Рүстем Садыков қазіргі уақытта Назарбаев Университеті Жоғары бизнес мектебінде академиялық әріптес болып жұмыс істейді. Рүстем жақында Стокгольм экономика мектебіне қаржы саласындағы докторлық бағдарламаға оқуға түсті. НУ ЖБМ командасына келіп қосылғанға дейін ол Қазақстанның Даму банкінде менеджер болып, Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің Экономикалық зерттеулер институтының аға сарапшысы, сондай-ақ «Қазақстан» телеарнасында халықаралық жаңалықтардың редакторы болып жұмыс істеді, және жастар саясатына араласты. Ол Нью-Йорк университетінде алған қаржылық мамандануымен мемлекеттік басқару магистрі дәрежесіне, Еуразия ұлттық университетінде алған саясаттану саласындағы магистр (үздік) және бакалавр (үздік) дәрежелеріне ие, сол сияқты ол қаржы және банк ісі (Леонард Н. Штерн бизнес мектебі), сондай-ақ макроэкономика (Вена Біріккен институты/ХҚФ) саласында тренингтен өтті. Рүстемнің қызығушылықтары математикалық қаржыландыру, экономикалық модельдеу, ақша-кредит саясаты, мұнай экономикасы және корпоративтік стратегияны қамтиды. Оның әуестігі: шахмат, интеллектуалдық ойындар, гитара және француз тілі.