Егер өзгерістерден бас тартсақ, жиналған қиындықтарды одан әрі күрделендіріп, бәсекеге қабілеттілігімізді жоғалтамыз. Егер ары қарай жылжығымыз келсе – өзгерістерді енгізу құралдарын игеруіміз керек.

Өзгерістерді басқару – бұл компанияларда өзгерістерді тиімді енгізуді үйрену мүмкіндігін беретін тренинг. Сіз өзгерістер қашан және не үшін керектігін білесіз, сәтсіздіктер себебін анықтап, кедергіні еңсерудің заманауи және өзгерістердің тұрақтылығына жетудің әдістерін игересіз.

Сіз үйренесіз:

  1. Өзгерістердің қажеттілігі мен ұйымның дамуындағы ролін бағалай аласыз;
  2. Өзгерістерді сәтті жүзеге асыруға қажетті құралдарды таңдайсыз;
  3. Сәтсіздіктер себебін анықтайсыз;
  4. Өзгерістердің кедергілерін тиімді еңсеру;
  5. Өзгерістерді тұрақты етесіз.

Тренинг бағдарламасы.

Тренинг бағдарламасы өзгерістер бойынша кез келген бастамада ескерілуі керек бес негізгі компоненттерді қамту керек:

  • КОНТЕКСТ – өзгерістер болып жатқан немесе орын алуы мүмкін кезде;
  • МАЗМҰН –контекстіні ескерумен өзгерістің қандай түрі қажет, сонымен қатар араласудың қандай түрі таңдалуы мүмкін;
  • ҮДЕРІС – таңдалған қай аралсу немесе әрекет өзгерістерге кедергіні еңсеруде жүзеге асырыла алады және олар табыс ықтималдығын қалай арттырады;
  • үдеріске КІМ тартылу керек;
  • Өзгеріс НЕ ҮШІН керек.

Тренинг кезінде сонымен қатар өзгерістерді қолдаудың заманауи әдістері қарастырылады. Осы мақсатта қатысушылар өзгерістер процесінің түрлі тұжырымдары және үлгілерімен танысады.

Кім үшін

Ұйымдар мен құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері;

  • Жоба жетекшілері мен менеджерлер;
  • Трансформация мен өзгеріс үшін жауап беретін жетекшілер;
  • HR мамандар.

Оқыту әдісі

  • Тәжірибелік+интерактивті оқыту
  • Тәжірибеден шынайы мысалдарды талдау
  • Топтық талқылау мен жаттығулар
  • Әр қатысушының әрекет жоспарын әзірлеу.

БАҒДАРЛАМА ОҚЫТУШЫСЫ

Стратегия және басқару профессоры Чет Боруки
Чет Боруки Назарбаев Университеті Бизнес жоғары мектебіне 2013 жылы 1 тамыз күні стратегия және менеджмент  профессоры және МВА бағдарламасы бойынша бірінші қауымдастырылған декан ретінде қосылды. Сонымен бірге Назарбаев Университетіндегі академиялық қызметіне қосымша Чет Боруки басқаруды дамыту бойынша маман, кеңесші, спикер, жазушы және  ұйымдастырушылық талдау, стратегияны әзірлеу және жүзеге асыруды ұйымдастыру, өзгерістер мен жоғары өнімділікті топтарды басқаруға негізделген фасилитатор болып табылады.

Ол Ameritech, British-American Tobacco, Carlsberg-Uzbekistan, Digital Equipment Corp., General Electric, Honeywell, Jac van Ham International BV, John S. Herold, Inc., Konami, Казақмыс, ING Bank, METRO Group, Panasonic, Nissan, Northern Telecom, Rijkswaterstaat (Нидерланды көлік, қоғамдық жұмыс және су ресурстарын басқару министрлігі) Royal Dutch Shell, Shiseido Co., LTD., Самрұқ-Қазына, Sybase, TRW, Torch Energy Advisers Inc. және Whirlpool Corp. секілді американдық, еуропалық, жапон және қазақстандық компаниялармен және өзі консультация жүргізіп, басқарушылық және/немесе зерттеушілік бастамалар әзірлеген компаниялармен жұмыс жасады.

