Қазақстанның қаржы нарығы «әркім өзі үшін» әрекет ететін заң орнаған алаңға айналмауы керек

2017-11-01 17:16:45

Қазан айының басында Чикаго Университетінің профессоры Ричард Талерге адамдардың экономикалық мінез-құлқының анағұрлым шынайы үлгісін сипаттағаны үшін нобель сыйлығы тағайындалған болатын. Осы тақырып бойынша профессордың бір мақаласының бірлескен авторы Назарбаев Университеті Бизнес жоғары мектебінің экономисті және профессоры Герит Тьери Пост болды. Vласть профессормен оның Талер зерттеулеріндегі ролі, адамның шектеулі рационалдылығының үлгісін қолдану және Қазақстан үшін маңыздылығы туралы сұхбаттасты.

Профессор Пост, сіз Ричар Талердің Нобель сыйлығы тағайындалған зерттеулеріндегі өз роліңіз туралы айтып бере аласыз ба? Сіздің алдыңызда қандай міндеттер тұрды?

Профессор Талер 40 жылдан астам уақыт экономикада психология орнын анықтау үшін еңбек етті. Ол жеке тұлғалардың шешім қабылдау процесінің экономикалық және психологиялық талдауы арасында көпір тұрғызды. Дәстүрлі экономика адамның рационалды мінез-құлқын бекітуге негізделген және негізінен, адамның миы суперкомпьютер секілді жұмыс жасайды және ең күрделі мәселелерді де шеше алады деп шамалайды. Бұл мүмкін еместігі анық. Біз адам болмысының когнитивті шектеулері мен эмоциялары бар екенін білеміз.

Маған келетін болсақ, мен професордың он жыл бұрын American Economic Review журналында жарияланған зерттеулерінің авторы болдым. Зерттеу бірнеше себептер бойынша сәтті шықты – ол сан рет академиялық еңбектерде дәйектеліп, БАҚ-тың жеткілікті түрде кең назарын аудартты. Өз зерттеуімізге біз бірнеше жаңалық енгіздік: мінез-құлықтық зертханадағы студенттермен тәжірибелер және миды сканерлеумен байланысты медициналық мектептегі тәжірибелер, ол адамның мінез-құлқындағы неврологиялық процестерді түсіну үшін керек болды. Сонымен қатар біз ойын телевизиялық шоуын талдау кезінде бірнеше табиғи тәжірибелер жүргіздік. Бізде Эндемол есімді телепродюсердің бірегей мәліметтер жинағына қолжетімділік болды. Ол миллиондық ұтыс қоры бар телеойындардағы қатысушылардың мінез-құлқына байланысты болды. Бұл нәтижелерді зерттеумен біріктіріп, біз мінез-құлықтағы сенімдер мен шешім қабылдаудағы қателіктер туралы қызықты эмпирикалық мәліметтер ұсындық.

Зерттеу сол кездері табысты болды және он жылдан кейін де сол қалпында қалды. Біздің ғылыми бағытымыздың негізін қалаушы- әкесі үлкен сый алғанын ұғыну көңілге жағады. Бұл хабарды естігенде езуім жиналмай, өз-өзімді он сантиметрге биік сезіндім. Десек те, бұл психология саласындағы зерттеулер үшін тағайындалған экономика бойынша екінші Нобель сыйлығы. 2003 жылы оны профессорлар Даниэль Канеман және Вернон Смит алған болатын. Бұл ғылымдағы уақыт өзгеретінінің бірінші белгісі.

Мақаланың толық нұсқасын vlast.kz сайтында оқи аласыз.