Панельдік талқылауда Бизнес жоғары мектебінің нәтижелері мен Қазақстандағы кәсіпкерлікті дамыту бойынша спикерлердің пікірі ұсынылды.

2017-06-01 16:47:34

2017 жылы 1 наурыз күні Назарбаев Университетінің Бизнес жоғары мектебінде Қазақстандағы кәсіпкерлікке арналған панельді талқылау өтті.

IMG_3853

Панельді талқылауда «Атамекен» ҚР ұлттың кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары – Рустам Журсунов, I2BF Global серіктесі және VTB Capital Қазақстандық кеңсесінің басшысы – Адиль Нургожин, Қазақстанның Іскери әйелдері қауымдастығының мүшесі, BIG NAME директоры және негізін қалаушылардың бірі – Азиза Шужеева, Бизнес жоғары мектебінің қауымдастырылған профессоры,  GEM Kazakhstan ұлттық командасының басшысы – Дмитрий Ханин және Бизнес жоғары мектебінің қауымдастырылған профессоры – Марек Йохец.

IMG_3822

Талқылау барысында Дмитрий Ханин «Кәсіпкерліктің жаһандық мониторингісі (GEM)» 2016/17 нәтижелерін және Қазақстанның 2015/2016 GEM ұлттық есебінің нәтижелері презентацияланды. Презентация барысында әлемдегі және Қазақстандағы кәсіпкерлікті дамытудың жетістіктері мен проблемалары айтылды. Спикерлер панельдік талқылауда елдегі кәсіпкерлік жағдайын және олардың пікірінше кәсіпкерлердің жолығатын сын-тегеуріндерін белсене талқылады.

IMG_3838

Панельдің талқылау барысында Рустам Журсунов GEM зерттеулерінің нәтижелері тұтас алғанда Атамекен ҰКП жүргізетін іскери климатты игеру нәтижелерімен үйлеседі. Спикердің пікірінше, жекешелендіру арқылы мемлекеттің экономикаға қатысу деңгейін азайту, кәсіпкерлер үшін қаржыландыру мүмкіндіктерін кеңейту, салық жүктемесін азайту және кәсіпкердің қоғамдағы оң бейнесін ұстап тұру Қазақстандағы кәсіпкерлік белсенділіктің артуына жақсы әсерін тигізеді.

Азиза Шужеева кәсіпкерлік мәселелері туралы сөз қозғай отырып, қазақстандық компаниялардың жарнамаға шығындарын азайту призмасы арқылы көрінетін іскери белсенділіктің төмендегенін атап өтті. Шужеева ханымның пікірінше, кәсіпкерлік белсенділікті арттыруда бизнес білімді дамыту және әсіресе, жастар арасында креативтілікті ынталандыру үлкен роль атқарады.

IMG_3914

Сонымен бірге спикерлер өсу потенциалына ие кейбір салаларды атап өтті. Адиль Нургожиннің пайымдауынша, электронды коммерция және сандық экономиканың өзге салалары дағдарысқа қарамастан өсуде. Жергілікті кәсіпкерлерге  өз бизнесін дамыту үшін жаһандық трендтерге назар аударған жөн.

Кәсіпкерліктің жаһандық мониторингісі бойынша презентация және панельдік талқылаудың өзге материалдары Бизнес жоғары мектебінің сайтында қолжетімді.