«SAP Казахстан» және АОО «Назарбаев Университеті» ДБҰ арасында меморандумға қол қойылды.

2017-06-01 10:57:51

24 мамыр күні Астананың SAP форумында «SAP Казахстан» және  «Назарбаев Университеті» ДБҰ арасында өзара келісім туралы меморандумға қол қойылды. Әлемдегі жетекші ІТ- компаниялардың бірі болып табылатын SAP және Қазақстандағы жетекші зерттеушілік университет «Назарбаев Университеті» ДБҰ фундаменталды, қолданбалы және студенттік зерттеулердің бірқатар жобалары бойынша бірлесіп жұмыс жасау туралы келісімге келді.

SAP 1

Меморандум мақсаты Қазақстан Республикасының еңбек нарығы үшін жоғары білікті мамандарды дайындау саласында серіктестікті дамыту және «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында серіктестікті дамыту болып табылады. Сонымен қатар Назарбаев Университетінде Стэнфорд университетімен серіктестікте әзірленген, студенттер өз күштерін компаниялардың нақты бизнес-міндеттерін шешуде сынай алатын «Жаңа буынның инновациялар зертханасы» құрылатын болады.

SAP2

Астана SAP форумы – бұл заманауи ұйымдар қызметінің тиімділігін және өнімділігін арттыруға мүмкіндік беретін сандық технологиялардың мүмкіндіктерін талқылау үшін компаниялардың басшыларын және иелерін, бизнес және АТ басқару бойынша сарапшыларды біріктіретін Қазақстандағы SAP ірі іскери шарасы. SAP Forum – бұл жаһандық бастама. Ұқсас форматтағы форумдар бүкіл әлем бойынша өтеді.