Duke Corporate Education және Visa мемлекеттік саясат мектебі Назарбаев Университеті Бизнес жоғары мектебімен бірге Астана қаласында 2017 жылдың 31 мамыры мен 2 маусымы арасында «Өзгермелі төлем әлемі: саясат пен реттеуге әсері» атты семинар ұйымдастырады.

Бұл бағдарлама Орталық Азия елдері мен Кавказдың регуляторларын төлемдер әлеміндегі ағымдағы өзгерістің салдарын және болашақ өзгерістерді талқылау үшін біріктіреді. Бұл оларға  төлем кеңістігіндегі инновацияларымен қозғалтылған туындаушы үрдістерді және өзгермелі бизнес үлгілерді жақсы түсіну мүмкіндігін береді.

Бағдарламаның негізгі тақырыптары:

– жаһандық және аймақтық ауқымда туындаушы төлем индустриясының контексті;

– саланың басты ойыншылары, соның ішінде Fintech-инновациялар мен іркілістер;

– қауіпсіздік және тәуекелділік;

– ведомствоаралық серіктестік;

– саясат әзірленімдері және реттеудің салдары.

1 маусым күні өтетін «Fintech Technology Showcase» көрмесінде қатысушылар бірқатар технологиялық компаниялармен ұсынылған Finteсh-индустрияның заманауи жағдайымен таныса алады.