Астана, 15-16 маусым 2017

Назарбаев Университеті Жоғары бизнес мектебінде «Бизнестің өсуін қаржыландыру» тақырыбына семинар өтеді.

Семинар мақсаты

Бұл семинар қаржыландыру қажеттілігін негізді ғылыми-талдау, сонымен қатар Қазақстан нарығының заманауи даму жағдайларында тарту үшін қажетті дағды мен білімдердің шолуын беру. Ол аналитикалық құралдарды, экономикалық субъектілер арасында алдыңғы тәжірибені және өзара қарым-қатынасты  құрылымдауды қалайтын тыңдаушыларға арналған. Мұндай құрылымдау коммуникацияны жақсарту, сонымен қатар осы субъектілер арасында қажеттіліктер мен тәуекелдерді түсінуді жақсарту арқылы қаржылық капиталды тарту және тиімді пайдалану мүмкіндігін береді.

Семинар барысында біз ақша ағынын болжау, ақшалардың уақытша бағасы, пайыздарын есептеу, тәуекелді бағалау, инвестициялау негіздері, кредиттік ұсыныстардың мерзімі мен пайыздарын есептеу, капитал құрылымы, инвестициялық жобалардың тартымдылығын есептеу секілді қаржылық тұжырымдарды және өзге релевантты тұжырымдарды талқылайтын боламыз.

Бұл семинар кімдерге арналған?

Семинар бизнес өсуін қаржыландыруды тарту бойынша стратегиялық жоспарлармен тікелей айналысатын немесе оларды бекітетін тыңдаушылар аудиториясына бағытталған. Мұндай тыңдаушыларға, әдетте, шағын бизнестің кәсіпкерлері, инвесторлар мен орта бизнес басшылары, сонымен қатар ірі бизнестің қаржылық және экономикалық дирекциясының басшылары жатады.

Дәріс беруші талқыланатын тақырыптарды ескере отырып, мүмкіндігінше талқылау мен жаттығуларды көпшілікті түсінікті тілде және қолжетімді терминологияда түсіндіруге тырысады. Сондықтан қаржы саласындағы ілгерілемелі білімнің болуы міндетті емес, дегенмен негізгі экономикалық, қаржылық немесе бухгалтерлік білімнің болғаны жақсы.

Сіз не аласыз?

Семинарды аяқтағаннан кейін тыңдаушылар келесі мәселелерде білім мен дағдыларын жақсартады деп күтілуде:

  • Қызметті, ресурстар мен жоспарларды қаржылық талдау арқылы қаржыландыру қажеттілігін анықтау;
  • Бизнесті қорландырудың оңтайлы құрылымын іздеу және қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді капитал көздері;
  • Қаржылық және операциялық тәуекелге тартылған капиталдың потенциалды пайдасын қатынастыру;
  • Кредиторлар мен инвесторлардың кредит қабілеттілігін және бизнес тартымдылығын бағалау кезінде негізгі мақсаттарын түсіну;
  • Ақпараттық бизнес жоспар құру арқылы потенциалды кредиторларға және инвесторларға ақпаратты тиімді жеткізу.

Лектор

davlat_abduvali

Давлатбек Абдувалиев Назарбаев Университеті Бизнес жоғары мектебінде қаржы профессоры болып табылады. Оның стратегиялық және операциялық деңгейдегі түрлі компаниялардың қаржылық құрылымдарын басқаруда көп жылдық тәжірибесі бар. Ол қорландыру, бизнес бағасын анықтау, қаржылық басқару жүйесін енгізу және жоспарлау, сонымен қатар басқарушылық және қаржылық есептілікті жақсарту бойынша ірі консалтингтік жобаларға қатысып, басқарды. Давлатбек сонымен қатар банкілік құрылым, мұнай газы, құрылыс, сауда, өндірістік және сервистік компаниялар секілді салалардың компаниялары үшін қаржылық тақырыптарға семинарлар, тренингтер мен мастер-кластардың көпшілік санын жүргізді. Оның Alliance Manchester Business School (University of Manchester) бизнес және медежментте докторлық (PhD) дәрежесі, Zarb School of Business (Hofstra University) магистрлік дәрежесі (МВА) бар, сонымен қатар ол ACCA (Association of Certified Chartered Accountants) тұрақты қатысушы мүшесі болып табылады.