Профессор Ч. Боруки Мичиган Университетінің Бизнес-мектебінде ұйымдастырушылық мінез-құлық және қызметкерлерді басқару бойынша PhD дәрежесін (1989 ж.), сонымен қатар ұйымдастырушылық психология саласында Магистр дәрежесі (Мичиган Университеті, 1984 ж.), іскери басқару магистрі (МАВ) дәрежесі (Массачусетс университеті, 1978 ж.) және психология бакалавры (Массачусетс университеті, 1975 ж.) дәрежесі бар.

Бұрын ол Нидерландыда TIAS бизнес-мектебінде МВА бағдарламалары бойынша қауымдастырылған декан және академиялық директоры лауазымын, ЕМВА бағдарламасының директоры (Temple University, Жапония), Халықаралық менеджмент жоғары мектебінің деканы лауазымдарын иеленген (Жапония халықаралық университеті). Сонымен қатар Чет Боруки Сеул ұлттық университетінде, Ньенрод университетінде (Нидерланды бизнес мектебі) және Нью-Йорк университетінде түрлі академиялық қызметтерде жұмыс жасаған.

Танымал курстар арасында ол стратегиялық менеджмент, өзгерістерді басқару және ұйымдарды талдау курстарын оқытқан.

 Бағдарлама кестесі

1-КҮН

08:30-09:00

Тіркеу

09:00-10:30

Өзгеріс кезеңін баптау: контекст, контент және процесс үлгісі

10:30-11:00

Үзіліс

11:00-13:00

Ойжұмбақ: Ұйымдастырушылық проблемаларды ұйымдастыру

Теория және жаттығу

13:00-14:00

Түскі асқа үзіліс

14:00-15:30

І контекст: Қоршаған орта және өзгерістердің қозғаушы күштері

Теория және жаттығу

15:30-16:00

Үзіліс

16:00-18:00

ІІ контекст: Ішкі ұйымдастырушылық құрылым және өзгерістерді қолдаудың негізгі құзыреттіліктері

Теория және жаттығу


2
-КҮН

09:00-10:30

І мазмұн: Өзгерістер түрі – эволюциялық және революциялық

Теория және жаттығу

10:30-11:00

Үзіліс

11:00-13:00

II мазмұн: Араласу- анықталған проблемаларды жою бойынша әрекеттер

Теория және жаттығу

13:00-14:00

Түскі асқа үзіліс

14:00-15:30

I процесс: Үлгілер мен кезеңдер процесі

Теория және жаттығу

15:30-16:00

Үзіліс

16:00-18:00

II процесс: Үлгілер мен кезеңдер процесі

Теория және жаттығу


3
-КҮН

09:00-10:30

III процесс: Тартылған тараптарды талдау және кедергіні еңсеру  Теория және жаттығу

10:30-11:00

Үзіліс

11:00-13:00

Табысты өлшеу және өзгерістер тұрақтылығы

Теория және жаттығу

13:00-14:00

Түскі асқа үзіліс

14:00-16:00

Барлығын жинақтау: сіздің әрекет жоспарыңыз.

Бағдарламаны аяқтау.

Орны: Астана қ., Назарбаев Университтетінің Бизнес жоғары мектебі  

Күні: 16-18 қараша  2017 жыл

Бағасы: 230 000 теңге

Барлық оқу материалдары бағдарлама бағасына енгізілген.

Біздің байланыс ақпаратымыз:

Арайлым Кадырова
+7 7172 69 45 74
+7 701 214 7776
arailym.kadyrova@nu.edu.kz 

Еркен Турганбаев
+7 7172 70 91 81
+7 777 274 9756