Өзгерістерді басқару

2017-01-20 15:21:43

«Назарбаев Университеті» БББҰ Жоғары бизнес мектебі Дженерал Электрик (GE) компаниясымен серіктестікте «Өзгерістерді басқару» семинарын өткізеді

 «Өзгерістерді басқару» (Change Acceleration Process – CAP) курсы қатысушыларын ұйымдастырушылық өзгерістер арқылы адамдар мен командаларды нәтижелі басқаруға қажетті білім, дағдылар мен құралдармен қаруландыратын 3-күндік семинар формасында өткізіледі.

Өзгерістер болмай қалмайды және барлығына бизнес нақтылық болып табылады. Өзгерістің сәттілігі мен оның адами жағын басқаруда жасалған жұмыс арасында тікелей байланыс бар. Бизнес пен бәсекелестік реалиялары мәселелерін шешуге көмектесуге бағытталған өзгерістерге миллиондаған қаржысын жұмсайтын компаниялар бар. Бұл өзгерістер «жерсінбесе» бизнес азап шегеді, ал өзгерістерді енгізуге әрекеттенген инвестициялар жоғалып кетеді. Бұған қоса, өзгерістердің адами жағын басқару қызметкерлерді қанағаттандыру және ұстап қалуда маңызды рөл атқарады.  Осы барлық себептерге байланысты өзгерістердің адами жағын басқару тек жасауға дұрыс нәрсе емес, бизнестің аса қажеттілігі.

Бағдарламаның құрылыми

«Өзгерістерді басқару» семинары интерактивті оқыту мен алынған білімді GE-де қазіргі уақытта жүргізілетін өзгерістер бойынша нақты проекттерге қолданудың үйлесімі болып табылады.  GE-де сыналған шынайы САР процесстері ауызша талқылау, топтық жұмыс және диалог арқылы зерттеледі.  Әр элементке шолу жасалған соң қатысушылар топтарға бөлініп, топтары таңдаған нақты өмірден алынған проекттерге меңгерген білімдері мен құралдарын қолданады. Әр қатысушыға өз командасын меңгерген құралдары арқылы басқару және өзгерістерді басқару дағдылары бойынша конструктивті кері байланыс алу мүмкіндігі беріледі. Сессия семинар барысында меңгерілген барлық білім, шеберлік және дағдыларды қолданып жасалған топтың проектісі презентациясымен аяқталады.

Кім үшін

Егер Сіз адамдардың, проекттердің немесе топтардың көшбасшысы болсаңыз (немесе болуға қызығушылық танытсаңыз) – соның ішінде құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыруға бастамашылық жасасаңыз – «Өзгерістерді басқару» семинары Сіз үшін. Барлық менеджерлер мен басшылар өзгерістерді нәтижелі басқарудың адами жағын және бұл процесстің бизнесте сәтті нәтижелерге жетудегі сыни рөлін зерттеуден пайда алады. 

Пайдалар

CAP өзгерістердің адами жағын басқарудың тексерілген моделі болып табылады. «Өзгерістерді басқару» семинары барысында Сіз неліктен өзгерістердің адами жағын басқару өзгерістердің сәттіләгіне және жасалған әрекеттердің нәтижелілігіне жету үшін соншалықты маңызды болып табылатынын, модельдің элементтері қандай және өзгерістерді нәтижелі басқаруды қолдаушы құралдарды қалай қолдану керектігін білесіз. Сіз сәтті өзгерістер командасының, мүдделі тараптарға қарсы тұру және өзгерістер процессін жеңілдету үшін стратегияларға әсер ету рөлін және құраушыларын түсінесіз. Курс қолдау және дайындық деңгейін өлшеу үшін метрикаларды енгізудің маңыздылығына, сонымен қатар құрылымдық өзгерістердің тұрақтылығын қамтамасыз ету стратегияларына ерекше көңіл аударады.

Өткізілу орны: Назарбаев Университеті Жоғары бизнес мектебі, Астана қ.

Өткізілу күндері: 2017 жылғы 5-7 cәуір

Регистрация