Қазіргі уақытта Райымқұлова Айгүл НУ ЖБМда академиялық доцент болып жұмыс істейді. НУ ЖБМ командасына келгенге дейін ол Қазақстан Электр желілерін басқару компаниясында (KEGOC) жетекші маман болды; Экономика министрлігінің жанындағы Халықаралық Экономикалық зерттеулер институты және бюджеттік жоспарлау ғылыми-зерттеу бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. Ол халықаралық және отандық жобаларды зерттеу, сондай-ақ халықаралық ғылыми-зерттеу нарығын саралау саласында қарқынды жұмыс істеді.

Ол Оксфорд Брукс университетін бітірген, бизнес және бухгалтерлік есеп саласында магистр дәрежесіне (үздік) ие болды. Сондай-ақ, ол Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін қаржы менеджменті бакалаврын (үздік) бітірді. Ол WIEF, Net4Society, ТACIS бағдарламаларында көшбасшылық дағдыларын меңгерген. Айгүл әлеуметтік ғылым, оқу, йога және қайырымдылықпен қызығады.